ТҮРКІСТАНДЫҚ ПЕДАГОГ ІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК КОНКУРСЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ПЕДАГОГ ІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК КОНКУРСЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

Жуырда Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен Құлан агротехникалық жоғары колледж базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы болып өтті.
Ауылшаруашылығы саласы бойынша республикадағы ауылшаруашылығы секторын дамыту жағдайында ТжКОБ ұйымдарының талантты педагогтерін анықтау және қолдау мақсатында өткен конкурсқа Алматы Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Абай, Жамбыл, БҚО, Қостанай, Қарағанды, Жетісу, Павлодар, Ақмола облыстарынан келген конкурс қатысушылары, серіктес мекеме өкілдері, ардагер ұстаздар мен инженер - педагогтерден құралған барлығы 100-ге жуық адам қатысты.
Конкурсқа қатысушы 24 инженер-педагог «Агрономия», «Ветеринария» құзыреттіліктері бойынша сынға түсіп, бақтарын сынады. Екі күнге созылған конкурс нәтижесінде: «Агрономия» саласы бойынша II орынды - Түркістан облысы білім басқармасына қарасты Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінің оқытушысы Сахова Салия Егембергенова иеленді.
Ал, 23-27 қазан аралығында Ақтауда ТжКБ ұйымдарының педагогтері арасындағы Республикалық кәсіби шеберлік байқауында «Аспаз ісі» құзыреттілігінен Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің арнайы пән оқытушысы Серикбаева Салтанат Нурлыбековна II дәрежелі дипломмен марапатталды.
Айта кететін, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» жеке Заң қабылданды. Соңғы төрт жылда ұстаздардың жалақысы 2 есе өсті. Жақында балабақша тәрбиешілерінің айлығы 30 пайызға көбейді. Ұстаздардың еңбек демалысы ұзартылды. Мұғалімнің міндетіне кірмейтін артық жұмыстың бәрі алынып тасталды. Ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру мәселесіне баса мән беріліп жатыр. «Болашақ» бағдарламасымен үш жылда 220-ға жуық педагог шетелде оқып келді. Мұғалім мамандығын таңдаған жастарға қойылатын талап күшейді. Осы саладағы студенттердің стипендиясы 2,5 есе көбейді.
Мемлекет басшысының пікірінше, бүгінде педагогика саласы ғылымның ең маңызды тармағының біріне айналды. Сондықтан бұл салаға түбегейлі жаңа көзқарас қажет. Осы ретте Президент білім беру саласына қатысты бірқатар маңызды мәселеге тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың біліктілігін арттыру қажет екенін атап өтті. Мемлекет басшысы педагогтердің бүгінде тек пәнді ғана үйретіп қоймайтынын, сондай-ақ балалардың әлеуметтік дағдылары мен эмоциялық интеллектісін дамытуға ықпал ететінін айтты. Осынау жоғары атқа лайық болу үшін мұғалімдер әрдайым кәсіби тұрғыдан дамып, өзгерістерге дайын болуға тиіс.
"Педагог – ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үдерісіндегі ең маңызды буын. Сондықтан білім беру жүйесін жоғары білікті мамандармен толық қамтамасыз ету өте маңызды. Алайда қазір мектептерімізде мамандар тапшы. Бүгінде елімізде 5 мың педагог жетпіспейді. Бұл көрсеткіш жылдан-жылға артып келеді. Ал педагогика саласында оқыған әрбір бесінші түлек өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Бұған қоса мұғалімдердің 23 пайызында ғана жоғары біліктілік санаты бар. Мұның бәрі педагогтерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәсілдерін түбегейлі өзгертуді қажет етеді. Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық мамандықтарға қатысты бағдарламалардың басым бөлігі заман талабын ескермейтін бұрынғы әдістемелерге негізделген. Заманауи тәсілдер мен технологияны енгізе отырып, оқу бағдарламаларын қайта қарау, жаңғырту қажет.
Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға.
Басқару функцияларын тиімді орындау үшін басшыға не қажет? Ең алдымен ұжыммен команда ретінде жұмыс істеп, басқаруда күнделікті оқу мен оқыту процесін бақылап, анализ жасай отырып алынған деректер негізінде мықты жақтарын анықтап, олардың қажеттіліктерін белгілей отырып, бүкіл ұжымның жұмысын ұйымдастыруда ескеруі қажет. Кадрларды дұрыс таңдау; мектептің педагогикалық ұжымына басшылық ету; мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеруге жағдай жасау; олардың педагогикалық шығармашылығына жол ашу; оқу тәрбие процессінің барысын, оқушылар білімінің сапасы мен жеке тұлға ретінде дамуын, жұмыстың мазмұны мен ұйымдастыруын бақылау.Білім саласындағы басқарушы қызметті жетілдірудің негізгі бет алыстары оның мемлекеттік басқарудан мемлекеттік-қоғамдық басқаруға көшуімен байланысты. Сонда басқарушы қызметтердің бірқатары мемлекеттік биліктен педагогтарға, оқушылар мен олардың ата-аналарының, қоғамдық өкілдерден жəне басқалардан тұратын қоғамдық ұйымдарға тапсырылады. Сонымен, педагогикалық менеджмент, оның ерекшелігі туралы негізгі ұсыныстар білім беру проблемаларын шешуге қосылған қоғамдық өкілдерде де қалыптастырылу керек.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін және...