Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының орталық көшелерінде қоқыс жәшіктері жаңартылуда.
Қала әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, Әл-Фараби ауданы аумағындағы орталық көшелерге биылғы жылы 200 дана қоқыс жәшігі орнату жоспарланып, қазіргі таңда оның 40 данасы жаңартылды. Келесі жылы аудан бойынша 200 қоқыс жәшігін орнату жоспарланған.
Қоқыс жәшіктері қаламыздың көркіне сән беру мақсатында ерекше дизайнды, әрі көлемі үлкен етіп таңдалған.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағындағы 387 контейнерлік алаңға биылғы жылы тағы 120 орынға 166 контейнерлік алаң орнатылып, жалпы саны 553 алаңға көбейтілу жоспарлануда. Қазіргі таңда жабық қоқыс алаңшаларын орнату жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.
Бұрынғы алаңшалардан ерекшелігі мұндағы жабық алаңшалар тұрмыстық қатты қалдықтар ауа-райының қолайсыздығынан, қатты желден қоқыстардың ұшып кетуіне жол бермейді. Сондай-ақ, сыртқы көрінісі қала көркіне сай етіп жинақы дайындалған.
Алдағы уақытта қоқыс алаңшаларына арнайы қоқыс контейнерлері қойылатын болады.
Сонымен қатар, Шымкентте ауаның ластануының алдын алу және коммуналдық қалдықтарды кәдеге жарату мәселесін шешуде еліміздегі алғашқы қоқыс өңдеу зауытын салу жоспарлануда. Қоқыс өңдейтін зауыттың қуаттылығы жылына 300 мың тоннаға дейін қалдық шығаратын болады.
Жобаны жүзеге асыру үшін шетелдік инвесторлар тартылуда. Бүгінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Шымкент қаласы әкімдігі аталған жоба бойынша келіссөздер жүргізуде. Бүгінде бұл салаға Қытай, Германия, Испания мемлекеттерінің инвесторлары қызығушылық танытқан. Қалдықтарды жерге көмбей, жағу арқылы электр энергиясын алу эколог мамандардың да қызығушылығын арттырып отыр.
Негізгі аспект – бұл жобаны іске асыруда мемлекеттік қаражатты тартпай және өңдеуден кейін қалдықтардың түзілуін барынша азайтуды қамтамасыз ету болып табылады.