АРЫС: ҚОЖАТОҒАЙДА ЗАМАНАУИ СПОРТ ЗАЛ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

АРЫС: ҚОЖАТОҒАЙДА ЗАМАНАУИ СПОРТ ЗАЛ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың ауылдық округ тұрғындарымен кездесуі жалғасуда. Әр тоқсан сайын ауылдастармен тұрақты түрде кездесу өткізуге уағдаласқан шаһар басшысы таң азанымен Монтайтас ауыл тұрғындарымен кездесуден кейін, Қожатоғай ауылына барды.
Кездесуде қаланың әлеуметтік - экономикалық көрсеткіштеріне тоқталып, Қожатоғай ауылында биылғы жылы атқарылатын жұмыстар туралы қысқаша айтып өтті.
«Барша қожатоғайлық ағайынды кәсіп бастау үшін жеңілдетілген пайызбен берілетін «Ауыл – аманаты» бағдарламасына белсене қатысуға шақырамын. Еңбекқор, бірлігі жарасқан Қожатоғай ауылы Сыр жағасында орналасуы – атакәсібіміз мал шаруашылығын дамытуға зор мүмкіндік береді. Әкімдік өз кезегінде, құжаттандыруға көмектеседі.» - деді Гүлжан Мамытқызы.
Биыл, ауыл тұрғындарының ұсынысына сәйкес Қожатоғай елді мекеніне «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында 12 мың шаршы метр құрайтын заманауи спорт зал құрылысы жүргізіліп жатыр. Нысан келесі жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Одан бөлек, Байтоғайдағы негізгі көшелердің біріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізу де қолға алынуда. Ал, округ орталығы саналатын Қожатоғай елді мекенінде футбол алаңшасы жөндеуден өткізіледі.
«Сондай-ақ, Қожатоғай елді мекеніндегі ауыз су жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Денсаулық – басты байлық екені белгілі. Осы мақсатта округ орталығына дәрігерлік амбулатория салу үшін жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде,»- деді Гүлжан Мамытқызы.
Жиын аясында тұрғындар тарапынан тұрғын үй құжатын рәсімдеу, кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік қолдау сынды мәселелерді көтерді. Қала әкімі барлық көтерілген сұрақтар зерделеніп, заң аясында шешілетіндігін айтты. Сондай-ақ тиісті сала басшыларына әр мәселені ауыл ақсақалдарымен ақылдасқан түрде шешімін табу жолдарын қарастыруды тапсырды.
Айта кететін, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы халық пен биліктін арасын жақындата отырып, халықтың мұң мұқтажын тиісті дәрежеде орындау.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Билік пен қоғам арасындағы диалог нығая түсті. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына баса мән беріліп отыр. Бұл ауқымды жұмысты бүкіл қоғамымыз бірлесе атқарды. Дегенмен, осымен тоқтап қалуға болмайды. Бәріміз осы сара жолмен ілгері жүруіміз керек.
Тағы бір аса маңызды реформа – Президенттің бір ғана мерзімге сайлануы. Біздің аймақтағы қай мемлекетті алып қарасаңыз да, мұндай өзгеріс мүлдем болмаған. Сондықтан бұл реформа демократия жолындағы батыл қадам деп сенемін. Тәуекелге бел бусақ та, осындай шешім халқымыздың жарқын болашағы үшін керек деп кәміл сенемін» деп айтып өткен болатын.
Айта кететін, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында мем­лекеттік институттардың рөлін ны­ғайту, азаматтардың құқықтары мен бо­стандықтарын қорғау, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мәселелерін кеңі­нен сөз етті. Жолдауда қазіргі әлеу­меттік-экономикалық жағдайға жан-жақты, терең талдау жасап қана қоймай, оның шешу жолдарын да көрсетіп берді.
Ұлттық құрылыстың қазіргі кезеңінде Қазақстан Республикасы қарқынды саяси өзгерістер кезеңін бастан кешіп жатыр. Саяси модернизацияның тұжырымдамалық фрейміне «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» моделі арқау болды. «Listening State» («Құлақ асатын/еститін мемлекет») — бұл үкіметтің азаматтармен өзара әрекеттесу, оларды толғандыратын мәселелер мен қажеттіліктерін түсіну бойынша белсенді күш-жігеріне баса назар аударатын мемлекеттік саясат тұжырымдамасы. Бұл тұжырымдама үкімет пен қоғам арасындағы ашық әрі айқын байланыс арналарын құруды көздеп, шешімдерді әзірлеу және қабылдау процесінде азаматтардың дауысын естуге және ескеруге бағытталған.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тәсілі ақпаратты жай ғана тарату немесе «жоғарыдан төменге» саясатын жүзеге асыруға қарағанда, тиімді басқару бұдан да көп нәрсені қажет ететінін көрсетеді. Яғни кері байланыс, идеялар мен қоғамдық пікірді белсенді іздеудің маңызын мойындайды. Бұған қол жеткізуге жәрдемдесетін түрлі құралдар бар: қоғаммен кеңесу, сауалнамалар, жалпы жиналыстар, онлайн форумдар және басқа да қатысу тетіктері.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекетте» Үкімет азаматтарға ойларымен, идеяларымен және пікірлерімен алмасу үшін қолжетімді және ыңғайлы платформалар ұсынады. Бұл сандық платформалар және қоғамдық жиналыстар сияқты құралдар арқылы немесе т.б. жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа форматтарын қолдануды жеке үрдіс деп атауға болады. Мемлекеттік органдар жедел хабар алмасу құралдарын пайдаланады, чат боттарын жасайды. Жергілікті атқарушы органдар өтініштерді қарау мен азаматтарды қабылдауды бір жерде жүргізген жағдайда қызмет көрсету «кедергісіз орта» қағидаттары бойынша «ашық қабылдау» арқылы жұмыс істейді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қостанайға жұмыс сапары барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е.Нағаспаев өңірдегі бірқатар өндірістік нысандарды аралады. ​Министр Индустриалды аймақтағы Kia...

Креативті индустрияларды дамыту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі, бұл сала Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. «Креативті индустрия...