АУАНЫ ЛАСТАЙТЫН АВТОКӨЛІК ИЕЛЕРІ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛАДЫ

АУАНЫ ЛАСТАЙТЫН АВТОКӨЛІК ИЕЛЕРІ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, атмосфераға тарайтын улы заттардың мөлшерін азайтуға бағытталған «Таза ауа» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Акция көшедегі автокөліктерді рейдтік бақылау бағытында өтті. Іс шараның мақсаты қаладағы атмосфералық ауаның ластану деңгейін төмендету.
Рейд барысында Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мамандары, Шымкент қаласы бойынша экология департаментінің сынақ зертханасы және Шымкент қаласы патрульдік-бекеттік полиция экипажымен бірлесіп автокөліктен шығатын тыныс алуға зиянды, әрі ауа ластайтын шығарындылар тексерілді.
Рейдте көшедегі автокөліктер тоқтатылып, оның ішінде уыттылық пен түтінділік бойынша тиісті нормалардан асып түскен көлік жүргізушілер ҚР ӘҚБтК-нің 334-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Алдағы уақытта «Таза ауа» экологиялық акциясы тұрақты түрде жалғасатын болады.
Айта кететін, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық және экологиялық проблемалар бір-бірімен тығыз байланысты, олардың бірін шешу арқылы екіншісін жоққа шығаруға болмайтындығы және оның түйткілді мәселесін жылдам қолға алуды атап өтті.
Қоршаған ортаның жағдайы экономикалық саланың потенциалын тікелей қалыптастырады. Өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін ресурстар табиғи ортада алынады, ал фабрикалар мен зауыттардың өнімділігі олардың санына байланысты. Тазарту құрылыстарын сатып алуға және орнатуға, судың, ауаның, топырақтың ластануын жою жөніндегі шараларға жұмсалатын ақша мөлшері пайда мөлшеріне байланысты.
Әр елдің экономикамен байланысты экологиялық проблемаларының жеке тізімі бар. Оларды жою мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылады, бірақ бірінші кезекте оның салдары үшін жауапкершілік компаниялардың менеджментіне жүктеледі.
Сондықтан, елімізде «жасыл» экономикаға қадам басу саты-саты бойынша жүзеге асуда. Мәселен, 2013-2020 жылдарға арналған бірінші кезеңде инфрақұрылым құру, 2020-2030 жылдарға бекітілген екінші кезеңде жаңартылған қуат технологиясын пайдалану шарасы қарастырылған. Сол сияқты 2030-2050 жылдарға бағытталған келесі кезеңде үшінші өнеркәсіп төңкерісіне біртіндеп көшуді жүзеге асыру жүктелген. Мұнымен қоса, тұрғын үйлерге жылы су жеткізуді қамтып, көшеде соңғы еуростандарттағы көліктерді жүргізу, энергия саласына жауапты мамандар даярлайтын арнайы академия ашу жоспарға іліккен.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, қоғам...