Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында жалпы саны 105 ашық спорт алаңшасы бар. Биылғы жылы тағы 2 ашық спорт алаңшасын салу жоспарланған болатын. Соның бірі Береке шағын ауданындағы 276 орамда ашық спорт алаңшасы бюджет есебінен салынып, тұрғындардың пайдаланыуына тапсырылды.
Соңғы үш жыл ішінде аудан аумағында 41 спорт алаңшасы соғылып, халыққа пайдалануға берілді.
Қаламыздың жастарын спортқа баулу мақсатында, алдағы уақытта аудан көлемінен осындай ашық спорт алаңдарының санын көбейту жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында Шымкент қаласының Еңбекші ауданында кезекті рет «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске қосылды.
“Халық қатысатын бюджет” жобасы аясында Еңбекші ауданынан қарасты Ш.Уәлиханов көшесі №188 Б көпқабатты тұрғын үй ауласына балалар ойын алаңшасы орнатылды.
Жобаның мақсаты Еңбекші ауданының аумағында:
- Аумақты көгалдандыру;
- Тротуарларды жайластыру;
- Тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
- Ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер);
- Бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;
- Қоқыс тастайтын жерлерді жою;
- Ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;
- Аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру жұмыстары бойынша жергілікті бюджет қаражатын бөлу процесіне қала тұрғындарын қатыстыру арқылы қалалық бюджетті қалыптастырудың ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.