БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ АЛМАЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ АЛМАЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбековтің Жарықбас ауылында Алмалы ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі өтті. Есепті кездесуде Ержігіт Шәріпбеков тұрғындарға аудан көлеміндегі және округтегі атқарылып жатқан бірқатар жоспарлы жұмыстарды баяндап өтті.
- Ағымдағы жылы Сіздермен 2 есепті кездесу өткен болатын, сол кезде округтің маңызды 10 мәселесін көтердіңіздер. Сол мәселелерді шешу бойынша арнайы іс-шара жоспары жасалып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күнге нақты 7 мәселе өз шешімін тауып, қалған 3 мәселе бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда, - деді аудан әкімі.
Биылғы жылдың қазан айында округке қарасты Бәйдібек ата елді мекенінде құрылысы жүргізіліп жатқан дене шынықтыру және сауықтыру кешенін пайдалануға беру жоспарлануда. Одан бөлек аталған елді мекенде орталық саябақтың құрылысы жүргізілуде.
Қазіргі таңда аудандағы 8 елді мекенге (Қошқар ата, Тұрақты, Жұлдыз, Қаратас, Ақжар, Кеңсай, Жарықбас, Алмалы) жеткізуші және ішкі газ тораптарының құрылысына жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде.
Республикалық бюджеттен 6 елді мекенді (Ағыбет, Шақпақ, Қазата, Бәйдібек ата, Кеңестөбе, Жиенқұм) табиғи газбен қамтамасыз етуге және «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында 4 елді мекенге (Алғабас, Тайманов, Ж.Боралдай, Теректі) қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар 8 елді мекеннің (Ағыбет, Шалдар, Бәйдібек ата, Кеңестөбе, Тайманов, Түйетас, Жамбыл, Мыңбұлақ) ауыз су жүйесін қайта құру жұмыстарына ЖСҚ әзірлеуге қажетті қаржылары аудан бюджетінен қарастырылып, мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізілу үстінде.
Аудан әкімінің бүгінгі Алмалы ауылдық округі тұрғындарымен өткен есепте кездесуінде бірқатар өтініштер мен ұсыныс-пікірлер айтылды. Айтылған ұсыныс-пікірлер назарға алынып, қойылған бірқатар сұрақтарға жауаптар берілді.
Жиында аудан әкімі көтерілген мәселелерді шешу бойынша арнайы іс-шара жоспары жасалып, жүйелі жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.
Алмалы ауылдық округі тұрғындарымен өткен бүгінгі жиынға аудандық мәслихаттың төрағасы Асқар Кенехан, аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, барлық бөлім, мекеме басшылары қатысты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесінің өткен жолғы отырысында берген...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес тау-кен металлургия кешенін дамыту жөніндегі...

Шымкент қаласы медициналық туризмді дамыту бағытында жоғары технологиялық мамандандырылған медициналық көмек көрсететін алдыңғы қатарлы қалаға...

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыс берушілер 5,1 млн жұмыскердің пайдасына 464 млрд теңге сомасына міндетті зейнетақы жарналарын аударды,...