ТҰРАН АУДАНЫНДА 13 АУЫЗ СУ БҰРҚАҒЫ ОРНАТЫЛДЫ

ТҰРАН АУДАНЫНДА 13 АУЫЗ СУ БҰРҚАҒЫ ОРНАТЫЛДЫ

Тұран ауданы әкімі аппараты тарапынан аудан аумағындағы халық көп шоғырланатын аумақтарға 13 ауыз су бұрқағы орнатылды. Заманауи қондырғылар композициялық мәрмәр тастан жасалған әрі арнайы сүзгі орнатылған.
Ауыз су бұрқақтары сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарда көрсетілген талаптарға сәйкес қондырылды. Су құбыры жүргізіліп, орталық сумен жабдықтау желілеріне қосылған және арнайы су өлшегіш құралы орнатылған.
Биыл Шымкент қаласының Тұран ауданы аумағында 13 ауыз су бұрқағы орнатылады. Олар Мәделі қожа - Рысқұлбеков көшелерінің қиылысы, Байтұрсынов – Бекбосынов, Момышұлы – Желтоқсан, Дулати – Рысқұлов, Темірлан тас жолы – Мангельдин, Темірлан тас жолы – Желтоқсан, Республика даңғылы – Асқаров көшесі және Темірлан тас жолы – Қожанов көшелерінде орналасады. Ауыз су бұрқағы қаланың келбетіне эстетикалық көрік қосып, жаяу жүргіншілердің шөлін басады. Себебі, су арнайы сүзгі арқылы өткізіледі.
Ауыз су бұрқағы көктем-жаз мезгілдерінде пайдаланылатын болады. Күзгі- қысқы мерзімде су бұрқақтарына орталық құбырдан ысырма арқылы су беру тоқтатылады. Алдағы уақытта ауыз су бұрқақтарын күтіп-ұстау жұмыстары «Тұран» КММ-нің тарапынан жүргізілетін болады.
Су бұрқақтар орнатылған орындар:
1. Мәделі қожа және Рысқұлбеков көшелерінің қиылысында – 2 дана.
2. Байтұрсынов және Бекбосынов көшелерінің қиылысында – 1дана.
3. Байтұрсынов және Жандосов көшелерінің қиылысында – 1 дана, Момышұлы даңғылы және Желтоқсан көшесі қиылысында – 1 дана.
4. Момышұлы және Республика даңғылы қиылысында – 1 дана.
5. Дулати және Рысқұлов көшелерінің қиылысында – 1 дана.
6. Темірлан тас жолы және Желтоқсан көшесі қиылысында – 1 дана.
7. Республика даңғылы және Асқаров көшесі қиылысында – 2 дана.
8. Темірлан тас жолы және Қожанов көшесі қиылысында – 1 дана.
9. Темірлан тас жолы және Темірқазық көшесі қиылысында – 1 дана.
10. Темірлан тас жолы және Мангельдин көшесі қиылысында – 1 дана.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте шаруашылықтар бойынша есепке алудың электронды жүйесінде деректерді жаңарту...

ҚР Үкіметі мен өңірлерде шегірткенің таралуына жол бермеу және фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу үшін жедел жұмыс комиссиялары құрылады, деп...