Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай 2023 жылғы III-тоқсанда атқарылған жұмыстар бойынша есеп беру, кездесуін бастады. Аудан әкімі кездесуді Достық, Ақшеңгелді, Сүткент және Қызылқұм ауылдық округтерінде өткізіп, аудан бойынша атқарылған жұмыстарды баяндап, кездесу өткен төрт ауылда алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, әл ауылдың тұрғындарына жеке қабылдау өткізді.
Кездесу барысында әр ауылдық округ бойынша мәселелер айтылып, сауалдар қойылды.
Атап айтқанда, Достық ауылындағы емхананың қоршауын жөндеу, мектеп ғимаратын күрделі жөндеу, ауыз су сапасын арттыру, жекеменшік ағын су каналдарын тазалау, Ақшеңгелді ауылының тұрғындарымен кездесуде ағын су каналдарын жөндеу, интернет мәселесі, конкурспен жер алу, Сүткент ауылында абаттандыру, емхана құрылысы, мақта бағасы, 2,5 пайыз несие, ауыз су, каналдарды батондау, газ құбырының мәселесі, ақылы қоғамдықпен жұмысқа тұру, атаулы әлеуметтік көмек алу, жер мәселесі және Қызылқұм ауылынан жайылымдық жер, мал өлексесін тастау орнының мәселесі, электр бағаналарын реттеу, каналдарды бетондау, ветеринар мәселесі, азық-түлік бағасын төмендету бойынша әлеуметтік дүкен ашу, ағын су бағасы және басқа да жеке қабылдауда да мәселелер көтерілді.
«Кездесудегі мақсатымыз – тұрғындармен еркін пікір алмасып, маңызды мәселелерді талқылау. Себебі ауылдардағы проблемаларды жергілікті тұрғындар жақсы біледі. Аудан халқының ең басты күнкөрісі диқаншылық. Сондықтан жердің жағдайын жақсарту бойынша барынша жұмыс жасаймыз. Алдағы уақытта ауылдық округтерді абаттандыру, жарықтандыру, жол салу, жаңа инфрақұрылым тарту жұмыстары қарқынды жалғасады. Біз үшін әр тұрғынның мәселесі маңызды. Сіздермен әр тоқсан сайын кездесіп,есеп беріп тұрамыз. Сондықтан әрқайсысыңыздың мәселеңізді тыңдап, оны шешу бойынша тиісті жұмыстар істейміз»- деді аудан басшысы.
Аудан әкімі әр елді мекендегі проблемалық мәселелерден хабардар екенін жеткізіп, шешу жолдары мен мерзімдерін түсіндірді.