САРЫАҒАШ: АУДАНДА ЖОСПАРЛЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮЙЕЛІ АТҚАРЫЛУДА

САРЫАҒАШ: АУДАНДА ЖОСПАРЛЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮЙЕЛІ АТҚАРЫЛУДА

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Жібек жолы ауылдық округі тұрғындарымен кездесті. Алдыңғы кездесуде көтерілген мәселелердің қаншалықты орындалғанын тұрғындар алдында баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Кездесудің басым бөлігі тұрғындардың көкейкесті сұрақтарына жауап беруге арналды.
-Тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау – жергілікті биліктің басты міндеті. Ең алдымен атқарылған жұмыстарлы саралап, жоспарларды нақтылайтын боламыз. Айта кетсем, алдыңғы кездесулерде көтерілген 76 мәселенің 13 мәселе шешілді ,19 шешілу үстінде 44 кезең-кезеңімен шешімін табу жоспарлануда. Біздің басты мақсат-халықтың табысын арттыру, қордаланған мәселелерін шешу, әрбір елді мекенін дамыту арқылы тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау біз үшін өте маңызды, -деді аудан басшысы.
Кездесуде ауыл тұрғындары тарапынан аудан басшысына балалар ойын алаңшасы, қоқыс, жол жөндеу, жер мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, заң аясында тиісті жауаптар берілді. Ауыл тұрғындары өздерімен ашық сұхбаттасуға келген аудан басшысына өз ризашылықтарын білдіріп, алдағы жоспарланған жұмыстарына сәттілік тіледі.
Кездесуден кейін аудан басшысы тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, өтініштерін тыңдап, заң аясында жауап берді.
Аудан басшысы тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, кезең-кезеңімен шешілу жолдары қарастырылып, алдағы уақытта заңға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.
Айта кетеін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы «Азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел әрі тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру» міндетін қойды. Содан бері билік пен қоғам арасындағы байланыс механизмдері жетілдірілді.
Елімізде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында түрлі мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда. Халықтың әлеуметтік жағдайын арттыруға бағытталған мұндай бағдарламаларды біреу білсе, біреу білмей жатады. Сол себепті мұндай бағдарламалардың жұрт игілігін көруі үшін осы жобаларды насихаттап, түсіндіру де маңызды болып отыр.
«Еститін мемлекет» бірінші кезекте халықтың үніне құлақ салып, олардың мұң-мұқтажын ескеруі тиіс.
Мұны президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында атап өткен болатын. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында халық пен билік арасында диалог болуы шарт деген бағытты барлық мемлекеттік қызметшілер ұстануы шарт.
Ұлттық құрылыстың қазіргі кезеңінде Қазақстан Республикасы қарқынды саяси өзгерістер кезеңін бастан кешіп жатыр. Саяси модернизацияның тұжырымдамалық фрейміне «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» моделі арқау болды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» — бұл үкіметтің азаматтармен өзара әрекеттесу, оларды толғандыратын мәселелер мен қажеттіліктерін түсіну бойынша белсенді күш-жігеріне баса назар аударатын мемлекеттік саясат тұжырымдамасы. Бұл тұжырымдама үкімет пен қоғам арасындағы ашық әрі айқын байланыс арналарын құруды көздеп, шешімдерді әзірлеу және қабылдау процесінде азаматтардың дауысын естуге және ескеруге бағытталған.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тәсілі ақпаратты жай ғана тарату немесе «жоғарыдан төменге» саясатын жүзеге асыруға қарағанда, тиімді басқару бұдан да көп нәрсені қажет ететінін көрсетеді. Яғни кері байланыс, идеялар мен қоғамдық пікірді белсенді іздеудің маңызын мойындайды. Бұған қол жеткізуге жәрдемдесетін түрлі құралдар бар: қоғаммен кеңесу, сауалнамалар, жалпы жиналыстар, онлайн форумдар және басқа да қатысу тетіктері.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекетте» Үкімет азаматтарға ойларымен, идеяларымен және пікірлерімен алмасу үшін қолжетімді және ыңғайлы платформалар ұсынады. Бұл сандық платформалар және қоғамдық жиналыстар сияқты құралдар арқылы немесе т.б. жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекет азаматтардың наразылығын күтпей, олармен араласу мүмкіндіктерін белсенді түрде іздейді. Бұл әртүрлі дауыстарды тыңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін белгілі бір қауымдастықтарға немесе қызығушылық топтарына жүгінуді қамтуы мүмкін.
Мемлекет азаматтардың саясаттың қалай тұжырымдалатынын және жүзеге асырылатынын түсінуін қамтамасыз ете отырып, шешім қабылдау үдерісінің ашықтығын көрсетеді. Мұндай ашықтық мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға көмектеседі.
Азаматтарға олардың үлестері саяси шешімдерге қалай әсер еткені туралы кері байланыс тетіктерін құру өте маңызды. Бұл олардың дауыстары бағаланатынын және байыпты қабылданатынын көрсетуге көмектеседі.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тәсілі қоғамда әртүрлі көзқарастар болатынын мойындайды. Әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне, этникалық тегіне, жынысына немесе басқа факторларға қарамастан барлық дауыстардың ескерілуін қамтамасыз ету үшін қадамдар жасайды.
Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындаудың негізгі тетіктерінің бірі, ол – мемлекеттік органдар тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне уақытылы және сапалы жауап беру.
Азаматтарға қолайлы болу үшін интернет-ресурста «Халықпен жұмыс» бөлімі ашылған, онда нормативтік-құқықтық актілер, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы және өтінішті қалай жолдау керектігі туралы ақпараттар орналастырылған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қостанайға жұмыс сапары барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е.Нағаспаев өңірдегі бірқатар өндірістік нысандарды аралады. ​Министр Индустриалды аймақтағы Kia...

Креативті индустрияларды дамыту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі, бұл сала Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. «Креативті индустрия...