САРЫАҒАШ: ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІНДЕ КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАБУДА

САРЫАҒАШ: ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІНДЕ КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАБУДА

Барлығы ашық болуы тиіс! Осылай деген аудан әкімі Арман Абдуллаев ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы М.Байгабуловқа арнайы тапсырма жүктеді.
-Тұрғын үй кезегі базасында тіркелген азаматтардың тізімін қағазға шығарып, бөлімнің арнайы ақпараттық тақтасына іліп қойыңдар деп бірнеше рет ескерттім. Себебі, ауданда тұрғын үй кезегінің базасы жалғыз сіздерге қолжетімді болғандықтан, тұрғындар тұрғын үй кезегіндегі реттіліктерін ашық көре алуы керек,-деді аудан басшысы Арман Абдуллаев.
Айта кетсек, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының аудан тұрғындарымен кездесуінде Р.Ермуратова тұрғын үй кезегі бойынша мәселе көтерген болатын.
Осыған орай, бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев аудан тұрғыны Р.Ермуратовамен біргелікте ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің базасында тұрғын үй кезегін арнайы барып көрді. Сонымен қатар, тұрғын үй кезегіне төрт санат бойынша тіркелген азаматтардың тізімін біргелікте қарап шықты.
Аудан тұрғыны Р.Ермуратова өзінің мәселесіне құлақ асып, көтерген мәселесіне мардымды жауап берген аудан басшысына өз ризашылығын білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарындағы су шаруашылығы жағдайымен және...

Елордада Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары, ведомствоға...