САЙРАМ: КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ КӨЛКЕНТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ

САЙРАМ: КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ КӨЛКЕНТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ

Бүгін аудан әкімі Арман Сәбитовтың Көлкент ауыл округінің тұрғындарымен lV тоқсандағы кезекті кездесуі өтті.
Мұндай басқосулар - проблемалық аймақтарды көріп, халықпен бірлесе шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді.
Кезекті кездесуде халық аудан басшысы А. Сәбитовке ауылдағы инфрақұрылым мәселелерін жеткізіп, ТҮКШ бөлімінің басшысы Б. Бейсембаевтан ауыз су, табиғи газ және жолдар сияқты инфрақұрылым желілерінің құрылыс жұмыстары қашан шешілетінін сұрады. Мәселен, Ақсуабад елді мекеніндегі №76 ЖОМ мектепке баратын жол жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Ауыл әкімінің айтуынша, Т.Рүстемов көшесінде орналасқан №76 ЖОМ-не баратын жолдың жалпы ұзындығы-1,3 ш.қ. құрайды. Бұл орайда аудан әкімі А.Сәбитов қазір аталған жерге 195 млн. теңге құны жобаға ЖСҚ әзірленгенін атап өтті. Аталған Т.Рустемов көшесінен басқа Көлкенттегі тағы 6 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілетінін айтып ауыл халқын қуантып қойды. Жоспарға сәйкес жол жөндеу жұмыстары 2024 жылы басталуы тиіс.
Бұдан бөлек, кездесуде халық Ақсуабад ауылына табиғи газ құбыры тартылмағанын айтты. Бүгінгі таңда аталған ауылға табиғи газ жүйесін іске қосу жұмыстарын «Ақ Орда Коорпорациясы» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Биыл құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Жаңадан салынған аумақтарда және жобаға кірмеген жаңадан салынған тұрғын үйлерде құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін қосымша сметалық құжаттама әзірленетін болады.
Мұнан соң, аудан әкімі Арман Сәбитов Көлкент елді мекеніндегі Үштөбе жаңақұрылыс аумағында барды. Аталған аймақта ауыз су құбырларын тарту мәселесі қаралды. Биыл су мұнарасы және су ұңғымасына жергілікті бюджет есебінен 15.3 млн. теңге қаржы бөлінген. Көлкент елді мекені Үштөбе тұйық көшесіне су мұнарасы орнатылып, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Тек аталған аумақта ауыз су жүйелері болмағандықтан су ұңғысы іске қосылмауда. Бүгінде ауыз су жүйелерін жүргізу үшін ЖСҚ әзірленіп, қажетті қаражатты қарастыру үшін бюджетке ұсыныс берілген.
Айта кететін, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы халық пен биліктін арасын жақындата отырып, халықтың мұң мұқтажын тиісті дәрежеде орындау.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Билік пен қоғам арасындағы диалог нығая түсті. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына баса мән беріліп отыр. Бұл ауқымды жұмысты бүкіл қоғамымыз бірлесе атқарды. Дегенмен, осымен тоқтап қалуға болмайды. Бәріміз осы сара жолмен ілгері жүруіміз керек.
Тағы бір аса маңызды реформа – Президенттің бір ғана мерзімге сайлануы. Біздің аймақтағы қай мемлекетті алып қарасаңыз да, мұндай өзгеріс мүлдем болмаған. Сондықтан бұл реформа демократия жолындағы батыл қадам деп сенемін. Тәуекелге бел бусақ та, осындай шешім халқымыздың жарқын болашағы үшін керек деп кәміл сенемін» деп айтып өткен болатын.
Айта кететін, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында мем­лекеттік институттардың рөлін ны­ғайту, азаматтардың құқықтары мен бо­стандықтарын қорғау, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мәселелерін кеңі­нен сөз етті. Жолдауда қазіргі әлеу­меттік-экономикалық жағдайға жан-жақты, терең талдау жасап қана қоймай, оның шешу жолдарын да көрсетіп берді.
Ұлттық құрылыстың қазіргі кезеңінде Қазақстан Республикасы қарқынды саяси өзгерістер кезеңін бастан кешіп жатыр. Саяси модернизацияның тұжырымдамалық фрейміне «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» моделі арқау болды. «Listening State» («Құлақ асатын/еститін мемлекет») — бұл үкіметтің азаматтармен өзара әрекеттесу, оларды толғандыратын мәселелер мен қажеттіліктерін түсіну бойынша белсенді күш-жігеріне баса назар аударатын мемлекеттік саясат тұжырымдамасы. Бұл тұжырымдама үкімет пен қоғам арасындағы ашық әрі айқын байланыс арналарын құруды көздеп, шешімдерді әзірлеу және қабылдау процесінде азаматтардың дауысын естуге және ескеруге бағытталған.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тәсілі ақпаратты жай ғана тарату немесе «жоғарыдан төменге» саясатын жүзеге асыруға қарағанда, тиімді басқару бұдан да көп нәрсені қажет ететінін көрсетеді. Яғни кері байланыс, идеялар мен қоғамдық пікірді белсенді іздеудің маңызын мойындайды. Бұған қол жеткізуге жәрдемдесетін түрлі құралдар бар: қоғаммен кеңесу, сауалнамалар, жалпы жиналыстар, онлайн форумдар және басқа да қатысу тетіктері.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекетте» Үкімет азаматтарға ойларымен, идеяларымен және пікірлерімен алмасу үшін қолжетімді және ыңғайлы платформалар ұсынады. Бұл сандық платформалар және қоғамдық жиналыстар сияқты құралдар арқылы немесе т.б. жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа форматтарын қолдануды жеке үрдіс деп атауға болады. Мемлекеттік органдар жедел хабар алмасу құралдарын пайдаланады, чат боттарын жасайды. Жергілікті атқарушы органдар өтініштерді қарау мен азаматтарды қабылдауды бір жерде жүргізген жағдайда қызмет көрсету «кедергісіз орта» қағидаттары бойынша «ашық қабылдау» арқылы жұмыс істейді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін және...