Бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков бекітілген кестеге сәйкес Ақтас ауылында Борлысай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Кездесуде аудан әкімі ағымдағы жылдың 8 айында атқарылған жұмыстармен қатар алдағы жоспарларды баяндады.
Есепті баяндамасында Ержігіт Шәріпбеков бұған дейінгі кездесулерде тұрғындар тарапынан көтерілген Кеңсай мектебінің жанынан ойын алаңшасын салып, айналасын бау-бақшаға айналдыру мәселесі бойынша жоба әзірленіп, қаржы көздері қарастылуда екендігін жеткізді.
Сонымен қатар биыл округ орталығы Ақтас ауылындағы екі көшеге «Ауыл Ел-бесігі» жобасы бойынша орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша Ақтас-Шұқыршақ елді мекендеріне жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды. Қошқар ата, Кеңсай елді мекендеріне жеткізуші және ішкі газ тораптарының құрылысына жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде.
Аудан әкімінің Борлысай ауылдық округі тұрғындарымен өткен бүгінгі кездесуінде бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Округ тұрғындары спорт кешенін салу, электр бағаналарын жаңалау, ауыз су, ішкі көшелерге тас төсеу және асфальттау, газ, Ақтас мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және басқа да әлеуметтік мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді.
Жиында көтерілген мәселелер бойынша аудан әкімі жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырма берді.
Борлысай ауылдық округі тұрғындарымен өткен бүгінгі жиынға аудандық мәслихаттың төрағасы Асқар Кенехан, аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, барлық бөлім, мекеме басшылары қатысты.
Айта кетеін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы «Азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел әрі тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру» міндетін қойды. Содан бері билік пен қоғам арасындағы байланыс механизмдері жетілдірілді.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстану аса маңызды. Біз қоғамға іріткі салуды емес, елді ізгі мақсатқа жұмылдыруды ойлауымыз керек. Әділетті Қазақстан идеясының түпкі мәні – осы.
Мемлекет басшысының бастамалары Қазақстанның болашағын айқындайтындығын нақты жеткізе келе, алдағы жолдың қиындығына қарамай ауқымды саяси өзгерістерді ашықтық, әділдік және өзара сенім арқылы жүзеге асыруымыздың маңызылығына тоқталды.
Елімізде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында түрлі мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда. Халықтың әлеуметтік жағдайын арттыруға бағытталған мұндай бағдарламаларды біреу білсе, біреу білмей жатады. Сол себепті мұндай бағдарламалардың жұрт игілігін көруі үшін осы жобаларды насихаттап, түсіндіру де маңызды болып отыр.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тәсілі қоғамда әртүрлі көзқарастар болатынын мойындайды. Әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне, этникалық тегіне, жынысына немесе басқа факторларға қарамастан барлық дауыстардың ескерілуін қамтамасыз ету үшін қадамдар жасайды.
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындаудың негізгі тетіктерінің бірі, ол – мемлекеттік органдар тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне уақытылы және сапалы жауап беру.
Азаматтарға олардың үлестері саяси шешімдерге қалай әсер еткені туралы кері байланыс тетіктерін құру өте маңызды. Бұл олардың дауыстары бағаланатынын және байыпты қабылданатынын көрсетуге көмектеседі.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тәсілі қоғамда әртүрлі көзқарастар болатынын мойындайды. Әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне, этникалық тегіне, жынысына немесе басқа факторларға қарамастан барлық дауыстардың ескерілуін қамтамасыз ету үшін қадамдар жасайды.
Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындаудың негізгі тетіктерінің бірі, ол – мемлекеттік органдар тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне уақытылы және сапалы жауап беру.
Азаматтарға қолайлы болу үшін интернет-ресурста «Халықпен жұмыс» бөлімі ашылған, онда нормативтік-құқықтық актілер, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы және өтінішті қалай жолдау керектігі туралы ақпараттар орналастырылған.
Тұжырымдаманы іске асыруда «Ашық үкімет» жобасын атап айтуға болады. Оның мақсаты – ашық және халық алдында есеп беруге міндетті мемлекетті құру, азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту. Мәселен, «Ашық диалог» порталы мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы тиімді кері байланысты орнатуға арналған.