ТҮРКІСТАН: «ҚЫЛУЕТТІҢ» ІШІ ЕРЕКШЕ ҮЛГІДЕ ЖАСАЛАДЫ

ТҮРКІСТАН: «ҚЫЛУЕТТІҢ» ІШІ ЕРЕКШЕ ҮЛГІДЕ ЖАСАЛАДЫ

500 орындық заманауи мешіттен және медеседен тұратын «Қылует» рухани орталығының ішкі дизайны да ерекше болмақ. Теңдесі жоқ бірегей жобаның құрылыс сапасы – басты назарда. Құрылыстың бірінші кезеңі аяқталған. Сәулеті мен маңызы ерекше нысанның құрылысы бойынша Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Жер асты мешітінің ішкі инфрақұрылымы тартылған. Қасбеті ақ мәрмәрмен қапталады. Бүгінде ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстарына күш салынған. Оның сәулеттік келбеті мен безендірілуі негізгі классикалық қалыпты сақтай отырып, ерекше жаңа стилде жасалған. Мешітке қазақтың бай ою-өрнектері қолданылған.
Басқосуда 4 мың шаршы метрден асатын мешіт аумағын абаттандыру жұмыстары талқыланды. Мешіттің құрылысы бойынша дін өкілдерінің ұсыныс-пікірлері ескерілуде.
Айта кетейік, бұл орталық толығымен демеушілердің қаржысымен тұрғызылуда. Жалпы мешіттің құрылысына еліміз бен түркі әлеміне танымал кәсіпкерлер демеушілік жасап отыр. Діни ғимарат 1 гектарға жуық аумақта орналасқан. Рухани орталықтың көлемі 3 мың шаршы метрге жуық. Жерасты мешітінің қасынан қарилар мен болашақ дін ғұламаларын даярлайтын медресе орналасқан.
Сонымен қатар, Түркістан облысында және Түркістан қаласында салынатын әрбір нысанның құрылысы сарапшылардың талдауынан өтіп барып жүзеге асады. Оның сәулеті, идеологиялық мәні талқыланып, құрылыс материалдары да қатаң сараптаудан өтеді.
Соған бір мысал, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен сәулеттік жобалар талқыланған жиында облыста салынатын және салынуы ықтимал нысандардың жобасы сараланды. Өңір басшысы әрбір сәулеттік жобаға жеке-жеке тоқталып, жауапты басқарма мен мамандарға тиісті тапсырмалар берген болатын.
– Елге қажетті әрі туризмді дамытуға серпін беретін нысандар салуға басымдық берілсін. Бос, қолданылмай тұратын ғимараттар керек емес. Жаңа ғимараттар қаланың Бас жоспарымен және даму тұжырымдамасымен үндесуі тиіс. Мәселен, спорт ғимараттарын алайық. Қанша ғимарат керек? Қайда орналасқаны жөн? Ол салынған тұрғындарға қаншалықты оң әсер етеді? Мәдениет, туризм, білім нысандарын салуда осы сұрақтар назарға алынып, сәулетшілер аталған сала өкілдерімен ақылдасулары қажет. Әр ғимарат қаланың сәніне сән қосатындай сәнді әрі өзара үйлесімді болғаны абзал. Тарихи-мәдени орталық маңындағы жеке үйлерден саяхатшыларға арналған шағын хостелдер жасақтау үшін жобалар ұсынылсын. Ол үйлер қазақы нақыштағы ою-өрнектермен безендірілуі керек, – деген еді өңір басшысы Дархан Сатыбалды мырза.
Айта кететін, Сауран секторындағы № 7 және №9 үйлер алдына суару жүйелері тартылып, №16 үйдің кәріз жүйесіне тазаланды. М.Өтемісұлы көшесіне қоқыс жәшіктері қойылып, балалар ойын алаңшасының құрылысы басталды.
Сондай-ақ, тұрғындар сұранысы бойынша №22 көше мен Б.Майлин көшесінде тазалық жұмыстары бақылауға алынды.
Ж.Қыдыр көшесіндегі №83, №84 тұрғын үйлердің ауласындағы ауыз су құбырлары жаңартылып, Балақаев көшесі №49/3 тұрғын үйдің жертөлесіндегі кәріз жүйелері қалпына келтірілді.
Баянауыл елдімекенінде кәріз жүйесінің құрылысы басталды.
Тұран мөлтек ауданындағы электр желісі жаңартылып, жаңа трансформатор қойылды. Және Көктем мөлтек ауданы трансформатормен қамтылды.
Саққорған көшесі мен Баққоныс көшесіне, Алғабас және Үржар көшесінің қиылысына балалар ойын алаңшасы салынды.
Одан бөлек, Н.Төреқұлов мектебі алаңында балалар ойын алаңшасы бой көтеруде.
Т.Бокин көшесіндегі көппәтерлі үйлер ауласындағы абаттандыру жұмыстарының 90% жұмысы жасалып үлгерді.
Тапсырмалардың жүйелі орындалуы қала әкімінің бақылауында.
Бұдан бөлек, шаһар басшысы қала әкімдігі тарапынан құрылыс сапасына қатысты көтерілген мәселелер бойынша мердігерлерге 89 ескерту берілгенін, сотқа 82 хат жолданып, 8 мердігерге айыппұл салынғанын, облыстық сәулеттік-құрылыстық бақылау мекемесіне 22 ұсыныс хат жолданғанын атап өтті. Жұмысын толық аяқтамаған компанияларды жосықсыз деп танығанымен мәселе шешілмейтінін ескере келе, көпқабатты кей үйлердің кемшіліктерін демеушілер арқылы шешу қолға алынғанын жеткізді.
Түркістанды дамыту – ортақ мәселе!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Су ресурстары және ирригация министрлігі 6 облыс әкімдігімен бірлесіп елді мекендерді көктемгі су тасқынынан қорғау мақсатында 56 жобаны іске асырып жатыр, деп...