СОЗАҚ: ҚҰМКЕНТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ АЛДА АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫСТАР АШЫҚ АЙТЫЛДЫ

СОЗАҚ: ҚҰМКЕНТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ АЛДА АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫСТАР АШЫҚ АЙТЫЛДЫ

Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Құмкент ауылдық округінде болып, белгілінген кестеге сай тұрғындармен кездесті. Онда ағымдағы жылы аудан көлемінде атқарылар жоспарларымен бөлісіп, ауылдық округте жасалатын жұмыстарды баяндады.
-Мен мұнда белгіленген кестеден тыс уақытта да жиі келіп тұрамын. Ондағы мақсатымыз өзекті мәселелерді талқылап, шешу жолдарын қарастыру. Бұған дейін айтылған ұсыныстарыңыз назарға алынып, орындау үшін тиісті жұмыстар атқарылуда. Сіздердің сұраныстарыңызға орай биылғы жылға облыстық бюджеттен «Жылыбұлақ» каналына бастапқы қаржысы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталғалы отыр. Сондай-ақ жергілікті бюджет есебінен Қызылкөл елді мекеніндегі Л.Бөкенов, Қ.Төлеуұлы, Құмкен ауылында демеушілер есебінен Амангелді және К.Берденұлы көшелеріне жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Қыркүйек айының соңына дейін Абай және Ш.Уалиханов көшелерін де қамту үшін тиісті шаралар атқарылуда. Бұдан бөлек Құмкент ауылындағы орталық алаң күрделі жөндеуден өтеді. Бүгінде тиісті қаржысы қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Біз мұнымен тоқтатпаймыз. Алдағы жылға Құмкент ауылдық округінде атқарар нақты жоспарларымыз бар. Қазіргі таңда жалпы аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы тек халқтың игілігі үшін,-деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.
Жиында тұрғындар атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алғыстарын жеткізді. Аудан басшысы халықпен кездесудегі басты мақсатымыз алдағы жоспарларды ашық айтып, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, соның төңірегінде жұмыс жасалатынын айтты.
Айта кетеін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы «Азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел әрі тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру» міндетін қойды. Содан бері билік пен қоғам арасындағы байланыс механизмдері жетілдірілді.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстану аса маңызды. Біз қоғамға іріткі салуды емес, елді ізгі мақсатқа жұмылдыруды ойлауымыз керек. Әділетті Қазақстан идеясының түпкі мәні – осы.
Мемлекет басшысының бастамалары Қазақстанның болашағын айқындайтындығын нақты жеткізе келе, алдағы жолдың қиындығына қарамай ауқымды саяси өзгерістерді ашықтық, әділдік және өзара сенім арқылы жүзеге асыруымыздың маңызылығына тоқталды.
Елімізде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында түрлі мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда. Халықтың әлеуметтік жағдайын арттыруға бағытталған мұндай бағдарламаларды біреу білсе, біреу білмей жатады. Сол себепті мұндай бағдарламалардың жұрт игілігін көруі үшін осы жобаларды насихаттап, түсіндіру де маңызды болып отыр.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тәсілі қоғамда әртүрлі көзқарастар болатынын мойындайды. Әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне, этникалық тегіне, жынысына немесе басқа факторларға қарамастан барлық дауыстардың ескерілуін қамтамасыз ету үшін қадамдар жасайды.
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындаудың негізгі тетіктерінің бірі, ол – мемлекеттік органдар тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне уақытылы және сапалы жауап беру.
Азаматтарға қолайлы болу үшін интернет-ресурста «Халықпен жұмыс» бөлімі ашылған, онда нормативтік-құқықтық актілер, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы және өтінішті қалай жолдау керектігі туралы ақпараттар орналастырылған.
Тұжырымдаманы іске асыруда «Ашық үкімет» жобасын атап айтуға болады. Оның мақсаты – ашық және халық алдында есеп беруге міндетті мемлекетті құру, азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту. Мәселен, «Ашық диалог» порталы мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы тиімді кері байланысты орнатуға арналған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Еуразия ұлттық университетінің студенттері мен магистранттарына және докторанттарына арналған 2656 орындық жаңа жатақхананы аралап...

Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Түркістан облысы мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысты,...