М.ӘЙТЕНОВ: КӘРІЗ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖҮРГІЗУДЕ ҚҰРЫЛЫС МӘДЕНИЕТІН САҚТАУ КЕРЕК

М.ӘЙТЕНОВ: КӘРІЗ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖҮРГІЗУДЕ ҚҰРЫЛЫС МӘДЕНИЕТІН САҚТАУ КЕРЕК

Қазір қалада 8 елдімекенді кәріз жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Канализациялық құбырлар Мирас-Шапағат-2, Асар-2, Тассай, Тұран, Қайтпас-2, Нұртас, 112 орам, Бозарық елдімекендеріне тартылуда.
Қала әкімі М. Әйтенов Тұран шағынауданының кәріз коллекторының құрылысымен танысып, жұмыс қарқынын қадағалады. Жоба бойынша коллектордың жалпы ұзындығы-20 шақырым. Нысан толық аяқталғанда 131 800 абонент орталықтандырылған жүйе арқылы су бұруға мүмкіндік алады. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың 4-тоқсанында аяқталып, қолданысқа берілетін болады.
М. Дүйсенбекұлы жауаптыларға ең алдымен сапаны назарға алып, аталған кәріз коллекторының құрылысын өндірістік кестеге сәйкес жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ құрылыс мәдениетін сақтай отырып, тұрғындар тарапынан наразылық тудырмай қазылған орындарды дер кезінде қайта қалпына келтіруді ескертті.
Айта кетейік, жыл соңына дейін қалада 6 елді мекенде кәрізбен қамту жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық адам желіге қосылуға мүмкіндік алады. Осылайша биыл мегаполисте канализациялық желімен қамту көрсеткіші 60% - дан 65% - ға дейін артады. Келесі жылы кәріз құбырларын 12 нысанда жүргізу жоспарлануда. Ал 2025 жылы 10 нысанның құрылысы аяқталып, елдімекендердің 75% -на канализация жүйесі тартылады.
Қазір Тұран шағын ауданын ішкі орам кәріз жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімі М. Әйтенов нысандағы үшінші кезектің жұмыстарымен танысып, құрылыс қарқынын қадағалаған болатын.
Бүгінде нысан құрылысына 12 адам, 5 техника жұмылдырылуда. Жоспар бойынша 1 кезекте 7, 4 шақырым кәріз жүйесі, 2 кезекте 11,6 шақырым құбыр жүргізілген. Осыған дейін жобада қарастырылған 50,3 шақырым кәріз құбырының 41 шақырымы аяқталып, жұмыстар 82% орындалған.
М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға ең алдымен сапаны назарға алып, құрылыс қарқынын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ жұмыстарды өндірістік кестеге сәйкес жыл соңына дейін аяқтап, нысанды қолданысқа беру бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Сонымен қатар, қаладағы 81 шағын ауданның 24-і канализациямен қамтамасыз етілген. Биылғы жылдың жоспарына сәйкес Мирас және Шапағат-2 шағын ауданында кәріз жүйесін қамту мақсатында жалпы ұзындығы 50,4 шақырым құбыр жүргізілуде.
Осыған дейін жұмыстардың 80% аяқталған. Құрылыс процесіне 30 жұмысшы, 7 арнайы техника жұмылдырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Аталған Жарлық Президенттің биыл 7 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау шеңберінде әзірленді, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі...