САУРАН: ШАҒАҒА ЖАҢА ЕМХАНА МЕН БІЛІКТІ ДӘРІГЕРЛЕР ҚАЖЕТ

САУРАН: ШАҒАҒА ЖАҢА ЕМХАНА МЕН БІЛІКТІ ДӘРІГЕРЛЕР ҚАЖЕТ

Бұл мәселені Шаға ауылдық округінің тұрғындары аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың есепті кездесуінде көтерді. Халық санының өсуіне байланысты емхана тапшылығы сезіледі. Басы ауырып, балтыры сыздаған тұрғындар ақылы емханалардың есігін тоздырып жүрген көрінеді. Себебі, ескі емханада білікті дәрігер тапшы. Жедел жәрдемнен үміт үзген тұрғын көп. Уақытылы қызмет көрсетпейді деп шағымданды тұрғындар. Инвотакси қызметі іске қосылса деген тұрғындар да болды. Сала мамандарының айтуынша мәселе келер жылдан бастап қолға алынады. Кезеңімен шешіледі.
Шаға ауыл округінде жарық мәселесі өзекті. Қазақтанның 30 жыллығы елді мекенінде электр желісі жетіспейді. Салдарынан жарық жиі өшеді. Электр желілерін жаңартуды сұрады тұрғындар. Асфальт төсеу, елді мекендерге ауыз судың уақытылы берілуі, жайылымдық және суармалы жерлердің жетіспеуі. Бұл тұрғындар талабы. Сонымен қатар, көшелерді жарықтандыру, жастар демалатын және қоқыс тастайтын арнайы орынның қажеттілігі де айтылды.
Халықпен кездесу барысында: - Алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Басты міндетіміз аудан тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында жұмыстар жалғасын табатын болады. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларының әрі қарай тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, жаңа кәсіпорындар ашу, жұмыс істеп тұрған қуаттарды кеңейту есебінен аудан экономикасын көтеру, жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша жұмыстар атқарылып, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге жүйелі жұмыстар атқарамыз,-деді аудан басшысы Ғалымжан Қарабайұлы.
Басты міндет - ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсартып, мәдениетін көтеру, тұрғындардың тұрмысын түзеу. Жергілікті әкімдік Президент тапсырмасын жүзеге асыруда қарымды тірлікке көшкен. Ауылдағы жұртшылықтың жай-күйі жақсарса одан артық қуаныш бар ма? Аудан әкімі жиын соңында тиісті сала басшыларына тапсырмалар беріп, орындалуын қадағалауды тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Креативті индустрияларды дамыту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі, бұл сала Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. «Креативті индустрия...

Премьер-министр Олжас Бектенов химия және металлургия салаларында жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластер құруға бағытталған ірі өнеркәсіп...