ШЫМКЕНТТЕ 8,76 ШАҚЫРЫМ ІШКІ ОРАМ ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҢАЛАНУДА

ШЫМКЕНТТЕ 8,76 ШАҚЫРЫМ ІШКІ ОРАМ ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҢАЛАНУДА

Қыста халықты үздіксіз, сапалы жылумен қамтамасыз ету мақсатында қазір қала аумағындағы дербес қазандықтарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгін қала әкімі М.Әйтенов бірқатар нысанды аралап, жылу маусымына дайындық шараларын пысықтады. Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы мен "Қуатжылуортталық-3" мекемесі арасындағы келісім шартқа сәйкес қаладағы 16 нысанда жалпы ұзындығы 8,76 шақырымды құрайтын ішкі орамдық жылу жүйелері ауыстырылуда.
Гагарин көшесінде жалпы ұзындығы 1500 метр құбырлар жаңартылуда. Осыған дейін мұнда 340 метр желі ауыстырылған. Ал 18 шағынаудандағы Ерімбетов - Рысқұлов көшелерінің қиылысында жалпы ұзындығы 808 метр құбырды демонтаждау жұмыстары атқарылуда.
Аталған аумақтарда жылу жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары өндірістік кестеге сай атқарылуда. М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға жылу жүйелеріндегі барлық ақаулықты ретке келтіріп, жылу маусымына дайындық жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін толық аяқтауды тапсырды.
Әл-Фараби ауданы аумағында 926 көп қабатты тұрғын үй бар. Оның ішінде 857 көп қабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Аталған көп қабатты тұрғын үйлерді жылу маусымына дайындау бойынша Қуатжылуорталық-3 мекемесімен бірлесе 2023-2024ж.ж арнайы іс-шара жоспары бекітілді.
Аталған іс-шараға сайкес, аппарат қызметкерлері аудан тұрғындарына жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу бойынша күн сайын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Тұрғындарға жылыту қондырғылары мен қазандықтарының техникалық жай-күйін, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын алдын ала жүргізіп, тиісті мекемемен келісім-шартқа тұру маңызды екені ескертілуде.
Жалпы қала аумағында орналасқан жылу жүйесінде 17 сорғы станциясы және 23 қазандық бар.
Бүгінде соның жетісі қысқы маусымға дайын. Қалған он сорғы станциясында дайындық жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Сонымен қатар, қаладағы тозған жылу құбырларын жаңартуға да үлкен мән беріліп отыр Атап айтқанда, 2023 жылы 6 185 метр жылу құбырын ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарланған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Тараз, Шымкент, Түркістан және Орал қалаларында жүзеге асырылған мектепке дейінгі мекемелерді ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жоба жоғары...

2024 жылы 56 962 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін 50 671 адам қатысып 89% орындалып отыр....

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. Президенттер қайғылы оқиғаға байланысты бір-біріне көңіл айтып, Маңғыстау облысында...