АРЫС: Г.ҚҰРМАНБЕКОВА: ТҰРҒЫНДАР ҰСЫНЫСЫ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

АРЫС: Г.ҚҰРМАНБЕКОВА: ТҰРҒЫНДАР ҰСЫНЫСЫ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

Қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың кезекті халықпен кездесуі бүгін Монтайтас ауылдық округіне өтті. Жиында шаһар басшысы ауыл тұрғындарымен ашық пікір алмасып, іске асырылған және жоспарланған жұмыстар жайында баяндады.
«Өткен жылы тұрғындармен басқосуда Шағыр халқы электр қуатының әлсіздігі мен желілер мен бағаналардың ескіргені жөнінде шағымдар айтқан болатын. Осыған сәйкес, аталған ауылда электр жүйелерін жаңарту бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта, Ақтас, Бақырша елді мекендерінде де электр желілерін жаңарту бойынша жұмыстар атқарылады. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Өздеріңіз көргендей, тұрғындар ұсынысы назардан тыс қалмайды» - деді Гүлжан Мамытқызы.
Биыл, тұрғындар өтінішіне сәйкес округке қарасты Атамекен елді мекенінде 13 көшеге жол салынуда. Бұдан бөлек, Б.Оңтаев мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Екі нысан да айдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.
Сондай-ақ, Монтайтас елді мекенінен спорт зал салуға, Атамекен елді мекенінен фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысын жүргізуге үшін жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде.
Жүйелі жұмыстар нәтижесінде, биыл Монтайтас ауылдық округінің ортақ жайылымы 276 га ұлғайтылды. Сондай-ақ, 23,9 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер қайта айналымға қосылған.
Кездесуде тұрғындар тарапынан ауыз су, бұралқы итпен күрес, табиғи арналарды тазарту сынды мәселелер айтылды. Қала әкімі ешбір сұрақты ескерусіз қалдырмады. Сондай-ақ, күрмеуі қиын мәселелердің шешілу жолдары тұрғындар пікірі назарға алына отырып, қызу талқыланды. Жиын соңында азаматтар өтінішімен жеке қабылдауға ұласты.
Айта кететін, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында мем­лекеттік институттардың рөлін ны­ғайту, азаматтардың құқықтары мен бо­стандықтарын қорғау, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мәселелерін кеңі­нен сөз етті. Жолдауда қазіргі әлеу­меттік-экономикалық жағдайға жан-жақты, терең талдау жасап қана қоймай, оның шешу жолдарын да көрсетіп берді.
Ұлттық құрылыстың қазіргі кезеңінде Қазақстан Республикасы қарқынды саяси өзгерістер кезеңін бастан кешіп жатыр. Саяси модернизацияның тұжырымдамалық фрейміне «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» моделі арқау болды. «Listening State» («Құлақ асатын/еститін мемлекет») — бұл үкіметтің азаматтармен өзара әрекеттесу, оларды толғандыратын мәселелер мен қажеттіліктерін түсіну бойынша белсенді күш-жігеріне баса назар аударатын мемлекеттік саясат тұжырымдамасы. Бұл тұжырымдама үкімет пен қоғам арасындағы ашық әрі айқын байланыс арналарын құруды көздеп, шешімдерді әзірлеу және қабылдау процесінде азаматтардың дауысын естуге және ескеруге бағытталған.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тәсілі ақпаратты жай ғана тарату немесе «жоғарыдан төменге» саясатын жүзеге асыруға қарағанда, тиімді басқару бұдан да көп нәрсені қажет ететінін көрсетеді. Яғни кері байланыс, идеялар мен қоғамдық пікірді белсенді іздеудің маңызын мойындайды. Бұған қол жеткізуге жәрдемдесетін түрлі құралдар бар: қоғаммен кеңесу, сауалнамалар, жалпы жиналыстар, онлайн форумдар және басқа да қатысу тетіктері.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекетте» Үкімет азаматтарға ойларымен, идеяларымен және пікірлерімен алмасу үшін қолжетімді және ыңғайлы платформалар ұсынады. Бұл сандық платформалар және қоғамдық жиналыстар сияқты құралдар арқылы немесе т.б. жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа форматтарын қолдануды жеке үрдіс деп атауға болады. Мемлекеттік органдар жедел хабар алмасу құралдарын пайдаланады, чат боттарын жасайды. Жергілікті атқарушы органдар өтініштерді қарау мен азаматтарды қабылдауды бір жерде жүргізген жағдайда қызмет көрсету «кедергісіз орта» қағидаттары бойынша «ашық қабылдау» арқылы жұмыс істейді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан құрамасы 2025 жылғы 10-17 мамыр аралығында Ресейдің Сочи қаласындағы «Сириус» білім беру орталығында өткен биология пәні бойынша Ашық...