САЙРАМ: ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ ОРЫНДАЛДЫ

САЙРАМ: ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ ОРЫНДАЛДЫ

Бүгінде Қарасу ауылдық округіне қарасты аудандық маңызы бар А.Байтұрсынов көшесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бірақ жаяу жүргіншілер жолының жөндеу жұмыстарына тұрғындар кемшіліктер анықтап, мәселе көтерді. Белгілі болғандай, жаяу жүргіншілер жолы биік етіп жасалған, салдарынан жауын-шашын кезінде тұрғындардың үйлеріне су әкеледі. Бұл ретте аппарат басшысы Айбек Ақылбекұлы тұрғындармен кездесіп жауапты мердігер мекемеге қайта қалпына келтіруді тапсырды.
Айта кетейік, жобада жаңадан асфальт жол салу, тротуар, электр бағаналарын жүргізу қаралған. Сметалық құны 103 млн. теңге. Аталған құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Алем Транс Жол»ЖШС жүргізуде.
Сонымен қатар, тұрғындардың өтінішіне сәйкес, ағын суды «Қарасу-Ақбай» каналына қарай бағыттап қосымша лоток орнатылатын болып шешім қабылданды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарындағы су шаруашылығы жағдайымен және...

Елордада Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары, ведомствоға...