ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 700-ДЕН АСТАМ ЭТНИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ ҚАНДАС МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 700-ДЕН АСТАМ ЭТНИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ ҚАНДАС МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

Қандас (репатриант) — жаппай саяси қуғын-сүргін актілері, заңсыз реквизициялау, күштеп ұжымдастыру, ізгілікке жат өзге де әрекеттер салдарынан тарихи отанынан тысқары жерге қуылған және азаматтығынан айырылған, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен ерікті түрде қоныс аударған байырғы ұлт адамы, сондай-ақ оның ұрпақтары.
1997 жылдың 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының “Халықтың көші-қоны туралы” Заңының 14 бабына сәйкес қандас мәртебесі басқа елдерден көшіп келушілерге беріледі.
Қандастар - Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шетінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатымен келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар.
Адамдардың қандастар деп тану туралы өтінішін отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірі тікелей өзі немесе уәкілетті өкілі арқылы Қазақстан Республикасының шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктеріне, консулдық мекемелеріне немесе уәкілетті органға береді.
Қандас мәртебесін беру және отбасын қандастардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтінішті қарау, сондай-ақ осы мәселелер бойынша шешімді ол тіркелген күннен бастап екі ай ішінде уәкілетті органның аумақтық қызметтері қабылдайды.
Шымкентте жыл басынан 506 отбасы тарихи отанына оралып, 714 этникалық қазақ "қандас" мәртебесін алды. 6 айға кандас мәртебесін ұзартқандар саны 34 отбасынан 46 адамды құраған.
Қандас мәртебесін алған азаматтардың 384-і ер адам және 330 әйел адам. Олардың 199 –ы 18 жасқа дейінгі жастар, 49 зейнеткер және қалған 466-ы еңбекке қабілетті азаматтар. Оның ішінде 74 адам жоғары білімді, 218 орта арнайы білімді, 156 азамат жалпы орта білімді.
Қандастардың дені - Өзбекстан Республикасынан қоныс аударғандар. Көрші елден 701 адам қоныс аударып отыр. Қытайдан – 3 адам, Ресейден – 7 азамат, Қырғызстаннан – 1 және Ауғанстаннан 2 адам келген. Қоныс аударған қандастардың басым бөлігі құрылыс саласында, сауда –саттықпен және басқа да жалдамалы жұмыстармен айналысуда.
Шымкентте оларға қолдау көрсету мақсатында 2008 жылдан бері "Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы" жұмыс істейді.
Орталықта бүгінде 13 отбасынан 29 адамға бейімдеу қызметтері көрсетілуде. Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына орталықта қандастарға тұрмыстық, әлеуметтік, психологиялық, құқықтық тұрғыда көмектер ұсынылып, кәсіби даярлау бойынша мамандықтарға оқыту, жұмысқа орналастыру қызметтері көрсетіледі.
Қалалық «Еңбек мобильділігі» орталығы тарапынан 69 қандас жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған. Атап айтқанда бос жұмыс орындарына, жастар практикасы және әлеуметтік, алғашкы және қоғамдық жұмыс орындарына жолданған. 39 адам «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде білім алған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Вьетнам өнеркәсіп және сауда министрі Нгуен Хонг Зиенмен кездесу өткізді, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі...

2024 жылғы 14 мамырда онлайн режимінде өткен ЕЭК кеңесінің кезекті отырысында тауарлардың жекелеген түрлеріне міндетті талаптарды белгілейтін...

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында жылыту маусымына дайындық жоспарымен және инженерлік құрылыстардың, атап айтқанда, Көкшетау...