КЕЛЕС: БОЗАЙ МЕН ЖАМБЫЛДЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУДЫҢ ЖАҢА ЖОСПАРЫ ҚАРАЛУДА

КЕЛЕС: БОЗАЙ МЕН ЖАМБЫЛДЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУДЫҢ ЖАҢА ЖОСПАРЫ ҚАРАЛУДА

Келес ауданына қарасты Бозай және Жамбыл ауылдық округтері аудан орталығынан шалғайда орналасқан экономикалық тиімсіз аймақ болып есептеледі. Дегенмен ондағы тұрғындарды мүмкіндігінше қолайлы инфрақұрылыммен қамту шаралары атқарылып келеді. Атап айтқанда биыл Бозай ауылына таза ауыз жүйесі тартылуда. Нысан жыл соңына дейін қолданысқа беріледі. Сонымен қатар Жамбыл және Бозай ауылдық округтерінің елді мекендерін табиғи газбен қамту бойынша «Шардара» АГТС-нен газ жеткізу құбырын салу жоспары қосымша қаралуда. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың Бозай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде айтылды.
Кездесу барысында аудан басшысы Бозай ауылдық округінің даму персвективасына тоқталып, атқарылар шараларды атап өтті. Сондай-ақ өткен кездесулерде көтерілген мәселердің шешілу барысын баяндады.
- Өздеріңізбен кездесудегі мақсат ауылдың әлеуетен көтеру жолында бірлесе жұмыс атқару, пікірлеріңізді тыңдап, алдағы жоспарға енгізу болып табылады. Өткен кездесуде қозғалған түйткілдерді шешу үшін арнайы іс-шара жоспары істелді. Атап өтсем, Тартоғай елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін су сүзгісін (Омега фильтрі) орнатылып, ауылға таза ауыз су берілді. Сонымен қатар, Бозай ауылдық округі бойынша ортақ жайылым 10 020 гектарға ұлғайтылды. Меморандуммен 250,0 мың га қосымша келісім шарттар түзілген, - деген аудан әкімі ауылдардың инфрақұрылымын дамыту жоспарымен бөлісті.
Биыл Бозай ауылы ауыз сумен қамтылып, алдағы жылдары ішкі көшелерге аяқ жолдар мен түнгі жарық шамдары орнатылмақ. Сонымен қатар жаңа спорт кешенін салу жоспарға енген. Оқушыларды қолайлы білім базасымен қамту үшін Тентексай ауылындағы №58 Ы.Алтынсарин мектебіне қосалқы ғимарат құрылысы үшін қажетті шаралар атқарылуда.
Кездесу барысында тұрғындар көкейіндегі сауалдарын аудан басшысына жолдап, тиісті жауаптарын алды. Жеке мәселелерімен келген тұрғындардың уәжіне құлақ түрген аудан әкімі мәселелерді шешу үшін жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмаларды жүктеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Еуразия ұлттық университетінің студенттері мен магистранттарына және докторанттарына арналған 2656 орындық жаңа жатақхананы аралап...

Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Түркістан облысы мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысты,...