АРЫС: СӘТІН САЛСА, ЖИДЕЛІДЕ ДЕ ГАЗ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛАДЫ

АРЫС: СӘТІН САЛСА, ЖИДЕЛІДЕ ДЕ ГАЗ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛАДЫ

Шаһар басшысы Гүлжан Құрманбекованың халықпен кездесуі бүгін күре жол бойында орналасқан Жиделі ауылдық округінде жалғасты.
Қала басшысы алдымен ауыл халқына биылғы жылғы атқарылған жетістіктерді баяндап, алдағы жоспарларды ортаға салды.
«Осыдан үш ай бұрын ауылдарыңызда су жаңа 120 орындық ауыл клубы мен кітапханасын аштық.Енді, заманауи спорт зал салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп, республикалық бюджетке ұсыныс енгіздік. Алдағы уақытта тиісті қаржы бөлінгенде, оның да құрылысы басталмақ» - деді Гүлжан Мамытқызы.
Биыл - Жиделі, Аққала елді мекендеріне дейінгі газ құбырының құрылысы жүріп жатыр. Сәтін салса, нысан келесі жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Байырқұмдықтармен бірге ауылдық округтер арасында көгілдір газ бірінші болып Жиделі, Аққала жұртына да қолжетімді болмақ.
Сондай-ақ, Жиделіде екі каналды күрделі жөндеуден өткізу қолға алынбақ. Қазіргі таңда «3-К-1» және «3-К-3» каналдарын күрделі жөндеуден өткізу үшін бірінің ЖСҚ әзірленіп, қаржыға сұраныс беріліп қойылса («3-К-1»), екінші каналдың ЖСҚ құжаттары әзірленіп жатыр.
Жиделілік ағайын «Ауыл аманаты» жобасына енген ауыл. Қазіргі есеп бойынша, Жиделі ауылдық округінен 45 өтінім ұсынылған. Шаһар басшысы мемлекет ұсынған жеңілдікті пайдаланып, ауылды дамыту үшін бұдан да белсенді болу керектігін айтты. Ол үшін әкімдік тарапынан жан-жақты көмектер көрсетіле беретін болады.
Кездесуде Жиделі тұрғындары қала әкіміне тұрғын үй құжатын рәсімдеуге қатысты өтініштерін білдірді. Бұл сұраққа қатысты шаһар басшысы тиісті сала басшыларына, жауапты бөлімдерге мәселені тез арада шешіп, толықтай сүйемелдеуді тапсырды.
Айта кетейік, қала әкімінің халықпен кездесуінен кейін азаматтардың жеке өтініші бойынша қабылдау шарасы өтті. Онда әлеуметтік көмек, денсаулық сақтау, кәсіп ашу, құқықтық кеңес беру жайындағы сұрақ, сауалдарға қала әкімі мен тиісті сала мамандары жауап беріп, талапқа сай түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Айта кететін, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы халық пен биліктін арасын жақындата отырып, халықтың мұң мұқтажын тиісті дәрежеде орындау.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Билік пен қоғам арасындағы диалог нығая түсті. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына баса мән беріліп отыр. Бұл ауқымды жұмысты бүкіл қоғамымыз бірлесе атқарды. Дегенмен, осымен тоқтап қалуға болмайды. Бәріміз осы сара жолмен ілгері жүруіміз керек.
Тағы бір аса маңызды реформа – Президенттің бір ғана мерзімге сайлануы. Біздің аймақтағы қай мемлекетті алып қарасаңыз да, мұндай өзгеріс мүлдем болмаған. Сондықтан бұл реформа демократия жолындағы батыл қадам деп сенемін. Тәуекелге бел бусақ та, осындай шешім халқымыздың жарқын болашағы үшін керек деп кәміл сенемін» деп айтып өткен болатын.
Айта кететін, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында мем­лекеттік институттардың рөлін ны­ғайту, азаматтардың құқықтары мен бо­стандықтарын қорғау, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мәселелерін кеңі­нен сөз етті. Жолдауда қазіргі әлеу­меттік-экономикалық жағдайға жан-жақты, терең талдау жасап қана қоймай, оның шешу жолдарын да көрсетіп берді.
Ұлттық құрылыстың қазіргі кезеңінде Қазақстан Республикасы қарқынды саяси өзгерістер кезеңін бастан кешіп жатыр. Саяси модернизацияның тұжырымдамалық фрейміне «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» моделі арқау болды. «Listening State» («Құлақ асатын/еститін мемлекет») — бұл үкіметтің азаматтармен өзара әрекеттесу, оларды толғандыратын мәселелер мен қажеттіліктерін түсіну бойынша белсенді күш-жігеріне баса назар аударатын мемлекеттік саясат тұжырымдамасы. Бұл тұжырымдама үкімет пен қоғам арасындағы ашық әрі айқын байланыс арналарын құруды көздеп, шешімдерді әзірлеу және қабылдау процесінде азаматтардың дауысын естуге және ескеруге бағытталған.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тәсілі ақпаратты жай ғана тарату немесе «жоғарыдан төменге» саясатын жүзеге асыруға қарағанда, тиімді басқару бұдан да көп нәрсені қажет ететінін көрсетеді. Яғни кері байланыс, идеялар мен қоғамдық пікірді белсенді іздеудің маңызын мойындайды. Бұған қол жеткізуге жәрдемдесетін түрлі құралдар бар: қоғаммен кеңесу, сауалнамалар, жалпы жиналыстар, онлайн форумдар және басқа да қатысу тетіктері.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекетте» Үкімет азаматтарға ойларымен, идеяларымен және пікірлерімен алмасу үшін қолжетімді және ыңғайлы платформалар ұсынады. Бұл сандық платформалар және қоғамдық жиналыстар сияқты құралдар арқылы немесе т.б. жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа форматтарын қолдануды жеке үрдіс деп атауға болады. Мемлекеттік органдар жедел хабар алмасу құралдарын пайдаланады, чат боттарын жасайды. Жергілікті атқарушы органдар өтініштерді қарау мен азаматтарды қабылдауды бір жерде жүргізген жағдайда қызмет көрсету «кедергісіз орта» қағидаттары бойынша «ашық қабылдау» арқылы жұмыс істейді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қостанайға жұмыс сапары барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е.Нағаспаев өңірдегі бірқатар өндірістік нысандарды аралады. ​Министр Индустриалды аймақтағы Kia...

Мәртебелі меймандар Қаржы орталығының жетістіктерімен танысты. Сондай-ақ АХҚО Соты, Қаржы қызметін реттеу комитеті, биржа және Халықаралық төрелік...