САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ СҰРАҚТАРЫМЕН ҚАБЫЛДАДЫ

САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ СҰРАҚТАРЫМЕН ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аудан әкімінің жеке қабылдауында 14 тұрғынның өтініштері қаралды.
Қабылдауға келген аудан тұрғындары тұрғын үй кезегі, коммуналдық тұрғын үйлерді жекешелендіру, кәсіп бастау, тұрғын үй беру, мектеп және жер мәселелері жөнінде ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Аудан басшысы қабылдау барысында тұрғындар көтерген барлық өтініштерге нақты жауап беріп, әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастырды.
Сондай-ақ, қосымша зерделеуді талап ететін мәселелерді жіті бақылауында ұстайтындығын айтып, жауапты дербес бөлім басшылары мен қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне тұрғындардың мәселелерін қолданыстағы заңнама аясында шешуді тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Көлік министрлігі жаңа халықаралық әуе маршруттарын іске қосу аясында тұрақты жұмыс жүргізуде. Осы жылдың мамыр айынан бастап Қазақстаннан 10...

Қостанайға жұмыс сапары барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е.Нағаспаев өңірдегі бірқатар өндірістік нысандарды аралады. ​Министр Индустриалды аймақтағы Kia...

Мәртебелі меймандар Қаржы орталығының жетістіктерімен танысты. Сондай-ақ АХҚО Соты, Қаржы қызметін реттеу комитеті, биржа және Халықаралық төрелік...