ОКСФОРД УНИВЕРСИТЕТІ ЛЕКТОРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН СЕМИНАР ӨТТІ

ОКСФОРД УНИВЕРСИТЕТІ ЛЕКТОРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН СЕМИНАР ӨТТІ

Ордабасы ауданының білім бөлімі Түркістан облысы Білім басқармасының 16.10.2023 жылғы №36-01-09/7561 санды хатына сәйкес «Атамекен» жалпы орта мектебінде «InterPress Distribution» компаниясының әдістемелік қолдау және ағылшын тілін жүргізудің цифрлық ресурстарымен таныстыру және практикалық идеяларды көрсету мақсатында ағылшын тілі пәні мұғалімдері үшін Оксфорд университетінің лекторы Эстра Эзиджидің қатысуымен семинар өтті.
Семинардың бірінші кезеңінде аудан мұғалімдері көптеген әдіс-тәсілдер үйренсе, ал екінші кезеңде қажетті ақпараттар мен жаңалықтарға қанықты. Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.
Еске салар болсақ, биылғы жылдың басында Қасым-Жомарт Тоқаев Пре­зи­дент жа­нындағы Ғылым және тех­но­логиялар жө­ніндегі Ұлттық кеңес­тің алғашқы оты­рысын өткен болатын.
Жиын­да еліміздің ғылыми-техни­калық саясатының алдағы басым­дықтары айқындалды. Мемлекет басшысы қай заманда да дамудың басты кілті ғылым екенін атап өтті.
– Адамзат тарихындағы жетістіктің барлығы – білімнің жемісі. Әсіресе, қа­зіргі озық техноло­гия дәуірінде ғы­лым­сыз алға басу мүмкін емес. Сондықтан мен ғылымды дамыту ісіне айрықша мән беріп отырмын. Осы өзекті мәселе бойын­ша сайлау алдындағы бағдар­ла­мада арнайы өз пікірімді айттым. Себебі ғы­л­ымды дамыту – мемлекет саясатын­да­ғы ең маңызды бағыттың бірі. Өкініш­ке қарай, елімізде ұзақ жыл бойы оған бас­а назар аударылған жоқ. Соған бай­ла­нысты шешімін таппай жатқан мә­се­лелер аз емес. Тіпті, бұл сала артта қалды деу­ге болады. Біз өркениетті ел боламыз де­сек, осы олқылықтың орнын толты­руы­мыз керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кететін, қазір елімізде өркениет көшінен қалмай білім мен ғылым саласын дамытуға баса назар аударылып отыр. Мемлекет басшысының қолдауымен ғылым саласында соңғы жылдары бірқатар өзгеріс орын алды. Атап айтсақ, ғалымдардың жалақысы, жас ғалымдарды қолдау шаралары көбейді, сондай-ақ отандық ғылым саласын дамытуға бөлінетін қаражат көлемі де артты.
Қазақ ғылымы дамуының негізгі күші – ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындары. Қазіргі таңда Қазақстанда ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын 396 ұйым бар.
«Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылдануы — осы бағыттағы игі бастамалардың бірі деп білемін. Бұл — сапалы білім беру ісін жетілдіруге мемлекет тарапынан жасалған оң қадам. Жалпы қай қоғамда болмасын ұстаздың орны ерекше. Мұғалімдер білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу ісінде аса маңызды рөл атқарады. Сондықтан Мемлекет басшысының бастамасымен бүгінде мұғалім мамандығының мәртебесі өсіп, ұстаздар қауымының алаңсыз жұмыс істеуіне бар жағдай қарастырылуда.
Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында мұғалімдерді қоғамдық жұмыстарға тартуды тоқтатуды тапсырды. Сонымен қатар мұғалімдерге еңбекақы төлеу жүйесі қайта қаралатынын мәлімдеді. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы білім сапасын арттыру мәселесін ерекше айтты. Бұл заң мұғалімнің құқықтық жағдайын, әлеуметтік-экономикалық жағынан қорғалуын құқықтық тұрғыда реттейтін болады. Сонымен бірге мұғалімнің қоғам алдындағы міндеттері мен жауапкершілігі де нақты айқындалатыны белгілі.
Мұнда ең алдымен соңғы жылдары жүзеге асырылған «Педагог мәртебесі» туралы заңдағы жаңашылдықтан бастаған жөн шығар деймін. Себебі осы заңның қабылдануымен қатар білім саласында ауыз толтырып айтарлықтай жаңалықтар болып жатыр десек артық болмас. Қазақстанда 2019 жылдың соңынан бастап, мұғалімдерге ерекше көңіл аударыла бастады. Осыған орай «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы қабылданды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ол заңға 2019 жылдың 31 желтоқсанында қол қойды. Заңға сәйкес, ең алдымен кеңею және өзі атқаруға тиісті емес жұмыстардан босату, жүктемені азайту мәселесі қарастырылды. Заң қабылданғаннан кейін ең алдымен қаржылық жағынан мұғалімдердің жалақысын арттыру мәселесі күн тәртібіне көтерілді. 2020 жылдан бастап 25 пайыздан өсіріп, 4 жылда бұл қаржыны екі есе арттыру көзделді. Сондай-ақ білім беру саласында жұмыс істейтін ер адамдарды әскери қызметке шақыру да кейінге қалдырылды. 2021 жылдан бастап, оқу жүктемесін 18 сағаттан 16 сағатқа төмендету туралы да қарастырылып, заң күшіне енді. Барлық ұстаздардың кезекті еңбек демалысы бұрын 42 күн болса, енді 56 күндік демалысқа шығатын болды.
Мемлекеттің күткен үміті мен қоғамның талабы белгілі. Ол – білімді ұрпақ тәрбиелеп жетілдіру. Сол арқылы елімізде сапалы білім берудің бірегей жүйесін қалыптастыру. Білімді ұлт дегеніміз осылай қалыптасады. Бізде Кеңес одағы кезінде Қазақстанда білім беру саласы жақсы дамыды. Сол кездегі жағдайымыз қазір алпауыт елге айналып отырған кейбір көршілерімізден көш ілгері еді. Бізде ауылдарда да балабақша болды. Әрбір мектеп бітіруші түлектер өздерінің қарым-қабілетіне қарай жеткен жеріне дейін оқу оқыды. Тәуелсіздіктен кейін де осы дәстүр үзілген жоқ. Дегенмен жаһандану үрдісіне сай жаңа талаптар мен жаңа қағидалар өмірге келді. Сондықтан да ұстаздарға қойылатын талап күн санап өсіп келе жатыр. Мұндай жерде бәсекенің де арта түсетіндігі белгілі. Бұл мұғалімдердің жүктемесіне әсер етпей қалған жоқ. Міндет те, талап та, бәсеке де күн санап артып келеді. Соңғы үш жылдың көлемінде пандемияға байланысты онлайн оқу үрдісі бір мезгіл дәстүрлі оқудың орнын басты. Қазір де ауа райының қолайсыздығына немесе оқушының денсаулығына байланысты онлайн оқыту әдісі оқу-оқыту жүйесіне толықтай еніп, баламалы әдіске айналып отыр. Бұл сапасы жағынан дәстүрлі оқытуды алмастыра алмағанымен, ұстаздардың қызмет жүктемесін ауырлатып жатқандығын жасыра алмаймын. Жаһанды жайлаған індет толық тізгінделетін болса, оқыту жүйесі де бүкілдей өз қалпына түседі. Сондықтан көз алдымыздағы қиыншылықтар да өтеді деген сенімдемін.
Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері - өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы - өздігінен білім іздейтін жеке тұрға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін және...