ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША АПТАЛЫҚ БАСТАЛДЫ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША АПТАЛЫҚ БАСТАЛДЫ

Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты мектептерде 2023 жылдың 23-27 қазан аралығында «Жаратылыстану пәндерінің әлемінде» атты химия, биология пәндері апталығының ашылу салтанаты және іс-шаралар жоспары жасалды.
Апталық мақсаты - Биология және химия сабақтары барысында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттырып, заман талабына сай бәсекеге бейім, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық, еркін ойлай алатын қабілеттерін дамыту.
Аталған іс-шара аясында оқушылар «Тәжірибе - таным көзі» тақырыбындағы қызықты тәжірибелер алаңында химия ғылымының құпия-сырларына қанығып, азық-түлік құрамындағы дәрумендерді анықтау арқылы дұрыс тамақтана білу, салауатты өмір салтын ұстану керектігін және қоршаған ортаның тазалығы адамзат алдындағы негізгі міндет екендігін дәлелдеді.
Айта кететін, ақпараттық технологияларды пайдаланудың педагогикалық әдістемелік негіздері қалыптасу үстінде. Оқу процесінде оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын тиімді пайдалану және қолдану айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр. Білім – болашақ бағдары, кез-келген оқу орынның басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Ол – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа. АКТ-ны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану оқушының қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырады. Өз сабақтарымда АКТ пайдалану арқылы оқушылардың жаңа ойларын, әсерлі идеяларын тартымды етіп көрсететіндігін аңғардым. Жаңа материалдарды бірігіп талдауда да маңызы зор болды. Бұл оқушы және оқытушы жаңа ақпараттарды жеңіл түрлендіреді, жаңа нысандарды жасауға және жылжыту тиімділігіне жетеді. Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық. Ақпараттық технологияларды педогогикалық тұрғыдан дұрыс пайдалана білу оқушының сабаққа деген қызығушылығы артып, сабаққа деген ынтасы оянады, өз бетімен жұмыс істеуге, дебат ұйымдастыруға, проблемалық сұрақтарға жауап беруге, өмірмен байланыстыруға еркін де кең мүмкіндік береді. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Онлайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.
Білім сапасының жоғары болуы мен оқушылардың ынта-жігерін арттыруда үйдегі ата-ананыңда ықпалы зор.Білім сапасын арттыру үшін басты мақсат-мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру,үздіксіз білім алу арқылы сапалы білім беру көзделеді.Мұғалім кәсіби шеберлігін ұдайы жетілдіріп отыруының арқасында ғана сапалы білім беруге ұмтылады.Өркениет көшінен қалмай,білім беру ісін зор ізденушілікпен жұмыс жасағанда ғана оқушының білім сапасы артады.Жаңартылған білім беру мазмұны мағлұматтар мен идеяларды өз беттерімен,тәуелсіз меңгеріп,алған мәліметтері пайдалы болатындай ойлануына мүмкіндік туғызады.Сонымен қатар оқышулар жаңа идеяларды әр түрлі көз қараспен зерттеп,шынайылығы мен пайдасын талқылап,идеяны жалпы құндылығын анықтай алады.Мұғаліммен бірге ең алдымен ,оқышуда өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыруға атсалысуы керек.Қорыта айтқанда,қазақ елінің болашағы білікті ұстаз бен білімді жастардың қолында
2021 жылғы 13 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық жобалардың тізбесін бекіту туралы жарлыққа қол қойды. 10 нақты Ұлттық жоба анықталды. Соның бірі – 2021-2025 жылдарға арналған «Сапалы білім» Білімді Ұлт» жобасы. Ұлттық жобада зияткерлік әлеуетті дамыту, қазақ тілін дамытуға жағдай жасау және жастарға жаңа мүмкіндіктер жасау сияқты мәселелер қамтылған.
«Сапалы білім» Білімді ұлт» ұлттық жобасы бес міндеттен, 15 көрсеткіштен және 26 шарадан тұрады. Жоба 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында және Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – Қазақстан халқына Жолдауында» белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Атап айтқанда, Ұлттық жобада балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайту, оқушылар орнының тапшылығын шешу үшін мектептер салу, қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын құру шаралары қарастырылған. Жобаның негізгі мақсаты – білім берудің барлық деңгейіндегі оқушылардың білім сапасын арттыру. Сондай-ақ, жедел шешім қабылдауды талап ететін және халықтың сұранысын қанағаттандыруға бағытталған мәселелер бойынша мемлекеттік бағдарламамен сабақтастық сақталады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма...