ЖЕРЛЕСІМІЗ - АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

ЖЕРЛЕСІМІЗ - АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

Каратэден тағы бір жерлесіміз Азия чемпионы атанды.
Малакка қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы XIX Азия чемпионаты өтуде.
Жарыстың екінші күнінде жерлестеріміз үшін сәтті өтті. Бір алтын, бір қола медаль еншіледі.
Алпысбай Қайсар 60 келі салмақ дәрежесін бағындырды.
Юлдашев Данияр 84 келі салмақта қола жүлдені қанағат тұтты.
Айта кетейік, чемпионаттың алғашқы күнінде кумите бағдарламасында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Ұлттық құрама көшбасшысы Софья Берульцева (+68 кг) өз салмағында қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанған болатын.
Сондай-ақ, биылғы бәсекеге құрлықтағы 31 елден 400-ге жуық татами шебері жиналды. Бұл қатарда 19 қазақстандық бар.
Спорт – елімізде денсаулығы мықты, рухы күшті ұрпақты өсіріп шығарады. Спорт саласының дамуына мемлекет тарапынан барынша жағдай жасалып келеді. Қаламызда бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылуда. Жалпы жыл сайын қала аумағын абаттандыру барысында жаңа спорт және ойын алаңшалары қатары артатын болады.
Еске саларлық, қала күніне орай Бозарық шағынауданында №20 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ашылды.
Спортты серік еткен елдімекен жастары енді қала орталығына қатынамай, жақын аумақтағы жаңа үлгіде бой көтерген нысанда спортпен шұғылданады. Спорт мектебі 3 ауысымда жумыс істейді. Әр ауысымда 10-23 жас аралығындағы 100 спортшы жаттыға алады.
Сәулетті нысанның төменгі қабатында қажетті платформалармен жабдықталған ауыр атлетикаға арналған спорт залы мен әмбебап залдар қарастырылған. Ал жоғары қабатта жаттығу алаңдары, теннис үстелі, өрмелеу арқаны, дзюдо татамиі, бокс рингі және ауыр атлетикамен белсенді айналысуға қажетті қосымша жабдықтар орнатылған. Сонымен қатар ғимаратта асхана, медпункт, массаж кабинеттері де бар. Спорт кешенінде ауыр атлетикадан, бокстан, еркін күрес пен грек-римнен, дзюдодан, пауэрлифтингтен, қол күресінен топтар ашылатын болады.
Озық үлгіде бой көтерген бұл мектеп жастардың спортқа қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік береді

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Вице-премьер Қанат Бозымбаев, «Astana Group» негізін қалаушысы және төрағасы Нұрлан Смағұлов, «Банк ЦентрКредит» директорлар кеңесінің төрағасы...

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің тапсырмасы негізінде Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин, ауыл шаруашылығы...