Мелания Трамп күйеуімен қашан ажырасатыны белгілі болды

Мелания Трамп күйеуімен қашан ажырасатыны белгілі болды

АҚШ президенті Дональд Трамптың жұбайы Мелания күйеуінің өкілеттігі аяқталғанын күтіп отырғанын, кейін ажырасуға өтініш беретіні туралы ақпарат тарады, - деп хабарлады Tengrinews.kz

Бұл ақпаратты ұлыбританиялық Daily Mail басылымы АҚШ-тың бірінші ханымының бұрынғы көмекшілеріне сілтеме жасап хабарлаған.

Олардың мәліметінше, жұбайлар әлі күнге дейін ажыраспаған. Себебі, Мелания Трамп мұндай әрекетке барса, оның салдары болады-мыс.

"Мелания оның қызметтен кеткенін күтіп отыр. Кейін ол ажыраса алады. (...) Егер Мелания кемсітуге төтеп беріп, Трамп билікте болған кезде одан кетіп қалса, ол оны жазалаудың әдісін табар еді", - дейді басылымға Омаростың бұрынғы көмекшілерінің бірі Маниголт-Ньюман.

Бірінші ханымның тағы бір бұрынғы көмекшісі Стефани Волкоффтың айтуынша, Трамптың Меланияға үйленуі келісім негізінде болған. Тіпті, ерлі-зайыптылар бөлек бөлмеде ұйықтаған. Стефани Волкоффтың пікірінше, Бірінші ханым Нью-Йорктен Вашингтонға инаугурациядан кейін 5 айдан соң көшкен. Ол некеден кейінгі келісім туралы келіссөздерге байланысты болған. Себебі, президент Барронның ұлы мұрадағы өз үлесін алуы керек болыпты.

Материалда Мелания Трамптың жұбайымен тамаша қарым-қатынасы туралы бірнеше рет айтылған. Алайда адвокат Кристина Приваттың пікірінше, Меланияға күйеуін БАҚ-та неке шартының талаптары бойынша сынауға тыйым салынуы мүмкін.

Сонымен қатар, Трамп екінші әйелі Марла Мейплспен де осындай келісімге келген. Оған бұрынғы әйелі туралы кітап жазуға немесе сұхбатында ол туралы жағымсыз пікір айтуға тыйым салынған.

2005 жылдың қаңтарында Дональд пен Мелания Трамп отбасын құрған, ал, бір жылдан кейін олардың ұлы Баррон дүниеге келген.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

2025 жылғы 23 тамызда Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. Экологиялық шараға 3 755 адам қатысып, 136 техника...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...