Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың есепті кездесуі Тегісшіл ауылдық округінен бастау алды. Тұрғындар алдында есеп берген аудан басшысы биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығын қорытындылап, іске асқан жұмыстардың мән-жайын баяндады. Алға қойылған мақсат-міндеттер мен қолға алынатын маңызды жобаларды халыққа жеткізді.
- Бүгін өздеріңізбен арнайы жүздесіп, маңызды мәселелерді талқылау үшін келіп отырмын. Ең алдымен атқарылған жұмыстарлы саралап, жоспарларды нақтылайтын боламыз. Біздің басты мақсат-халықтың табысын арттыру, қордаланған мәселелерін шешу, әрбір елді мекенін дамыту арқылы тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау біз үшін өте маңызды, -деді аудан басшысы.
Кездесуде тұрғындар тарапынан жол жөндеу, дәрігерлік амбулатория, жұмыспен қамту, спорт алаңшасын салу, тұрғын үй салу үшін жер учаскесін беру, тазалық мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, өтініштер айтылды. Әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдаған аудан басшысы әрбір ұсыныс пен өтініш хаттамаға енгізіліп, алдағы уақытта тиісті жұмыс жүретінін айтты. Ашық пікір алмасу өтіп, күрделі мәселелердің түйіні тарқатылды.
Кездесуден кейін, аудан басшысы тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, талап-тілектерін тыңдап, заң аясында жауап берді.
Аудан басшысы тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, алдағы уақытта заңға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.
Айта кетеін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы «Азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел әрі тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру» міндетін қойды. Содан бері билік пен қоғам арасындағы байланыс механизмдері жетілдірілді.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстану аса маңызды. Біз қоғамға іріткі салуды емес, елді ізгі мақсатқа жұмылдыруды ойлауымыз керек. Әділетті Қазақстан идеясының түпкі мәні – осы.
Мемлекет басшысының бастамалары Қазақстанның болашағын айқындайтындығын нақты жеткізе келе, алдағы жолдың қиындығына қарамай ауқымды саяси өзгерістерді ашықтық, әділдік және өзара сенім арқылы жүзеге асыруымыздың маңызылығына тоқталды.
Елімізде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында түрлі мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда. Халықтың әлеуметтік жағдайын арттыруға бағытталған мұндай бағдарламаларды біреу білсе, біреу білмей жатады. Сол себепті мұндай бағдарламалардың жұрт игілігін көруі үшін осы жобаларды насихаттап, түсіндіру де маңызды болып отыр.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тәсілі қоғамда әртүрлі көзқарастар болатынын мойындайды. Әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне, этникалық тегіне, жынысына немесе басқа факторларға қарамастан барлық дауыстардың ескерілуін қамтамасыз ету үшін қадамдар жасайды.
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындаудың негізгі тетіктерінің бірі, ол – мемлекеттік органдар тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне уақытылы және сапалы жауап беру.
Азаматтарға олардың үлестері саяси шешімдерге қалай әсер еткені туралы кері байланыс тетіктерін құру өте маңызды. Бұл олардың дауыстары бағаланатынын және байыпты қабылданатынын көрсетуге көмектеседі.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тәсілі қоғамда әртүрлі көзқарастар болатынын мойындайды. Әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне, этникалық тегіне, жынысына немесе басқа факторларға қарамастан барлық дауыстардың ескерілуін қамтамасыз ету үшін қадамдар жасайды.
Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындаудың негізгі тетіктерінің бірі, ол – мемлекеттік органдар тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне уақытылы және сапалы жауап беру.
Азаматтарға қолайлы болу үшін интернет-ресурста «Халықпен жұмыс» бөлімі ашылған, онда нормативтік-құқықтық актілер, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы және өтінішті қалай жолдау керектігі туралы ақпараттар орналастырылған.
Тұжырымдаманы іске асыруда «Ашық үкімет» жобасын атап айтуға болады. Оның мақсаты – ашық және халық алдында есеп беруге міндетті мемлекетті құру, азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту. Мәселен, «Ашық диалог» порталы мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы тиімді кері байланысты орнатуға арналған.