ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖОСПАРЛЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖОСПАРЛЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Түркіcтанның көpкeюі, гүлденуі шаһардың абаттануы мен тазалығы қай-қайсымызды болмасын бейжай қалдырмacы анық. Ocы peтте шаһар шаруашылығы, инфрақұрылымының жай-жапсары туралы ақпарат бергенді жөн көрдік. ҚР Үкіметінің Тұрғын үй коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жep» мемлекеттік бағдapламасында бec міндeт айқындалған. Coның бірі де бірегейі — «халықты caпалы ayыз cyмен және cy бұру қызметтерімен ұтымды қамтамасыз ету» деп аталды.
Түркістан қаласы облыс орталығына айналғалы бepі біpнеше кезеңге бөлініп, инженepлік инфрақұрылымды жаңapту жұмыстары қолға алынды. Оның ішінде ауыз су – ең өзекті мәселе болып іріктелді. Сол тұстағы облыс басшылығы, қала басшысы ерекше ден қойып күн тәртібінде бірінші кезекке қойды. Бірінші кезекті тұрғындapды сапалы ауыз cyмен қамту мәселесі, одан кейін қаланың микроклиматын жақсарту мақсатында қаланы көгалдандыру, халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту бойынша бірнеше жиындар өтіп шешімдер қабылданды. Сол шешімдердің негізінде қаланың Бас жоспары бекітілген болатын. Бас жоспарға сәйкес жүйелі жұмыстар атқарылды, әлі де жалғасып келеді. Жалпы, қалада су көзі Кентаудағы «Мырғалымсай» су қоймасынан тартылады, одан бөлек Шобанақта 4 ірі резервуарымыз бар, негізгі су қорымыз осы нысандар. Қалада 2 су қоймасы бар. Ол орталық су қоймасы (Б.Майлин көшесіндегі) және Әкімшілік-іскерлік орталықтағы (жаңа қала аумағы) жаңадан салынған су қоймасы. Қалаға осы екі су қоймасынан су тартылады. Бұл су қоймаларының сыйымдылығы – 72 000 м3 құрайды. Орталық су қоймасының сыйымдылығы 5000 м3-ты құрайды. Бұрыннан бар Орталық су қоймасы облыс орталығы болғаннан кейін күрделі жөндеуден өтіп, сыйымдылығы кеңейтілді. Себебі, қалаға көгілдір отынның келуіне байланысты тұрғындардың жайлы тұрмысқа көшу (жаппай үйлерде душ-ванна орнатуы) себепті суды тұтыну деңгейі де артты. Су тұтынуға сұраныс бұрынғыдан анағұрлым артты. Нақты айтсақ, қалада 41528 абонент болса, оның 41100-і, яғни 98,9 пайызы бүгінде сапалы ауыз сумен қамтылып отыр. Одан бөлек қалада бізде 21 су ұғымалары бар, бірақ біз негізгі су көзі ретінде Кентаудан келетін суды қарастырғанбыз, сондықтан ол су ұңғымалары біздің артық су қорымыз ретінде резервте тұр. Қысқасы, халықты толыққанды сумен қамту мүмкіндігіміз бар. Ауыз су тұрғындарға құбыр арқылы жеткізілетіні мәлім. Жаңа қала аумағында жаңа су жүйесі магистральдары құрылып жатыр. Бірақ, негізгі халықтың шоғыры ескі қалада. Ескі қала аумағында су магистралы сонау 60-70 жылдары жүргізілген темір-шойын құбырлар, олар бүгінде тозған. Тұрғындардың су тұтыну деңгейі көбейген сайын су жүйесінің қысымын да көтеруге мәжбүрміз. Алайда, әлгі ескі құбырлар жоғары қысымға шыдас бермей, әр-әр жерден жарылып жатыр. Осындай жағдайларды ескере отырып бірнеше жобалық-сметалық құжаттар әзірленді. Ол жобалар бойынша кезең-кезеңге бөлініп су жүйесі магистралін жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр.
Қазіргі таңда шахарда 4 ірі жоба іске асып жатыр. Бірінші – Яссы-Шауғар мөлтекауданында су құбыры желілерін қайта құру жобасы 2021 жылы басталып жоспар бойынша 2023 жылы аяқталу керек. Жобаны «Азия-Сервис» ЖШС жүргізуде, одан бөлек 1-2 мөлтекауданы және Ремзауыт аумағында ауыз су құбырларын қайта жаңғырту жобасы жүруде. Бұл жобаны «Құрылыс -Тед» ЖШС жүргізуде, бұл да 2021 жылы басталған, жыл соңына дейін аяқталып, толықтай пайдалануға беріледі.Үшінші бағыт Мақтазауыт аумағында ауыз су құбырларын қайта жаңғырту жұмыстарын «Үш сай» ЖШС жүргізіп жатыр. Ал, төртінші жобамыз «Түркістан қаласындағы жаңа қоныстанған тұрғындарды ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету құрылысы» деп аталады. Бұл бірінші кезекте, әлбетте су жүйесі тартылмаған жаңа аумақтар, сосын ескі (бұрыннан бар) аумақтарда су тартылмаған көшелерді қамтиды. Бұған дейін қаланың көп бөлігінде ауыз су жүйесі құрылмаған, тұрғындар құдық қаздырып, жерасты суларын пайдаланып келген. Мысалы, Шауғар мөлтекауданындағы Н.Төреқұлов көшесіне осы уақытқа дейін су жүргізілмеген. (Бұрын ол аумақта түрме болған екен, 90-жылдардан кейін үйлер салынып, бірнеше көше түсіп қазір үлкен аумақ саналады). Осы Н.Төреқұлов көшесі аумағы, Отырар тұрғын үй алабында, Оралман, Яссы-Шауғар, Бірлікте (Бірлік аумағы қатты өріс алып, ұлғайып кеткен) қаншама көшелерге ауыз су жүйесі тартылмаған. Жаз айларында ол аумақтарда жерасты (құдық) су көздері тартылып кетіп, тұрғындар судан тапшылық көреді. Осы жағдайлардың барлығын ескеріп аталған жаңа аудандарды (оның ішінде ескі көшелер де бар) су құбырларын тартып жатырмыз. Бұл жобаны «Бақ береке-2030» ЖШС жүргізуде. Қала тұрғындарын ауыз сумен қамту осылай 4 ірі жоба аясында жүріп жатыр. Осы жобалар толық жүзеге асқанда біз тұрғындарды ауыз сумен қамтуды – 99,9 пайызға жеткізу көзделуде.
Tұрғын үйлер ауыз сумен қамтылған соң, екінші кезекте туындайтын мәселе сарқынды су яки, кәріз жүйесі. Облыс орталығы болғанға дейін қалада кәріз жүйесімен 27% ғана қамтылған екен. Ол 1-2 мөлтек аудандағы көпқабатты тұрғын үйлер, осы аумақтағы мемлекеттік және әлеуметтік (мектеп, балабақша, емхана т.б.) мекемелер орналасқан нысандар ғана сарқынды су жүйесіне қосылған болатын.
Бүгінде қала бойынша қуаттылығы тәулігіне 20000 м3 сарқынды су тазарту ғимараты бар. Қабылданып жатқан сарқынды су көлемі тәулігіне 4500- 5000 м3, 27 дана КНС, 127 шақырым сарқынды су құбырлары қолданыста. Бүгінгі таңда сарқынды су жүйесіне пайдалану көрсеткіші 27%-дан 32%-ға жетіп отырмыз. Бұл әлбетте өте төмен көрсеткіш. Бұл бағытта да жүйелі және қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Кәріз жүйесін жүргізу бойынша да бірнеше жоба қолға алынды. Атап өтер болсақ, 2021 жылы басталып 2023-2024 жылдары аяқталатын жалпы 7 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Олар: Тұран-2, Отырар-2, Яссы-Ыждыхат, Бекзат, Ортақ-1, Ортақ-2 аумақтары бойынша жүруде. (Жоба құны 24 009,0 млн.тг, нәтижесі: 34 157 абонентті қамтиды). Ортақ аумағы өте кең, көлемді аумақ болғандықтан 3 кезеңге бөлініп атқарылуда. Иә, бұл жобалар 2021 жылы басталып, бірқатары биыл аяқталмақ, басым көпшілігі 2024 жылы аяқталады. Кәріз жүйесі құрылысы көбірек уақыт талап ететін ауқымды жоба болғандықтан қаланың түрлі аумақтарында қолайсыздықтар туындайды, бұрын асфальтталған жолдар бұзылып, шаң-тозаң, қыста лай-батпаққа айналады. Осы сұхбатты пайдаланып қолайсыздықтар үшін тұрғындардан ғафу өтінеміз. Алайда, мұның бәрі халықтың қажеттілігі, ел игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстар болғандықтан тұрғындар түсіністікпен қарайды деп сенемін. 2024 жылы бұйыртса, осы жобаларымыз аяқталған кезде біздің кәріз жүйесімен қамту деңгейіміз 50%-ға жететін болады. Бұлардан кейінгі кезекте «Түркістан-Қызылорда» массивін де сарқынды су жүйесі құрылысы биыл басталады. Яғни, 2 нысанның «Ортақ 3» пен «Баянауыл» аумағының жобалық-сметалық құжаттары әзірленді, бұйыртса биыл құрылысы басталып, 2025 жылы аяқталады. Сол кезде біздің қаланы кәріз жүйесімен қамтуымыз – 95,5 пайызға жетеді.
Кәріз жүйесімен қамту маңызды мәселе. Бірінші кезекте ол қаламыздың экологиялық, санитарлық жағдайының қалыпты болуы, тұрғындардың денсаулығы үшін маңызды. Бүгінде тұрғын үйлердің дені «септикті» пайдаланады. Алайда, олардың көбі талапқа сай емес. (Септик толықтай бетондалып, сыртқа бір тамшы да шықпайтын, толған уақытында сорғы мәшинелерімен сыртқа шығарып тастап отыруы тиіс). Үй ішінен шыққан сарқынды суды бетондалмаған, жай бір шұңқыр іспетті қазып, бетін жауып қойып сонда жіберетін жерлестеріміз де аз емес. Ол лас су жер астына сіңіп, әлгі біздің 21 су ұңғымасына қосылып жатыр. Ауаны ластап жатыр.
Түркістан қаласын еліміздің ірі туристік орталығына айналдыру мақсаты белгіленген. Осы ретте қалада көптеген жұмыстар атқарылуда. Қаланы жасыл қалаға айналдыру, қала тұрғындарын жайлы тұрмыс деңгейіне жеткізу бойынша бірнеше кезеңдік жұмыстар жүріп жатыр. Оның ішінде абаттандыру мақсатында 32 парк пен аллеялар бар. Жалпы, Түркістан қаласының қазіргі таңдағы көгалдандыру жұмыстары мен күтіп-баптау жұмыстары жалпы 258 нысанда, аумағы 626 га құрайды. Оның ішінде: Саябақтар бойынша – 32 нысан 318 гектарды; скверлер, бульварлар – 32 нысан, 59 гектарды, жасыл аймақтар мен көше бойлары – 47 нысан, 189,4 гектарды құрайды. Ал, жалпы қала көшелерінің бойында орналасқан жасыл желектер мен ағаш көшеттеріне келсек, олардың ұзын саны – 154 көше, яғни 59,4 гектарды құрайды.
Жалпы қала аумағындағы нысандарды күту жұмыстарын 2500 жұмысшы мен 450 техника атқарады. Сонымен қатар, 2022 жылы балалар жылына орай қала көлемінде тұрғындардың өтінішімен 10 жерге спорт алаңшалары мен ойын алаңшаларының құрылысы жүргізіліп, халық игілігіне берілді. Биылғы жылы сол үрдісті жалғастыру мақсатында, 25 жерге спорт алаңшасы мен ойын алаңшасын салуға бюджет есебінен қаражат қарастырып, қазіргі таңда құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Қала ішіндегі және көп қабатты үйлер аулаларындағы спорт алаңдары мен ойын алаңдары соңғы үлгідегі техникалық нормаларға сай келетін ойын элементтерімен қамтамасыз етілді.
Жалпы абаттандыру жұмыстары Түркістан қаласының даму бағдарламасына сәйкес, кезең-кезеңімен жүргізілетін болса, 2025 жылдың соңына қарай халық көп шоғырланған аумақтар мен көп қабатты үйлердің алды толығымен абаттандырылып, қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасалынады. Қала ішіндегі 22,5 шақырымды құрайтын ирригациялық арықшалар іші қала әкімдігіне қарасты мекемелер тарапынан толықтай тазаланып, қазіргі таңда су қабылдауда. Қала ішіндегі көгалдарға және басқа да қажетті аумақтарға су апару үшін қажеттілігіне қарай «Жасыл Түркістан» мекемесі қызмет атқаруда.Тал-дарақтарды суаруға жаз маусымында су жетіспей қалады. Қала бойынша жасыл алқапты суарудың гидрантты жүйесіне көшірдік. Қала көлемінде гидрантты жүйемен суғару жұмыстары 10 кезеңге бөлінген. Бұл бойынша да жүйелі жұмыстар жүріп жатыр. Бұл суды үнемді пайдалануға мүмкіндік беретін тиімді суару әдісі. Яғни: су буға айналып азаймайды, жол жөнекей жерге сіңіп, соңына жетпей қалмайды, суарылатын нысандарға нақты, шығынсыз жетіп отырады.
Жалпы қала көлемінде санитарлық тазалық жұмыстарымен «Түркістан Жарық-Тазалық» ЖШС және «ШымкентСпецКомплекс » ЖШС айналысады.
Қала көлемінде 875 көше бар. Оның ішінде механикалық жолмен тазаланатын 136 көше, қолмен тазаланатын 787 көше. Орталық маңызы бар 39 көшеге арнайы техникалар бекітіліп, күніне 2-3 реттен тазалық жұмыстары жүргізіліп, көше бойлары жуылып тұрады.
Қала аумағы 6 тұрғын секторға бөлінген, осыған орай әрбір тұрғын секторда жеке кәсіпкерлер қосалқы мердігер ретінде тартылып, қоқыс алу жұмыстарын жүргізуде. Әрбір көшеден алынатын қоқыстарға жұмыс кестесі түзілген. Бұл жөнінде күнделікті атқарылған жұмыстар бойынша 109 бірыңғай байланыс орталығына мәлімет жолдануда. Белгіленген күннен бұрын көше бойына шығарылған қоқыс иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, екінші рет қайталанған жағдайда айыппұлдар салынады.
Айта кететін, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан экономикасы негізделуі тиіс жеті қағиданы айтқан болатын. Оның ішінде игіліктер мен міндеттерді әділ бөлу, жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі, адал бәсекелестік, кәсіпкерлердің жаңа буыны үшін нарықтарды ашу, өнімділіктің өсуі, экономиканың күрделілігі мен технологиялылығын арттыру, адами капиталды дамыту, жаңа үлгідегі білім беруге Инвестициялар, экономиканы көгалдандыру, қоршаған ортаны қорғау, мемлекеттің негізделген шешімдер қабылдауы және олар үшін қоғам алдындағы жауапкершілігі. Осы бағыттардың ішінде бүгінде Түркістан өңірінде кономиканы көгалдандыру, қоршаған ортаны қорғау бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.
Еске салар болсақ, облыс әкімінің орынбасары ағаш егу жоспарын талапқа сай орындамаған аудан, қалалар жұмысты ширату керектігін тілге тиек етіп, суару жүйесін реттеу, күзгі ағаш егетін аумақтарды дайындау тиістігін атап өткен болатын. Сондай-ақ жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі қағидаға сәйкес іс-шара жоспарын әзірлеу қажет екені айтылып, көгалдандыру және санитарлық тазалық мәселесі бақылауға алынғаны сөз болды.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Түркістан облысының елді мекендерін көгалдандырудың 2022-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары» бекітілді. Жиында осы бекітілген іс-шараға сәйкес жұмыс істеу тапсырылды. Биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін аудан, қала әкімдіктері мемлекеттік, мемлекеттік емес мекемелерді, ұйымдарды жұмылдырып, алдағы уақытта көшет егілетін аумақтарды нақтылап, суғару жүйелері, қоршау жұмыстарына керекті қаржыларын бөліп, аталған абаттандыру жұмыстарын жеке бақылауына алып, басқарманың келісімімен нақты көшет саны мен түрлерін анықтап, жұмыс жүргізудің кешенді іс-шарасын дайындау жөнінде ұсыныс берілді.
Биыл ұсынысқа сәйкес 626 907 түп көшет егіледі. Қазіргі таңда 532 682 данасы аудандар тарапынан отырғызылып, күтіп-бапталуда. Бірақ аудандарда ағаш көшеттерін отырғызатын жердің су жүйелері және қоршауы жоқтығына байланысты жалпы 94 225 дана көшет алынбай отыр. Аудан, қала әкімдіктері елді мекендерді көгалдандыру бойынша, көшетке сұраныс берген жағдайда, орман шаруашылығы мекемелері сұранысты толығымен қамтамасыз етуге әзір.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен...