САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ АРМАН АБДУЛЛАЕВ ТҰРҒЫНДАРМЕН БІРГЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ АРМАН АБДУЛЛАЕВ ТҰРҒЫНДАРМЕН БІРГЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Жібек жолы ауылдық округі, Жібек жолы елді мекеніне арнайы барып, Р-1 каналындағы жағдай бойынша тұрғындармен кездесті.
Айта кетсек, Р-1 каналының суы «Сарыағаш-тұрмыс» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны тарапынан Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Жібек жолы, Жаңатұрмыс, Дихан баба және Жемісті елді мекендеріне техникалық су ретінде берілуде.Тұрғындар тарапынан Р-1 каналының бүгінгі жағдайы туралы мәселелер көтерілді.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатқандығын және аталған мәселелер өзінің тұрақты бақылауында екенін жеткізді.
Сонымен қатар, тиісті бөлім басшыларына судың сынамасын 3 күн қатарынан алып, зертханалық сынамаға жіберуді және судың басындағы кезекшілікті күшейтуді тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қостанайға жұмыс сапары барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е.Нағаспаев өңірдегі бірқатар өндірістік нысандарды аралады. ​Министр Индустриалды аймақтағы Kia...

Мәртебелі меймандар Қаржы орталығының жетістіктерімен танысты. Сондай-ақ АХҚО Соты, Қаржы қызметін реттеу комитеті, биржа және Халықаралық төрелік...