ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА НЫСАНА КӨЗДЕУДЕН ЖЕРЛЕСІМІЗ АЛТЫННАН АЛҚА ТАҚТЫ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА НЫСАНА КӨЗДЕУДЕН ЖЕРЛЕСІМІЗ АЛТЫННАН АЛҚА ТАҚТЫ

Оңтүстік Кореяда нысана көздеуден жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Чангвон қаласына 45 елден 600-ге тарта спортшылар жиналып, бақтарын сынауда. Корей еліндегі халықаралық жарыстың нәтижесі бойынша жерлесіміз Никита Чирюкин топ жарды. Қазақстан құрамасының спортшысы 25 метрлік тапанша атудан алтыннан алқа тағып, еліміздің абыройын асқақтатты.
Айта кететін, бұқаралық спорт халық арасында жаппай белең алу үшін қажетті спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу керектігі белгілі. Қазіргі уақытта қала бойынша спорттық нысандар саны 1077-ге жетіп, 2021 жылмен салыстырғанда 144 спорт нысанға артқан.
2021 жылы қала аумағындағы тұрғын алаптар мен шағын аудандарда спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында 115 спорт алаңшаның құрылысы жүргізілді.
Оның 14-і демеушілер есебінен, қалған 101 спорт алаңшаның құрылысына бюджеттен 2 060.0 млн теңге қаржы бөлініп, спорт алаңшалары пайдалануға берілді.
Сонымен қатар жеке инвесторлар арқылы «SHootting plaza» әмбебап ату кешені іске қосылды.
2023 жылы «Үстел теннисі спорт кешені» және «Жаңа ипподром құрылысы», «Металлург» стадионын реконструкциялау» құрылыс жұмыстары, Бозарық-3 шағын ауданындағы қалалық №20 спорт мектебінің спорт ғимаратының құрылысы толығымен аяқталып, қолданысқа берілді.
Сонымен қатар, елімізде орта буын медицина қызметкерлерін даярлау ісінде тоқсан жыл бойы үздіксіз білім беріп келе жатқан Шымкент жоғары медициналық колледжінің ғимараты биыл арнайы спорт залмен қамтылады.
Нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары 2022 жылдың қыркүйек айында басталып, қазіргі таңда өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде.
Нысанды салудың мақсаты – медициналық колледж студенттерін баскетбол мен волейбол ойнауға арналған спортзалмен қамтамасыз ету болып табылады. Ғимарат 2 қабатты әкімшілік тұрмыстық корпустан тұрады. Спортзал аумағы 552,2 шаршы метрді құрайды. Бірінші қабатта асхана, киім ауыстыру бөлмелері болса, екінші қабатта фитнес зал және оқу кабинеттері қарастырылған.
Ал, жыл соңына дейін №12 спорт мектебінің қосымша корпусы құрылысы бітеді деп жоспарланып отыр.
Жалпы өңірде тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін жағдайлар жасалып жатыр. Бүгінде қалада дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылданушылар саны 498 852 адамға жетіп, 42% құрады.
Шымкенттік спортшымыз Никита Чирюкин мен бапкері Рашид Юнусметовты құттықтаймыз! Бір рух, бір команда, бір жеңіс.
Жеңісті күндер көп болғай!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте шаруашылықтар бойынша есепке алудың электронды жүйесінде деректерді жаңарту...

ҚР Үкіметі мен өңірлерде шегірткенің таралуына жол бермеу және фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу үшін жедел жұмыс комиссиялары құрылады, деп...