ШЫМКЕНТТЕ 50 МЫҢҒА ЖУЫҚ АБОНЕНТ САПАЛЫ ЖАРЫҚҚА ҚОСЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ 50 МЫҢҒА ЖУЫҚ АБОНЕНТ САПАЛЫ ЖАРЫҚҚА ҚОСЫЛДЫ

Қаланың даму жоспарына сәйкес Батыс, Қайнарбұлақ, Нұрсәт елдімекендері ішкі жүйелерінің құрылыс жұмыстары аяқталып, бүгінде 50 мыңға жуық адам сапалы электр қуатына қосылуға мүмкіндік алды. Жергілікті халықты сапалы электр қуатымен қамту мақсатында биыл 6 нысанның, оның ішінде 5 елді мекенде ішкі жүйелерінің және 1 қосалқы стансаның құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Бүгінде Тұран, Түркістан, Ақжар шағынаудандарында ішкі электр жүйелерінің құрылысы жалғасуда. Жоба бойынша мердігер мекемелер 153,2 шақырым электр желілері мен 15 электр тарату бекетін, 38 трансформатор, 1 қосалқы станциясын орнатады.
Жалпы, жаңадан іске қосылған электр желілерінің нысандары арқылы кәсіпорындар да қуат көзіне қосылуға мүмкіндік алуда. Бүгінде Ақжар қосалқы станциясы арқылы темірбетон бұйымдарын өндіруге арналған жабдықтарды шығаратын зауыт - «DALA-CONSTRUCTION” ЖШС электр қуатына қосылды.
Шымкент қаласы бойынша орталық маңызы бар 747 көшенің 472 көшесі жарықтандырылған. Оның ішінде 2020 жылы 220 көше жарықтандырылса, 2021 жылы жоба аясында 137 көше жарықтандырылып, жарықпен қамту көрсеткіші 29,5 %-дан 48 %-ға өсті.
Ал 2022 жылы 115 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 48 %-ден 63 %-ға өсті. Сондай-ақ, 2023 жылы 104 көше жарықтандырылады. Қазіргі таңда, 6 айдың қорытындысымен жобалау-сметалық құжаттамалар толық әзірленіп, 49 көшеде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар биылғы жылы Яссауи көшесі жарықтандырылады. Сондай-ақ, 2024 жылы Сыздықов, Б.Момышұлы көшелері, 2025 жылы Б.Әлменов, Б.Саттарханов, Ж.Серікбаев, Ә.Тәжібаев көшесі жарықтандырылмақ.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында Шымкент қаласының Еңбекші ауданында кезекті рет «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске қосылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ