ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК, МЫҢНАН ТҰЛПАР ҚАТЫСУШЫЛАРЫМЫЗ АНЫҚТАЛДЫ

ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК, МЫҢНАН ТҰЛПАР ҚАТЫСУШЫЛАРЫМЫЗ АНЫҚТАЛДЫ

Түркістан қаласы, №27 Ө.Жәнібеков атындағы IT мектеп-лицейінің базасында шығармашыл оқушылар арасындағы бүгін "Ақберен" республикалық өнер байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқаудың облыстық кезеңіне аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінен және мамандандырылған білім беру ұйымдарынан жалпы саны 132 оқушы қатысты.
Байқау мақсаты: 8-11 сыныптың шығармашыл оқушыларының гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқырлық қырын, дарынын таныту (ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау т.б.) қолдау көрсетіп, ары қарай дамытуына жол ашу.
Байқау қатысушылары ережедегі шарт бойынша 6 номинация бойынша бақтарын сынады.
Айта кететін, тіл саласы бойынша соңғы қабылданған мемлекеттік бағдарлама «Қазақстан Респуб­ли­касындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жыл­дарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» деп аталуы да сондықтан. Бұған дейінгі мемлекеттік бағдарламалардың атауы «тілдерді дамыту мен қолдану» деп келетін. Ал Үкімет бекіткен соңғы мемлекеттік бағдарламаның атына затының сай келуі басқа мәселе. Тіл саясатына нақты реформа жасау – өте ауқымды мәселе. Тіл саясатының сүйе­нетін үш негізі бар: құ­қықтық талаптардың болуы, қоғамға қазақ тілі мемлекеттік тіл дегенді мойындату, насихат; үшінші, мемлекеттік тілге қатысты шараларды қаржылық қолдау. Бізде мұның бәрі бар. Бірақ жеткіліксіз және жүйесіз. Біздің тілге қатысты заңдық талаптарымыз ескірген. Тілге қатысты заңдар демографиялық жағдай басқаша болып тұрғанда, жергілікті ұлттың сандық үлесі аздау кезде, осыдан бірнеше жыл бұрын қабылданған. Қазақ тілі мен орыс тілі тең қолданылады деп келдік. Тілдің қарым-қатынас құралы ретінде қолданылатын орны – қоғамда біреу, яғни, тілдік орта, кеңістік біреу ғана.
Қазақ тілінің грамматикасы, фонетикасы, жалпы ғылыми тұрғыда барлық ішкі һәм сыртқы жүйесі әбден жетілген. Ол тіл теориялық және тәжірибелік қолданыста өзіндік сара жолын тапқан. Сонымен қатар, мемлекеттік тіліміздің теориялық тұрғыда өзгертуге келмейтін қатаң һәм бұлжымас заңдары бар. Мұның сыртында тіліміздің орныққан ережелерін де өзгертуге болмайтынын баса айтуға тиіспіз.
Енді сол тіл саясатына қатысты мәселелерді жіліктеп көрсек. Әңгіменің тізгінін тіл саласы бойынша ең соңғы қабылданған 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға қарай бұрып көрелік. Бағдарлама «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» деп аталады.
Бұл бағдарламаның ауқымы өте кең. Бірақ, сол кең ауқымды бағдарламаны жүйелеу, бағдарламаның тұла-бойына қан жүгірту ісі қолға алынбай келеді. Тіл саясатын реформалау үшін заңдық-құқықтық тұрғыда талап қою тітігі қарастырылмаған. Бізде әр азамат мемлекеттік тілді білуге міндетті. Сөйте тұра кей мемлекеттік қызметкердің өзі мемлекеттік тілді білмейтін фактілерден аяқ алып жүре алмайсыз. Мемлекеттік тілді білмейтін азаматтарды былай қойып, тілді жете білмейтін мемлекеттік қызметкерлер жетерлік. Яғни, заң болғанымен талап ету тетігі мүлдем қарастырылмаған. Бұл – бір.
Қазақстанда жүз елуге жуық этнос өкілдері тұрады. Оларға қазақ тілі мемлекеттік тіл екенін мойындату, насихатау жұмысы кенжелеп қалған. Басқа этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді білмей-ақ еркін өмір сүруіне барлық жағдай жасалған. Яғни, Қазақстан атты бір бұлақтан су ішіп отырған ағайын мемлекеттік тілді үйренуді өзіне парыз санамайды. Мемлекеттік тілді білу әр азаматтың патриоттығын білдіретін нышанға айналмай, осы бағытта идеологиялық насихат жүрмей біз айтып отырған реформа жасалмайды.
Тәуелсіздік алғалы мемлекеттік тілге қатысты шараларды қаржылық қолдау ісі біржақты ғана жүріп келеді. Мемлекет жылына мемлекеттік тіл саясатын жүргізуге миллиондап қаржы бөледі. Бұл жұмыс жалпы Отандық ортақ іске айналуы қажет. Еліміздегі ұлттық компаниялар, ірі кәсіпорындар, жеке бизнесмендер, түрлі үкіметтік емес ұйымдары, т.б мемлекеттік тілді дамытуға сөз жүзінде ғана емес, қаржылай да қолдау көрсететін жүйе қалыптастыруымыз қажет. Еліміздегі барлық сала саналы түрде тіл саясатының дұрыс жүруіне мүдделі болғанда ғана реформа жасалады және нақты нәтижелерге қол жеткіземіз.
Айтулы өнер додасында оза шауып, Республикалық кезеңге жолдама алған оқушыларымыз:
1. Хамза Манзура - Төлеби ауданы, “Шешендік, білгірлік сайысы”;
2. Қойшыбай Нұрислам - Созақ ауданы, “Көркемсөз оқу”;
3. Құлжанбаева Аяулым - Мақтаарал ауданы, “Эссе жазу”;
4. Абликадир Нүркен - Шымкент қаласы, “Ұлттық аспапта өнер көрсету”;
5. Қуаныш Аян - Қазығұрт ауданы, “Ақындар айтысы”;
6. Балқыбек Абзал - Түлкібас ауданы, “Ақындар мүшәйрасы”.
Оқушыларымызға қорытынды республикалық кезеңде бағы мен бабы қоса шауып, жеңіспен оралуын тілейміз!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін және...