Түркістан қаласында Әмір Темір атындағы 300 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр. Мектеп құрылысы жыл соңына дейін аяқталады.
Айта кететін, биылғы жылы алғашқы қоңырау үнін қаламыздың 65 мектептебінде соғылған болатын.
4615 оқушы 1-сыныпқа аяқ басса, 11 сыныпты биыл 2631 түлегіміз тәмамдайды.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мердігерлермен кездесіп, жұмыс барысын пысықтады. Құрылыс сапасына басты назар аударуды тапсырды.
Сонымен қатар облыс басшысы қала аумағын жаяу аралап, бірқатар нысандарда жүріп жатқан жұмыс барысын бақылады. Сондай-ақ «Жеті ата» қақпасында болды. Тарихта киелі Түркістан қаласының 4 қақпасы жайлы айтылады. Сол 4 қақпаның бірі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен 620 метр қашықтықта орналасқан «Жеті ата» қақпасы. Бұл - қалаға келуші туристердің жиі баратын жері.
Қақпа 1928-1932жж. дейін сақталып келген. 2009 жылы қайта қалпына келтірілген. Мазараттың атауы Қожа Ахмет Ясауидің осында жерленген жеті мүридінің (шәкірті) кесенесімен байланысты.
Айта кететін, Түркістан қаласында ғарыштық технологияның қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік беретін еліміздегі жалғыз спутниктік робототехника үйірмесі бар. «UniSat» білім беру хабында бүгінде 30-ға жуық оқушы STEM курстарына қатысып, инженерлік дағдыларды игеріп келеді.
Спутниктік робототехника үйірмесі 2022 жылдың қыркүйек айында ЮНИСЕФ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және «Оқушылар сарайы» арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесінде ашылған.
Мекеме басшысы Индира Икапованың айтуынша хаб үйірмесі ашылғаннан кейін көп ұзамай қазан айында Түркістаннан 50 шақырым жерде атмосфераның жоғарғы қабатына ультразаманауи 2 наноспутник ұшырылған. Салмағы 1-10 келі аралығындағы шағын ғарыш аппараттары бірнеше камера және сенсорлармен жабдықталған. Осылайша, қазір ол наноспутниктердің көмегімен ауа температурасы, қысымы, ылғалдығы және ластануы туралы мәліметтер жинақталып жатыр.
Сонымен қатар, Түркістанды одан әрі дамыту бағытындағы жұмыстар үздіксіз жүргізіліп жатыр. Әкімшілік-іскерлік орталығындағы мектеп аумағындағы 1,75 гектар жерге түрлі ағаштар отырғызылып, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылған. 1072,0 м2 жерге ойын және спорт алаңшалары салынып жатыр. Сонымен қатар Б.Саттарханов даңғылынан әуежай бағытындағы 10,15 гектар аумаққа жайғасқан желілік саябақтың абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын. Аумаққа 836 ағаш егіліп, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылуда. Мұнда арка, субұрқақ және шатырлар қарастырылған. Ал 159 м2 аумаққа ойын алаңдары салынады.
«Отырар» мөлтек ауданын абаттандыру жұмыстарының басым бөлігі аяқталды. Мұнда 2,34 гектар аумақты алып жатқан субұрқағы бар гүлзар мен Яссы көшесі бойын жағалай орналасқан гүлзар құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Қазіргі таңда тұрғын үй аулаларын абаттандыру жұмыстары қарқын алды. Жоспар бойынша мөлтек аудандағы 3 аулаға ойын алаңшалары, 3 аулаға спорт алаңшалары салынады. Қозғалмалы орындықтар мен түрлі дизайндағы мафтар аула ажарын аша түспек.
Тағы айта кететін, жалпы биылғы жылдық жоспарда бөлім тарапынан 11 нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізу қаралған.
Бүгінде жоспар аясында бөлім 3 әлеуметтік нысан, 4 абаттандыру құрылысында, 4 нысанда инфрақұрылым жұмыстарын жүзеге асыруда.
Өткен жылы алғашқы кірпіші қаланған қалалық Мәдениет үйінің құрылысы бүгінде қарқынды жүруде.
500 орындықты көрермен залы бар нысанның 9 287 шаршы метр жеріне көгал егіліп, автотұрақ аумағымен де қамтылуда.
Одан бөлек, бөлім М.Тұрсынов көшесіндегі стадионды реконструкциялаумен айналысуда. Нәтижесінде стадионда 2050 орындық көрермен залы, автотұрақ аймағы орналасады.
Сонымен қатар, шаһардағы 32 гектар жерге инженерлік- инфрақұрылым жүйесі (кәріз, электр, ауыз су) тартылуда. Атап айтқанда, 4132 метрге су құбыры, 3490 метр жерге кәріз құбыры, 8225 метрге созылған электр желісі тартылуда.
"Арман" тұрғын үй кешенінде 5 қабатты 44 тұрғын үй мен Яссы көшесінде (2,98 гектар) абаттандыру жұмыстары атқарылды.
Қазіргі таңда, бөлім тарапынан 10 нысанға жобалау- сметалық құжаттама әзірленуде. Нәтижесінде орталықтағы 5 мектеп күрделі жөндеуден өткізу көзделуде.