Қазіргі таңда Шымкентте 81 елдімекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ал Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елдімекендерінің тұрғындары әзірге кесте бойынша ауыз су тұтынады.
Бүгінде мегаполис елдімекендерін сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 6 нысанда су құбырларын тарту жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. Олар — Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс аумағы.
Бүгін қала әкімі М.Әйтенов Сайрам тұрғын алабында болып, атқарылып жатқан құрылыс барысын қадағалады. Жобалаушы мекеменің 3 кезеңнен тұратын жобалау – сметалық құжаттамасының сараптама қорытындысы алынып, қазір мердігер компания құрылысқа қызу кіріскен.
М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылыс талаптарын қатаң сақтап, сапасыздыққа жол бермеуді ескертті. Қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін жұмыстарды күшейтіп, нысанды мерзімінде қолданысқа беруді тапсырды.
Жоспарға сәйкес жылдың қорытындысымен аталған 6 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 72 мыңнан астам адам орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болады. Осылайша биыл Шымкент қаласы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 98,5% - дан 100% - ға дейін артатын болады.
Соның ішінде Шымкент қаласының «Сайрам» тұрғын алабын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 3 кезеңнен тұратын жобалау- сметалық құжаттамасы әзірленген. Атап айтқанда жобалаушы мекеме «Батыс Алға LTD» ЖШС тарапынан 1 және 2 кезеңнің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды.
Бүгінде мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары басталып кетті. Қалған 3- кезеңге жобалаушы мекеме «Redline Pro» ЖШС-гі тарапынан жобалау- сметалық құжаттамасы да әзірленген. Қазір мердігер мекеме “Мелиоратор” ЖШС-гі тарапынан құрысылыс жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыс жұмыстарын 2023 жылдың соңында аяқталып, пайдалануға беріледі. Сондай-ақ 2023 жылдың соңына дейін 6 нысанның да құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі және нәтижесінде 72 мыңнан астам адам орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болады.