ҚАЛАНЫҢ ЖАЛПЫ ТЫНЫСЫ МЕН ДАМУ БАРЫСЫ

ҚАЛАНЫҢ ЖАЛПЫ ТЫНЫСЫ МЕН ДАМУ БАРЫСЫ

Түркістанда жасалған жиһаздар осы екі мемлекетке экспорттала бастаған. «Asia Brend» жиһаз өндіретін фабрика 1,5 гектарға орналасқан, 150 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
Жылына 22 мың жиһаз жасап шығаратын кәсіпорынның жылдық тауар айналымы 1 млрд. теңгеден асқан.
Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков шиһаз өндірісін аралап, кәсіпкермен пікірлесті. Отандық өнім Түркістанда ғана емес, Алматы, Астана, Шымкент, Қызылорда және Тараз қалаларында сатылымда.
Экономиканың қозғаушы тетігі - өндіріс. Сондықтан қазіргі таңда кәсіпке баулу шаралары жан-жақты жүзеге асуда.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін облыс әкімі Дархан Сатыбалды Қытайға жұмыс сапары кезінде екі елдің, оның ішінде Түркістан облысында өңдеу өнеркәсібі, автомобильдер жасау, пластмассадан бұйымдар жасау, робототехника т. б өндірісті дамытуда бірқатар ірі инвестициялық компаниялардың өкілдерімен кездесіп, әріптестік жөнінде келіссөздер жүргізген болатын. Бұл кездесулер нәтижесін беріп, жақын күнде Түркістан қаласының Индустриалды аймағындағы дайын өндіріс алаңында (brownfield) қазақ-қытай бірлесуімен шұлық және ерлер костюмін шығаратын зауыт ашылмақ. Мұндай ірі кәсіпорындар арқылы жаңа жұмыс орындарын ашып, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесі басты назарға алынған.
Еске саларлық, Түркістан қаласында «Қазақстанның үздік тауары – 2023» өңірлік байқау-көрмесі өткен болатын. Көрмеге азық-түлік, машина жасау, химия, қолөнершілер, жеңіл өнеркәсіп пен құрылыс индустриясының 80-нен астам тауар өндірушілері қатысқан болатын. Отандық өнімдерді қолдау мен отандық өндірісті дамыту, халық арасында сапа идеясын насихаттау мақсатындағы көрме-байқауға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, өңір тауарөндірушілерінің жұмысын жоғары бағалады.
Сонымен қатар, сауда-экономикалық, инвестициялық, ауыл шаруашылығы, транзиттік-көлік, су-энергетика салаларындағы, өнеркәсіптік кооперациядағы, туризмдегі және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Қазақстан мен Өзбекстанға Орталық Азиядағы барлық өңірлік сауданың 70%-ға жуығы тиесілі. 2021 жылдың 9 айында екіжақты тауар айналымы $2,9 млрд асты, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 28,5%-ға жоғары. Осы жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстан Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бестігіне кіруі мүмкін. Өзара сауда көлемін 2022 жылы $5 млрд дейін және 5 жыл ішінде $10 млрд дейін жеткізу міндеті қойылды. Екі елдің шекарасында «Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құру жобасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Биыл облыс орталығында көпқабатты 66 үйдің (4295 пәтер) құрылысы жүріп, оның 59-ы (3377 пәтер) жыл соңына дейін толық пайдалануға беріледі. 7 үйдің құрылысы келесі жылға өтпелі, жеке инвестиция есебінен көпқабатты 46 үй салынуда.
Шаһар басшысы қала әкімдігі тарапынан құрылыс сапасына қатысты көтерілген мәселелер бойынша мердігерлерге 89 ескерту берілгенін, сотқа 82 хат жолданып, 8 мердігерге айыппұл салынғанын, облыстық сәулеттік-құрылыстық бақылау мекемесіне 22 ұсыныс хат жолданғанын атап өтті. Жұмысын толық аяқтамаған компанияларды жосықсыз деп танығанымен мәселе шешілмейтінін ескере келе, көпқабатты кей үйлердің кемшіліктерін демеушілер арқылы шешу қолға алынғанын жеткізді.
Қала басшысының наурыз және тамыз айларындағы Бекзат секторындағы кездесуі барысында 85 мәселеле көтерілді. Олардың 64-і толық орындалса, 21-і тиісті жұмыстар басталып қазіргі таңда орындалу үстінде.
Атап айтқанда, 3 шақырымды құрайтын 4 көшеге тас төселіп, 49 көшеге жарықшамдар қойылды.
Сондай-ақ, 2,2 шақырымға жаяу жүргіншілерге арналған жол салынып, сектор аумағында 5 аялдама орнатылды.
Тұрғындар тілегіне сәйкес, №6, №10 бағыттағы автобустар жаңартылып, жаңа №17, №20 бағыттарында қатынас жасайтын қоғамдық көліктер іске қосылды. Жыл соңына дейін тағы №16 бағытын ашу жоспарлануда.
Жарықтандыру саласында қажеттілік туындаған аймақтарда қосымша 4 трансформатор орнатылып, сектор тұрғын үйлерінің 75 пайызы табиғи газ тұтынуда.
Ендігі кезекте секторда 1,8 шақырымды көше орташа жөндеу жүргізілмек. 6,6 шақырым көшеге жаяу жүргінші жолы салынуда.
Одан бөлек, балалар ойын алаңы мен спорт алаңшаларының құрылысы мен 100 км-ге кәріз желісі жүргізілуде.
Түркістан қаласындағы жалпы – 33 мемлекеттік, 26 жекеменшік мектеп ұйымдарында 50 841 оқушы білім алуда.
2022 жылы 2 мектеп күрделі жөндеуден өтті (Төле би №19 және М.Пошанов №21) және Бірлік тұрғын алабында 1 жекеменшік мектеп салынуда.
2023 жылы – 6 мемлекеттік мектеп (ӘІО - 3200 орынды 2 мектеп, «Яссы» м/а – 2100 орынды 2 мектеп, «Шауғар» м/а – 600 орынды 1 мектеп, «Бекзат» м/а 1200 орынды 1 мектеп) салу жоспарлануда.
2024 жылы – 3 мемлекеттік мектеп («Яссы» м/а– 1200 орынды 1 мектеп, «Шауғар» м/а– 600 орынды 1 мектеп, ӘІО– 2000 орынды 1 мектеп) салу жоспарлануда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Су ресурстары және ирригация министрлігі 6 облыс әкімдігімен бірлесіп елді мекендерді көктемгі су тасқынынан қорғау мақсатында 56 жобаны іске асырып жатыр, деп...