Бүгін аудан әкімі Арман Сәбитов кезектілік тәртібімен жазылған 14 тұрғынды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Жеке қабылдауда Қарасу ауылы, Ақбай ауылының тұрғыны З.Хусанов көшесіндегі электр қуатының төмендігіне шағымданды. Мәселені шешу мақсатында жалпы құны 23 млн 370 мың 822 теңгеге сметалық құжат әзірленіп, Сайрам аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ұсыныс жолданды.
Сонымен қатар, жер, ауыз су және жеке мәселелер қаралды. Сондай-ақ қабылдауға Ақсукент ауылында орналасқан өзіне тиесілі дүңгіршекті бұзуға қарсылық білдірген азамат кірді. Бұл ретте дүңгіршек қызыл сызық аумағында орналасқандығы, бұзылуға жататындығы атап өтілді.
Осы уақытқа дейін А.Сәбитов 54 азаматпен кездесіп, олардың өтiнiш-тiлектерiн тыңдағанын атап өткен жөн. Аудан басшысы тұрғындар тарапынан айтылған барлық мәселелер бақылауында болатындығын жеткізді.