БАСТЫ МАҚСАТ- БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ

БАСТЫ МАҚСАТ- БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ

Түркістан облысы білім басқармасына ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Смирнова Ирина Владимировна арнайы келді. Дөңгелек үстелде білім сапасын арттыру бағытындағы жаңа жобалар талқыланды. Білім басқармасының басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы өз кезегінде білім сапасын арттыру- басты назарда екенін баса айтты.
Еліміз бойынша оқушылары жетістікке қол жеткізген бірқатар білім беру ұйымдарының басшылары ZOOM платформасы арқылы қатысты. Сондай-ақ, басқарма басшысының орынбасарлары мен жауапты бөлім басшылары ойларын ортаға салып, өзара тәжірибелерімен бөлісті.
Жаңа жобада мектепке дейінгі тәрбиеден бастап, орта білім, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы білімді арттыру мен біліктілікті жетілдіру дағдылары айтылады.
“Түркістан облысы білім саласындағы ауқымды, мұғалімдері мен оқушылары ең көп аймақ болғаннан кейін бірінші кезекте талқылауды осы жерден бастауды жөн көрдім” , - дейді мәжіліс депутаты.
Оқу орындарындағы білім беру сапасын жоғарылату үшін, ең бірінші, ұстаздар біліктілігі жеткілікті дәрежеде өсіп, кәсіби шеберлік шыңына талпынған тұлға болуы тиіс. Оқушының қабілетін терең жетілдіру, оның шығармашылығын, қызығушылығын дамыту үшін ұстаз өзі жан – жақты дамыған адам болуы керек. Сондықтан қазіргі таңдағы оқытушы қазіргі қоғамдық-әлеуметтік талаптарға сай, білімді, инновациялық ойлау қабілеті бар, оқушының жан-жақты дамуын ұйымдастыра алатын және ата-аналармен, көпшілікпен ынтымақтасуға қабілетті адам болуы керек. Ол үшін ұстаз оқыту мен тәрбиелеудің тиімді жолдарын іздеп, өз ісінің шебері болуы керек. Қазіргі таңдағы бәсекеге қабілетті қоғамдағы ұстаз моделі-өмірлік көзқарасы, құндылық қасиеттері бар, оқушыларын өмір талаптарына сәйкес тәрбиелейтін, өз бетінше жоспарлай және шешім қабылдай алатын шығармашыл тұлға.
Әдістемелік әдебиеттерде мұғалім мен оқушы арасындағы "кері байланыс" бағалау деп аталады, бұл мұғалім пәнді оқытудың тиімділігі туралы ақпарат алатын оқу процесінің кезеңі.
Осыған сәйкес оқушылардың білімі мен дағдыларын бағалаудың келесі мақсаттары бөлінеді:
- оқушылардың білімі мен дағдыларын диагностикалау және түзету;
- оқу процесінің жекелеген кезеңінің нәтижелілігін есепке алу;
- әртүрлі деңгейдегі оқытудың қорытынды нәтижелерін анықтау.
Педагогикалық ортадағы адамгершілік қатынастардың маңызды формаларының бірі-сабақта оқитын оқушылардың пәні.
Мұғалімдер сабақта тәртіпті әр түрлі қолдайды: кейбіреулері қатаңдық пен қатыгездікпен, басқалары сабақты шебер құрумен және т. б.
Білім алушылардың білім сапасын арттырудың бір жолы - оқу процесін ұйымдастыру.
Қазіргі сабаққа жоғары талаптар қойылады. Сабақ тек сабақ беріп қана қоймай, терең білім береді. Сондықтан сабақта оқытудың ең жақсы әдістері мен тәсілдерін өздері үшін емес, тек жетілдірілгендіктен емес, сабақтың сыртқы сұлулығына ұмтылу үшін емес, сабақтың ең жақсы тиімділігіне қол жеткізу үшін қолдану қажет. Сабаққа себілген әрбір білім дәні оны дамытуға деген ұмтылыспен қоректенсе, өскін береді.
Білім сапасын көтеру егемен елдің білім саласының,Жаңа Қазақстанның жақсы мұғалімінің ең үлкен мақсаты.Бұл бағыттағы жұмастарды күшейте түскенде абзал.Яғни сапалы білім беру ісі жаңа заманауи технологиялармен,оқытудын озық әдіс-тәсілдерімен толы жарақтандырылып,оқыту мен тәрбелеудің үрдісі үздіксіз жалғаса берсе,баланның бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жетілдіруге саналы ғұмырын сарп ететін мұғалімнің рөлі арта түссе,ұлағатты ұстаздарымыз өз біліктігілігін ұдайы арттырп отырса,білімнің сапасын көтеруге болады.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев биылғы Жолдауында баса мен бере отырып,былай деген болатын:Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың замануи мектепте оқуына жағдай жасаймыз.Мектеп формасын барлық оқышуға барынша қолжетімді ету аса маңызды.Мектеп формасына арналған қолжетімді тапсырысты отандық жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бейімдеген жөн.
Әділетті Қазақстанды құру ісінде мұғалімдердің рөл айрықсыз екені сөзсіз.Мемлекетімізде соңғы жылдары ұстаз мамандығының абырой-беделін арттыру үшін көп жұмыс жасалды.Дегенмен,бұл бағытта әліде біршама өзгерістер жасау қажет.
Білім сапасының жоғары болуы мен оқушылардың ынта-жігерін арттыруда үйдегі ата-ананыңда ықпалы зор.Білім сапасын арттыру үшін басты мақсат-мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру,үздіксіз білім алу арқылы сапалы білім беру көзделеді.Мұғалім кәсіби шеберлігін ұдайы жетілдіріп отыруының арқасында ғана сапалы білім беруге ұмтылады.Өркениет көшінен қалмай,білім беру ісін зор ізденушілікпен жұмыс жасағанда ғана оқушының білім сапасы артады.Жаңартылған білім беру мазмұны мағлұматтар мен идеяларды өз беттерімен,тәуелсіз меңгеріп,алған мәліметтері пайдалы болатындай ойлануына мүмкіндік туғызады.Сонымен қатар оқышулар жаңа идеяларды әр түрлі көз қараспен зерттеп,шынайылығы мен пайдасын талқылап,идеяны жалпы құндылығын анықтай алады.Мұғаліммен бірге ең алдымен ,оқышуда өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыруға атсалысуы керек.Қорыта айтқанда,қазақ елінің болашағы білікті ұстаз бен білімді жастардың қолында

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін және...