ШАХАР ӘКІМІ ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫН ТЕКСЕРДІ

ШАХАР ӘКІМІ ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫН ТЕКСЕРДІ

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков Әкімшілік-іскерлік орталығын кезекті рет аралап, көпқабатты үйлер бойынша берілген тапсырмалардың орындалуын тексерді.
9-көшедегі 14 үйдің кемшіліктерін зерделеу барысында 48 жеделсатының 5-уінен кемшілік анықталған. 48 домофонның 8-і істен шыққаны белгілі болды.
Мердігер мекемелерге бұл жолы уәденің орындалуына талап күшейгені ескертілді. Қала басшысы заңға сәйкес шаралар қабылданатынын атап өтті.
Айыппұл төлеп үйренген жауапсыз мердігерлер енді жосықсыз мердігерлер қатарын арттыруы әбден мүмкін.
Жаңа қала бойынша құрылған комиссияның ұсынған қортындысына сәйкес, кей мердігерлердің жайбасарлығынан біраз мәселе қордаланып үлгерген.
Істі бақылауына алған қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков таңертең жауапты мамандармен нысандарды аралады, кешегі күнге жоспарланған жұмыстың атқарылуын тексеріп бүгінгі күнге жаңа меже белгілеп берді.
“Санасып отыратын уақыт жоқ, жаз соңына таяды. Ең өзекті деген проблемаларды бірінші кезекте шешуге күш салу керек” деген қала басшысы көпқабатты үйлердің шағымдарын анықтап зерделеуге барлық бөлім басшыларын жұмылдырды.
Апта басында қарқын алған жұмыстар тәулік бойы тоқтаусыз жалғасуда.
Сонымен қатар, қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің секторлардағы кездесуінде көтерілген мәселелерде жол саласына қатысты 196 тапсырма берілді. Бүгінде оның 167-і орындалып, қалған тапсырмалар орындалу үстінде.
Тапсырмалардың жүзеге асу көрсеткіші бойынша бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылып үлгерген.
Атап айтқанда, С.Ерубаев көшесіне аялдама қойылды.
Жұмасейтов, Ж.Шанин, Бәйшешек, Алтын Орда, Мәдени Мұра, Тұран ауылы мен Баянауыл көшелері жарықшаммен қамтылды.
М.Өтемісов пен Мөңке би, Бабай батыр және Алтын орда көшесінің жалғасына, Барақсұлтан көшелеріне тас төселді.
Сонымен қатар, Ертөстік, Үстірт, Бәйшешек, Ақниет, Саурық батыр көшелері орташа жөндеуден өтті.
Одан бөлек, тұрғындар өтініші бойынша №2 бағыттағы қоғамдық көліктердің соңғы аялдамасы І.Қожабаев көшесімен Ақтөбе көшесінің қиылысынан өтетін болып өзгертілді.
Тойшыбаев көшесімен Көктонды әулие көшесінің қиылысына жаяу жүргіншілер жолағы сызылып, тиісті жол белгілері орнатылды.
Хамза көшесіне бағдаршам қойылып, Алтый мешітінің маңына бағдаршам отнатылуда.
Абылай хан, Ақниет, Бәйшешек көшелеріне, сондай-ақ, Ақниет - Ертөстік көшелері аралығындағы жолға, Т. Дүйсебаев, Ерқосай батыр, Барақ сұлтан, Ақтайлақ, Жиделібайсын, І.Қожабаев, Ә.Жангелдин көшелеріне асфальт салынды.
Тұрғындар жайлылығы үшін №5,№5А және №4А автобустары сыйымдылығы жоғары жаңа қоғамдық көліктерге ауыстырылды.

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің жыл басынан бері тұрғындармен кездесу нәтижесімен инфрақұрылым саласы бойынша 253 тапсырма берілген болатын. Тапсырмалар орындалу кестесіне қойылғалы 225 тапсырма жүзеге асып үлгерді.
Ооның ішінде:
Сауран секторындағы № 7 және №9 үйлер алдына суару жүйелері тартылып, №16 үйдің кәріз жүйесіне тазаланды. М.Өтемісұлы көшесіне қоқыс жәшіктері қойылып, балалар ойын алаңшасының құрылысы басталды.
Сондай-ақ, тұрғындар сұранысы бойынша №22 көше мен Б.Майлин көшесінде тазалық жұмыстары бақылауға алынды.
Ж.Қыдыр көшесіндегі №83, №84 тұрғын үйлердің ауласындағы ауыз су құбырлары жаңартылып, Балақаев көшесі №49/3 тұрғын үйдің жертөлесіндегі кәріз жүйелері қалпына келтірілді.
Баянауыл елдімекенінде кәріз жүйесінің құрылысы басталды.
Тұран мөлтек ауданындағы электр желісі жаңартылып, жаңа трансформатор қойылды. Және Көктем мөлтек ауданы трансформатормен қамтылды.
Саққорған көшесі мен Баққоныс көшесіне, Алғабас және Үржар көшесінің қиылысына балалар ойын алаңшасы салынды.
Одан бөлек, Н.Төреқұлов мектебі алаңында балалар ойын алаңшасы бой көтеруде.
Т.Бокин көшесіндегі көппәтерлі үйлер ауласындағы абаттандыру жұмыстарының 90% жұмысы жасалып үлгерді.
Тапсырмалардың жүйелі орындалуы қала әкімінің бақылауында. Бүгінде қалған тапсырмалар бойынша қарқынды жұмыстар атқарылуда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қостанайға жұмыс сапары барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е.Нағаспаев өңірдегі бірқатар өндірістік нысандарды аралады. ​Министр Индустриалды аймақтағы Kia...

Мәртебелі меймандар Қаржы орталығының жетістіктерімен танысты. Сондай-ақ АХҚО Соты, Қаржы қызметін реттеу комитеті, биржа және Халықаралық төрелік...