Өткен жылғы көрсеткіштер бойынша Түркістан қаласында жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 333,6 шқ. (39,5 %) құраған болатын.
2023 жылы аталған көрсеткіштерге едәуір өзгеріс енді.
Жыл басынан бергі орындалған жөндеу жұмыстарының нәтижесінде асфальт жолдың үлесі - 399,34 шқ (47,2%), тас жолдың үлесі- 445,6 шқ (52,8%) жеткен.
Көрсеткіштер бойынша, 48 көше орташа жөндеуден өтіп, Ә.Жангелдин, І.Қожабаев, Қазыбек би – О.Жарылқапов аралығындағы жол мен Қалаби көшесіне күрделі жөндеу жалғасуда.
Одан бөлек, Теміржол вокзалы және Түрік ауылы аумағында жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы басталды.
Сондай-ақ, тұрғындар жайлылығын қамту үшін биыл 43 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол салу жоспарланған болатын.
Қазіргі таңда, 38 көшеде жаяу жүргінші жолы салынды. Аталған жұмыстардың дені әлеуметтік нысандар орналасқан көшелерде жүзеге асты.
Жыл басынан бері, шаһарда 78 шақырымды құрайтын 79 көшеге тас төселді.
Қоғамдық көліктер қатынасы бойынша тұрғындар сұранысына сәйкес бірқатар бағыттарға өзгерістер енгізілді. Соңғы бес жылда облыс орталығына жалпы 134 жаңа автобус әкелінген.
Сиымдылығы жоғары жаңа автобустар №1, 1а, 2а, 6, 10, 14, 15, 17, 18, 20, 30, 5, 5а бағыттарында іске қосылып, қосымша №16 бағыт жұмысын бастады.
2023 жылы шаһардағы жарықшаммен қамтылған көшелер үлесін 86 пайыздан асыру жоспарланып, биыл 184 көшеге жарықшам орнатылды.
Жалпы қала аумағында 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар.
2018 жылы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 23,5 пайызды құрайтын немесе 199 шақырым жолдар асфальтталған болатын.
Биылғы меже - бұл көрсеткішті 39,5 пайызға жеткізу, яғни асфальтталаған жолдардың ұзындығы 334 шақырымға жетеді.
Тас төселген жолдардың үлесі соңғы 5 жылда
31 пайыздан 59 пайызға дейін жетіп, 502 шақырымды құрады.
2018 жылы сапалы ауыз сумен тұрғындардың 94,1 пайызы қамтылған болатын, соңғы 5 жылда бұл көрсеткіш 4,8 пайызға артып 98,9 пайызды құрады.
Қала аумағында 4 нысанның құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын биыл аяқтау жоспарланған.
Нәтижесінде, тұрғындардың 99,5 пайызы таза ауыз сумен қамтылатын болады.
Қала аумағында орталықтандырылған кәріз жүйесімен тұрғындардың 32,2 пайызы қамтылған.
Ағымдағы жылы 11 нысанның құрылысы жүргізілуде, 2 нысан жыл қорытындысымен пайдалануға тапсырылып, қамту деңгейі 36,3 пайызға жетеді.
Сапалы электр қуатымен қамту деңгейі соңғы
5 жылда 18 пайызға артып, биыл 85 пайызды құрады.
Ағымдағы жылға өтпелі 3 нысанның құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Нәтижесінде: 1-ші және 2-ші мөлтек аудандар, Яссы, Шауғар мөлтек аудандары мен қаланың орталық көшелері сапалы электр қуатымен қамтылатын болады. Қамту деңгейі 98,5 пайызға жетеді деп жоспарлануда.
Нақтырақ айтсақ, Яссы секторының Тұран және Оралман мөлтек аудандарындағы 17 көшеге асфальт төсеуге жол негізі дайындалуда, жаяу жүргінші жолы құрылысы басталып, қарқын алды.
Кентау тас жолы бойына жоспарға сай 6 дана аялдама орнатылуда.
Тұрғындар сұранысына сәйкес, 2а бағытындағы қоғамдық көліктер жаңартылып, №17, №18, №2 бағыттарының бекітілген сызбасы ұзартылды.
Одан бөлек, секторда Қазтуған жырау, Шалкиіз жырау, Доспанбет жырау, Жиенбет жырау көшелерінен бастап тағы 7 көшедегі кәріз жүйесіне абоненттер қосылуда.
Бекзаттық тұрғындармен кездесуде көтерілген мәселелер жоспарлы жүзеге асырылып келеді.
Атап айтсақ, Самал көшесіне асфальт төселіп, Қалаби және О. Жандосов көшелері қиылысындағы ойын алаңшаларының аумағы абаттандырылуда.
Құлан және Самал 2 көшелерінде спорт алаңшасы мен балалар ойын алаңшалары бой көтерді.
Шауғар секторындағы Меркі көшесіне асфальт төселіп, А.Сабырханов көшесінде жаяу жүргінші жолының құрылысы басталды.
Ал, Отырар секторындағы Қорқыт ата көшесіне жаяу жүргіншілерге арналған жол салынып, А.Рысбеков көшесіне тас төселді.
Айта кететін, жалпы қала аумағында 875 көше 845 шақырым жол, 18 гектарды құрайтын бір қоқыс полигоны бар.
Оның ішінде 787 көшеге санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіледі. Қалған көшелер қаланың ең шеткі аумақтарында орналасқан. Үйлер толық салынбаған.
787 көшенің 136 көшесіне механикалық жолмен тазалық жасалса, 651 көшесіне қолмен тазалау жүргізіледі. 39 көше орталық маңызы бар көше болып саналады.
Бүгінде шаһардағы санитарлық тазалық жұмыстарын «Түркістан Жарық Тазалық» ЖШС мен «ШымкентСпецкомплекс» ЖШС-тері атқаруда. Сонымен қатар, әр сектор тұрғындары жеке кәсіпкерлермен бірге келісім шарт жасасуда.
Одан бөлек, секторлар тарапынан санитарлық тазалық бойынша "Белгіленбеген аумаққа қоқыс төгу", "Бекітілген кестеден бұрын үйден қоқыс шығармау" жөнінде тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 434-2-бабына сәйкес, ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау – 5 АЕК мөлшерінде айыппұл белгіленгені тұрғындарға түсіндірілуде.
Сондай-ақ, Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде осы әрекеттер қай жасалған жағдайда айыппұл мөлшері 10 АЕК-ке ұлғаятыны ескертілуде.
Жыл басынан бері әр секторда күнделікті тазалық сақтау жұмыстары тексерілді. Көрсеткіштер бойынша, Отырар секторында – 14 адамға, Сауран секторында – 21 азаматқа, Бірлік тұрғын алабында – 15 азаматқа айыппұл салынған. Ал, қалған Шауғар секторында – 156 дерек анықталса, Бекзат тұрғын алабында – 99 азаматқа, Яссы секторында – 52 тұрғынға хаттама толтырылып, айыппұл жазылған.
ЖЫЛ БАСЫНАН 48 КӨШЕ ЖӨНДЕЛІП, 184 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ
