Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыповпен кездесті. Кездесу барысында тараптар Түркістан облысында іске асырылып жатқан жобалар мен алдағы жоспарларды талқылады.
«Самұрық-Қазына» қоры Түркістан облысында екі ірі инвестициялық жобаны іске асыруда. Атап айтқанда, Төлеби ауданында «Бу газ қондырғысы базасындағы қуаттылығы 926 МВт электр стансасы», Созақ ауданында «Күкірт қышқылы зауыты» құрылысын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ облыстың туристік әлеуетін артыру мақсатында Түркістан қаласында Достық үйі мен Ипподром әлеуметтік жобаларының құрылысы жоспарлануда. Басқосуда бұл жобаларды «Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры» арқылы қаржыландыруды қарастыру мәселесі талқыланды.
Облыс әкімі Түркістан облысында уран өндірумен айналысатын «КазАтомӨнеркәсіп» компанияның салық төленетін кірісінен 1% (7,4 млрд.тг) және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын инвестициядан 2% (2,4 млрд.тг) төлемді өңірдің әлеуметтік дамуына төленуін қарастыруды ұсынды. Мәселе зерделенетін болды.
Облыс басшысы елді мекендерді сапалы байланыспен, интернетпен қамтамасыз ету, Түркістан облысын табиғи газбен қамтамасыз ету секілді бірнеше өзекті мәселелерді ортаға салды. Олардың шешу жолдары қаралды. Энергетика саласы бойынша да бірқатар ұсыныстар айтылды.
Облыстың туристік әлеуетін артыру мақсатында, Түркістан қаласында бірқатар әлеуметтік жобалардың құрылысы жоспарлануда. «Самұрық-қазына» қорымен бірлесе әлеуметтік жобаларды іске асыруға келісті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ мен Түркістан облысы әкімдігінің бірлескен жобаларын іске асыру жөніндегі одан әрі қадамдар туралы уағдаласты.
Жалпы 2022 жылы Яссы секторында 3 кездесу өткізіліп 93 мәселе көтерілген болатын. Оның ішінде:
- 64 - орындалды (8 жол мен көлік саласы, 11 инфрақұрылым, 26 абаттандыру мен тазалық мәселесі, 6 - қоғамдық көлік және 13 басқа да мәселелер);
- 11 - жұмыс жүргізілуде;
- 25 - заңға сәкес түсіндірілді.
Алдағы жылы "Яссы" секторында 1200 және 900 орынды құрайтын 2 мектеп құрылысы жоспарланған.
Көпқабатты 11 үйдің тұрғындары табиғи газ пайдалануда, 8 үйді газдандыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
«ҚАЗТРАНСГАЗ» АҚ-ның талабы бойынша көпқабатты үйлерге коксиалды түтін шығатын мұржа орнатылуы тиіс. Қазіргі таңда 1 үйге коксиалды мұржа орнатылып, қысымдаудан өтуде.
Сектор аумағында 2 нысанның құрылысы аяқталып, 4 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді. Одан басқа, 3 нысанның құрылысы жүргізілуде.
Сонымен қатар, алдыңғы кездесулерде тұрғындар тарапынан айтылған өтініштер бойынша 4 трансформатор орнатылды.
"Яссы" секторында 197,3 шқ. құрайтын 180 көше болса (оның ішінде 46 көше асфальт жол, 80 көше тас жол, 54 көше топырақ жол),
ағымдағы жылы 11,9 шқ.құрайтын 12 көше орташа жөндеуден өтті, 28,8 шқ құрайтын 36 көшеге тас төселді, 6,7 шқ. құрайтын 7 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселді.
Сонымен қатар, Қожабаев көшесінде және Қазыбек би – О.Жарылқапов көшелерінің аралығында жол құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылы Т.Бокин көшесі бойындағы көп қабатты тұрғын үйлердің аумағы абаттандырылуда. Сақ қорған көшесінде ойын алаңшасы салынды, "Тұран" және "Шатқал" шығармашылық саябағы көгалдандырылды.
Кездесу барысында тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, сұрақтарына жауап берілді.
Қазіргі таңда қала аумағындағы газ құбыры жүргізілген аймақтардың 98% көгілдір отын қолданып отыр.
Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері, "ҚазТрансГаз" АҚ, Газинспекциясы мамандары және сектор меңгерушілерімен бірге жылыту маусымына дайындық ретінде тұрғындардың газ қазандықтарын тексеру жұмыстары жүруде.
Іс-шара барысында тұрғындарға жылыту маусымындағы газ қолданудың қауіпсіздік ережелері бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, арнайы дайындалған жадынама парақшалары таратылуда.
Қазіргі таңда газ қолданып отырған тұрғын үйлердің жылу беру маусымындағы техникалық мүмкіндігі жеке-жеке тексерілуде.
Жылу беру техникалары ескірген, қауіпсіздік талаптарына сай емес құралдарды қолданыстан шығару жүргізілуде.
Сонымен қатар, газ қолданып отырған тұрғын үйлерде газ тұтыну кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілуде.
Абонент пәтер ішіндегі газ жабдығының тиісті техникалық жағдайын қамтамасыз етуге міндетті.
Құрметті газ тұтынушылар! Өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігі туралы ойлаңыздар – газ жабдығына уақытылы қызмет көрсету мен жөндеуді қамтамасыз етіңіздер!
Газ қазандығын тұрғын үйдің ішіне орнатуға болмайды, арнайы бөлек орында тұрғаны дұрыс өйткені газдан улану қауіпі өте жоғары.
Газ қазандығын жылыту маусымына дайындау алдында мұржасын тексеріп тазалап алу керек.
Қазандық тұрған бөлменің жоғары жағында арнайы түтікшесі болу керек.
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҚОРЫНЫҢ БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ
