ТӨЛЕБИДЕ КІТАПХАНА МАМАНДАРЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТУДЕ

ТӨЛЕБИДЕ КІТАПХАНА МАМАНДАРЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТУДЕ

Бүгінде елімізде жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын ояту мәселесіне ерекше назар аударылып отыр. Бұл істе, әсіресе мектеп пен колледж кітапханашыларының маңызды роль атқаратыны белгілі. Сондықтан қазіргі кезде білім беру мекемелеріндегі кітапханалардың жұмысына серпін беру мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіліп жүр.
Сондай шаралардың бірі - Ленгір қаласындағы №7 IT мектеп-лицейінің базасында облыстық білім беруді дамыту орталығы мен Төлеби аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Заманауи кітапхана: мазмұн мен форматқа жаңаша көзқарас» тақырыбында өтіп жатқан кітапхана мамандарының облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы.
Конференция қатысушыларына алдымен төлебилік кітапханашылардың балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында қолға алған жобасы таныстырылып, қызықты кітап көрмесі, ерекше коворкинг бұрышы көрсетілді. Түске дейін жалғасқан конференцияның пленарлық отырысында түрлі өзекті тақырыптарда мазмұнды баяндамалар оқылды, құнды пікірлер тыңдалды, ұтымды ұсыныстар айтылды.
Сондай-ақ, «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қаламгер Төлен Әбдіктің «Оң қол» атты әңгімесі талқыланды. Талқылауға белсене қатысқандарға сыйға кітап берілді.
Айта кететін, тіл саласы бойынша соңғы қабылданған мемлекеттік бағдарлама «Қазақстан Респуб­ли­касындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жыл­дарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» деп аталуы да сондықтан. Бұған дейінгі мемлекеттік бағдарламалардың атауы «тілдерді дамыту мен қолдану» деп келетін. Ал Үкімет бекіткен соңғы мемлекеттік бағдарламаның атына затының сай келуі басқа мәселе. Тіл саясатына нақты реформа жасау – өте ауқымды мәселе. Тіл саясатының сүйе­нетін үш негізі бар: құ­қықтық талаптардың болуы, қоғамға қазақ тілі мемлекеттік тіл дегенді мойындату, насихат; үшінші, мемлекеттік тілге қатысты шараларды қаржылық қолдау. Бізде мұның бәрі бар. Бірақ жеткіліксіз және жүйесіз. Біздің тілге қатысты заңдық талаптарымыз ескірген. Тілге қатысты заңдар демографиялық жағдай басқаша болып тұрғанда, жергілікті ұлттың сандық үлесі аздау кезде, осыдан бірнеше жыл бұрын қабылданған. Қазақ тілі мен орыс тілі тең қолданылады деп келдік. Тілдің қарым-қатынас құралы ретінде қолданылатын орны – қоғамда біреу, яғни, тілдік орта, кеңістік біреу ғана.
Қазақ тілінің грамматикасы, фонетикасы, жалпы ғылыми тұрғыда барлық ішкі һәм сыртқы жүйесі әбден жетілген. Ол тіл теориялық және тәжірибелік қолданыста өзіндік сара жолын тапқан. Сонымен қатар, мемлекеттік тіліміздің теориялық тұрғыда өзгертуге келмейтін қатаң һәм бұлжымас заңдары бар. Мұның сыртында тіліміздің орныққан ережелерін де өзгертуге болмайтынын баса айтуға тиіспіз.
Енді сол тіл саясатына қатысты мәселелерді жіліктеп көрсек. Әңгіменің тізгінін тіл саласы бойынша ең соңғы қабылданған 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға қарай бұрып көрелік. Бағдарлама «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» деп аталады.
Бұл бағдарламаның ауқымы өте кең. Бірақ, сол кең ауқымды бағдарламаны жүйелеу, бағдарламаның тұла-бойына қан жүгірту ісі қолға алынбай келеді. Тіл саясатын реформалау үшін заңдық-құқықтық тұрғыда талап қою тітігі қарастырылмаған. Бізде әр азамат мемлекеттік тілді білуге міндетті. Сөйте тұра кей мемлекеттік қызметкердің өзі мемлекеттік тілді білмейтін фактілерден аяқ алып жүре алмайсыз. Мемлекеттік тілді білмейтін азаматтарды былай қойып, тілді жете білмейтін мемлекеттік қызметкерлер жетерлік. Яғни, заң болғанымен талап ету тетігі мүлдем қарастырылмаған. Бұл – бір.
Қазақстанда жүз елуге жуық этнос өкілдері тұрады. Оларға қазақ тілі мемлекеттік тіл екенін мойындату, насихатау жұмысы кенжелеп қалған. Басқа этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді білмей-ақ еркін өмір сүруіне барлық жағдай жасалған. Яғни, Қазақстан атты бір бұлақтан су ішіп отырған ағайын мемлекеттік тілді үйренуді өзіне парыз санамайды. Мемлекеттік тілді білу әр азаматтың патриоттығын білдіретін нышанға айналмай, осы бағытта идеологиялық насихат жүрмей біз айтып отырған реформа жасалмайды.
Тәуелсіздік алғалы мемлекеттік тілге қатысты шараларды қаржылық қолдау ісі біржақты ғана жүріп келеді. Мемлекет жылына мемлекеттік тіл саясатын жүргізуге миллиондап қаржы бөледі. Бұл жұмыс жалпы Отандық ортақ іске айналуы қажет. Еліміздегі ұлттық компаниялар, ірі кәсіпорындар, жеке бизнесмендер, түрлі үкіметтік емес ұйымдары, т.б мемлекеттік тілді дамытуға сөз жүзінде ғана емес, қаржылай да қолдау көрсететін жүйе қалыптастыруымыз қажет. Еліміздегі барлық сала саналы түрде тіл саясатының дұрыс жүруіне мүдделі болғанда ғана реформа жасалады және нақты нәтижелерге қол жеткіземіз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін және...