Бүгін қала әкімі М.Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында мегаполис аумағын қардан тазалау жұмыстары талқыланып, дайындық барысы пысықталды. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы тарапынан маусымдық жұмыстардың кешенді жоспары таныстырылды.
Бүгінде жекеменшік әріптестерде қысқы маусымда қардан тазарту жұмыстарына жұмылдырылатын 126 арнайы техника сақадай сай тұр. Онымен қоса жеке кәсіпкерлердің 30-ға жуық техникасын пайдалану бойынша келісім шарт түзілген. Өткен жылмен салыстырғанда техника саны 87 данаға артып отыр.
Қазан айында қосымша техникалар сатып алу жоспарлануда. Жалпы, қар күреу жұмыстарына, инертті материалдар мен қарды тасымалдауға тиісті қаражат қаралған. Қардан тазарту жұмыстары әр ауданда 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады.
М. Дүйсенбекұлы жауаптыларға тазалық жұмыстарының кестесін талапқа сай пысықтауды және арнайы техникалардың қажіттіліктерін нақты анықтауды тапсырды. Сондай-ақ осыған дейін жіберілген кемшіліктерді зерделей отырып, өзекті мәселелерді шешу қажеттігін ескертті.
Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты саябақтардың ирригациялық жүйелерін тазалау жұмыстары жалғасуда.
Атап айтқанда Наурыз, Жайлаукөл, Абай саябақтары мен Шәмші, Нұрсат гүлзарлары және Ордабасы алаңында тазалық жұмыстары жүргізіліп, ағаш көшеттері отырғызылуда.
Сонымен қатар қала аумағындағы басқармаға қарасты 37 субұрқаққа консервациялау жұмыстары жүргізілді.
Атқарылып жатқан жұмыстар басқарма тарапынан қатаң бақылауда. Мердігер мекемеге қарасты 300 жұмысшы, 52 дана арнайы техника жұмылдырылған.
Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен өткен есепті кездесуінде аудан әкімі санитарлық тазалық және көгалдандыру жұмыстарының барысы туралы баяндаған болатын.
Тазалық жұмыстарын жүргізу үшін аудан 7 секторға бөлінген. Мұнда ішкі орамдық көшелер аптасына 2 рет, 172 қоқыс жәшігі күніне 3 рет, 425 қоқыс жәшігі күніне 2 рет, көп қабатты тұрғын үй аулалары аптасына 4 рет қоқыстан тазартылады.
Көгалдандыру және жасыл желектерді күтіп ұстау мақсатында биыл 6 ай көлемінде: 1750 дана ағаш қырқылған, 11 420 ағаш әктелген, 100 413 дана гүл және 3300 ағаш отырғызылған. Жыл соңына дейін 180 мың түп гүл, 8 мың ағаш отырғызу жоспарланған.