САМАРҚАНДТА UNWTO БАС АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ ФОРУМЫ ӨТТІ

САМАРҚАНДТА UNWTO БАС АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ ФОРУМЫ ӨТТІ

Жуырда Самарқандтта БҰҰ-ның Дүниежүзілік мамандандандырылған UNWTO Бас Ассамблеясының халықаралық білім форумы өтті. Ауқымды іс-шараға дүниежүзіндегі 140 мемлекеттен арнайы келген туристік ұйым мамандары туризм саласының дамуы аясында атқарылып жатқан жұмыстарын таныстырды және бір-бірімен өзара тәжірибе алмасты.
Түркістан облысы (Оңтүстік Қазақстан) Білім басқармасының колледждері Ташкент қаласының құрылыс, білім, қызмет көрсету салалары бойынша меморандумдарға тұрып, бірлесе іс-шаралар атқарып келеді. Осы бағытта Түркістан облысының Білім басқармасына қарасты колледждер арнайы шақырту алып, UNWTO Бас Ассамблеясының халықаралық білім форумына қатысты.
Форум барысында Түркістан облысының Білім басқармасына қарасты колледждер Ташкент, Самарқанд қаласындағы колледжермен меморандумға тұрып қараша айынан бастап академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде жұмыс жүргізу бойынша колледж басшылары келісім жасады.
Форумның екінші күнінде Самарқанд және Ташкент қаласында орналасқан университтеттер мен колледждерге барып аспазшылар, тігіншілер мен қолөнер шеберлерінің, сәулетші және құрылысшылардың шеберліктерін көріп, отандық өнімдердің сапасын қолдау қажеттігіне аса мән берді.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы Қазақстанда Өзбекстан жылы деп жарияланды. Осы орайда екі халық арасындағы ынтымақтастықты нығайтатын маңызды іс-шаралар жүзеге асырылды.
Айта кететін, 2021 жылғы 13 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық жобалардың тізбесін бекіту туралы жарлыққа қол қойды. 10 нақты Ұлттық жоба анықталды. Соның бірі – 2021-2025 жылдарға арналған «Сапалы білім» Білімді Ұлт» жобасы. Ұлттық жобада зияткерлік әлеуетті дамыту, қазақ тілін дамытуға жағдай жасау және жастарға жаңа мүмкіндіктер жасау сияқты мәселелер қамтылған.
«Сапалы білім» Білімді ұлт» ұлттық жобасы бес міндеттен, 15 көрсеткіштен және 26 шарадан тұрады. Жоба 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында және Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – Қазақстан халқына Жолдауында» белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Атап айтқанда, Ұлттық жобада балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайту, оқушылар орнының тапшылығын шешу үшін мектептер салу, қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын құру шаралары қарастырылған. Жобаның негізгі мақсаты – білім берудің барлық деңгейіндегі оқушылардың білім сапасын арттыру. Сондай-ақ, жедел шешім қабылдауды талап ететін және халықтың сұранысын қанағаттандыруға бағытталған мәселелер бойынша мемлекеттік бағдарламамен сабақтастық сақталады.
Қазіргі әлемде педагогикалық мамандықтар көбінесе беделді болмайды, бедел сәнге тең, бірақ төмен жалақы, үлкен жауапкершілік, қоғам алдындағы құқықтарды минималды иелену және мұғалімнің сенімсіздігі, бұл сәнді де, беделді де емес деген пікір бар. Қазір бұл мәселені шешудің жолдарын іздеу өте маңызды. Зерттеу нәтижесінде алынған мұғалімдердің қоғамдағы әлеуметтік мәртебесі туралы объективті ақпарат негізделген басқару шешімдерін қабылдауға және қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатқан шараларға қатысты уақтылы кері байланыс алуға мүмкіндік береді, оның барысында мұғалімдердің идеяларының динамикасы, олардың кәсіптің беделін қабылдауы мен еңбекке қанағаттанушылығының қоғамның кең ауқымының идеяларымен байланысы талданады. Кәсіби қызмет адамның өмір сүру уақытының жақсы бөлігін алады, оның барысында кәсіби маман ретінде оның жеке басының белсенді дамуы жүреді. Инновациялық жағдайда жұмыс істеу қазіргі мұғалімнен құзыреттілікті дамытуды, максималды жұмыс қабілеттілігін және пайда болған өзгерістерге тез бейімделуді талап етеді. Кәсіби қызметті жүзеге асырудағы негізгі проблемалардың бірі-уақыттың жетіспеушілігі және оны тиімді бөлудегі қиындықтар. Осыған сүйене отырып, мұғалім мақсатқа жету үшін жұмыс уақытын және жеке уақытын дұрыс және ұтымды ұйымдастыруды үйренуі керек, бұл тиісінше жұмыс қабілеттілігін сақтауға және стресстің пайда болу мүмкіндігін болдырмауға мүмкіндік береді. Осылайша, қазіргі мұғалімге уақытты басқару негіздерін білу қажет. «Уақытты басқару» ұғымы уақытты басқаруды, яғни уақытты дұрыс жоспарлауды, дұрыс басымдықтарды белгілеуді, орындалған жұмысты уақытында бақылауды жүзеге асыруды және қажет болған жағдайда белгілі бір сабаққа жіберілген уақыт шеңберін түзетуді білдіреді.
Елді алға жетелеуші негізгі күш – ғылым мен білім. Білім жүйесі жоғары деңгейде дамыған ел Жапония екені баршаға мәлім. Әрі бұл халық бізге менталитеті жақын, Алтайдан тараған ағайындар болып келеді. Жапондар бес жасқа дейін балабақшада еркін ойнату арқылы баланың жан-жақты ой-өрісін қалыптастырады. Адам интеллектісінің 40-42 пайызы 5 жасқа дейін, 70-73 пайы­зы 7 жасқа дейін, 90-95 пайызы 15 жасқа дейін қалыптасады екен. Міне, жапон халқы баланы бес жаста, яғни интеллектісі қырық пайызға дейін дамып болған соң даярлық сыныбына беріп, аптасына 51 сағаттық системамен он екі жыл оқытады. Ал бізде алты жаста даярлық сыныбына қабылдап, жеті жаста, ақыл-ойы жетпіс пайызға дамып қоятын кезеңде бірінші сыныпқа қадам бастырады. Аптасына қырық бір сағат­тық жүктемемен он бір сынып оқиды қазақ балалары.
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы еліміздің әр облысында табысты жүзеге асырылып келеді. Астана қаласында да ауыз толтырып айтарлықтай, кезең-кезеңімен орындалып жатқан тың бастамалар көп. Биыл елордада тәрбиешілерді біліктілікті арттыру курстарынан өткізуге, апатты және үш ауысымды мектептерді жоюға ерекше назар аударылмақ. Айталық, балабақшалардағы мәселелерді ретімен шешудің кезі әлдеқашан келген.
Ауқымды жоба барлық деңгей бойынша білім алушы азаматтардың оқу сапасын жақсартады. «Білімді ұлт» ұлттық жобасы бірнеше бағытты қамтиды. Атап айтқанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім, техникалық және кәсіптік білім, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді нығайту. Осыған байланысты көрсетілетін қызметтерді сапасы мен қолжетімділігі жіті назарға алынады. Сонымен қатар, ұлттық жоба ауыл мен қала мектептері арасындағы оқу сапасының алшақтығын азайтады. Қазіргі таңда оқу орындарының тапшылығы басты мәселенің бірі, әсіресе мектептердің жетіспеушілігі қатты байқалады. Осындай түйткілдерді шешу үшін мектептер салудың, жайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын жасақтау және өзге де мәселелер қарастырылған. Жастарды ақысыз негізде техникалық және кәсіптік біліммен қамтып, жоғарғы оқу орындарындағы зерттеу жүйесінің көкжиегін кеңейтуге аталмыш жобаның тигізер оң ықпалы көп.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма...