Қ.СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНДА ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ

Қ.СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНДА ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ

Жезқазған қаласында 9-сынып оқушылары арасында химия пәнінен Қ.Сәтбаев атындағы республикалық олимпиадасынан облысымыздың дарынды оқушылары жүлделі орындарға ие болды.
Білімді ел – қашанда табысты ел. Қандай да бір мемлекет болмасын, дамудың биік сатысынан көріну үшін азаматтарының білімі мен білігіне көңіл аударатыны хақ. Соған қоса, білімнің жетістікке алып келер жолдағы ең негізгі құрал екендігі де айқын.
2023 жылдың 30 қазан мен 2 қараша аралығында Жезқазған қаласында Қ.Сәтбаев атындағы 9-сынып оқушыларына арналған химия пәні бойынша республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты – дарынды балаларды анықтау және қолдау, теориялық білім мен практикалық дағдыларын тереңдету, олардың химия пәнін оқуға қызығушылығын арттыру.
Олимпиадаға Қазақстанның білім беру саласынан 20 астам командадан, 70 аса оқушылар қатысты.
Нәтижесінде:
ІІ орын, күміс медаль иегері
1. Камилов Хасан – Түркістан облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы.
ІІІ орын, қола медаль иегері
2. Сейтжаппар Гүлнұр – Н.Оңдасынов атындағы Түркістан мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы.
Айта кететiн, Облыста 1400-ден аса мектепке дейінгі ұйымдар қызмет етуде. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау ондағы тәрбие мен оқытудың сапасын арттыруға үлкен көмек болмақ. Яғни, басты құндылық балалардың қауіпсіз ортада тәрбиеленуі, педагогтерге қойылатын біліктілік талаптардың сақталуы және тәрбие мен білімнің сапасы артады. Барлық балабақшаларға кезекке қою, жолдама беру, қабылдау «Balabagsha.snation» жүйесімен 2019 жылдан бастап толық автоматтандырылған. Ендігі кезекте балалардың балабақшаға келуін есепке алуды автоматтандыру жұмыстары жүргізілетін болады.
Облыста 2021-2022 оқу жылында жалпы 35 мектеп қолданысқа берілген. Оның ішінде 22 мемлекеттік, 13 жекеменшік білім беру мекемесі. 2021 жылмен салыстырғанда биылғы жылы жекеменшік мектептер саны артқан. Жекеменшік мектептер есебінен оқушы тапшылық орындары шешілді деуге болады. Қосымша біліммен қамту үлесі да артты. Осы бағытта Қазығұрт ауданында 120 балаға арналған, Келес ауданында 320 балаға, ал Сайрам ауданында 300 оқушыға арналған жаңадан оқушылар үйі ашылды. Ал, Түлкібас ауданы «Жанкент» жалпы орта мектебінің базасында 150 балаға арналған «Өнер» мектебінің филиалы құрылғанын да жылдың айшықты оқиғалары қатарында атап өтуге болады. “Келе жатқан жылда облыста білім саласында айтарлықтай жағымды жаңалықтар болады деп ойлаймын. «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 шілдедегі кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары Түркістан облысында 63 мектептің (жобалық қуаттылығы 57 300 орын) құрылысын салу жоспарға енді. Жаңа жайлы мектептің іргетасы осы жылдан бастап қаланады. Сонымен қатар, педагогтерді аттестаттау процесін автоматтандыру бойынша «Е-Портфолио», білім саласының аналитикалық есебін қалыптастыратын «Basqarma.Smartnation.kz» білім беру ресурстары енгізілуде. Сондай-ақ, мектеп кітапханаларын цифрландыру үшін «Е-Кітапхана» платформасы іске қосылуда.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк-экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай-ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi-рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы - ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Мамандардың мәліметінше облысымызда биылғы оқу жылына жалпы 237905 дана оқулықтар сатып алынған. Оның ішінен 2-сынып балалары оқулықтармен жүз пайыз қамтамасыз етілді. Оқулықтарды қайта басып шығару кестесіне сәйкес, 7-сынып үшін «Физика», «Химия», «Биология» қостілді оқулықтары және 5-11 сыныптар үшін «Абайтану» оқулықтары, инклюзивті сыныптардың 8-9 сыныптары 121617 дана оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерімен толықтырылды. Сонымен қатар, қалада оқушылар санының ерекше қарқынмен өсуін ескере отырып, мектеп қоры 116288 дана жетіспейтін оқулықтармен толықтырылып, ескілері жаңартылған.
Жеңімпаз оқушыларымыз бен дайындаған жетекші ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Өңірлік саясатты жетілдіру және өңірлердің теңгерімді әлеуметтік және экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында вице-премьер Қанат Бозымбаевтың...