ШАХАРДЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСIНДЕ КЕШЕНДI ЖҰМЫСТAP ЖҮРГIЗIЛУДЕ

ШАХАРДЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСIНДЕ КЕШЕНДI ЖҰМЫСТAP ЖҮРГIЗIЛУДЕ

Еліміздегі маңызды мәселелердің бірі – халықты баспанамен қамтамасыз ету. Осы орайда, тұрғын үй құрылысы мәселелерін шешу мақсатында президент тапсырмасымен ұзақ мерзімге жоспарланған және тұрғын үй құрылысына қатысты мәселелерді қамтитын бағдарламалардың қабылданғаны белгілі.
Түркістан халқы солардың ішінде — көппәтерлі үйлер құрылысы мен жеке тұрғын үй құрылысын дамыту аясында халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге арналған «Нұрлы жер», «Отбасы банк» және «7-20-25» бағдарламаларының, Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасының шарапатын көріп, бүгінде тұрғын үйлерге деген қолжетімділігі артып отырғаны рас. Айта кетейік, Түркістан қаласы, Әкімшілік-іскерлік орталықта 2020 жылдан бастап көпқабатты 89 үйдің, яғни 5649 пәтердің, 360,6 мың ш.м. (ипотекалық пәтерлер 4488, кезектегі 1161 пәтер) құрылысы басталған.
Түркістан қаласы әкімдігінің «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Байжанов Алмас мырзаның мәліметтеріне сүйенсек, оның ішінде, 2020 жылы: 336 пәтерлі 7 үй (барлығы ипотекалық пәтерлер) пайдалануға берілсе, 2021 жылы: 1921 пәтерлі 29 үй (ипотекалық пәтерлердің 1427, кезектегі отбасыларға берілетін 494 пәтер) иелеріне пәтер кілті табысталған.
2022 жылға 3 392 пәтерлі 53 тұрғын үйдің (217,8 мың ш.м.) (ипотекамен берілетін пәтерлер 2683, кезектегі отбасыларға берілетін 709 пәтер) құрылысы жүргізілді. Аталған үйлердің 2 706 пәтері кредиттік жүйемен сатылса, 686-ы кезектегі отбасыларға үлестірілген. Сонымен қатар пайдалануға берілген пәтер саны өткен жылдармен салыстырғанда екі есе артқанын да айта кету керек.
Жыл қорытындысымен 3155 пәтерлі 49 үй (202,4 мың ш.м.) (ипотекамен берілетін пәтерлер 2482, кезектегі отбасыларға берілетін 673 пәтер) пайдалануға берілді. Бүгінде 12 мыңнан астам азамат тұрғын үй кезегінде тұр.
Сонымен қатар, жоғарыда аталған тұрғын үйлердің құрылысы Түркістан қаласы әкімдігінің Тұрғын үй қатынастары бөлімі және тұрғын үй инспекциясы мен облыстық құрылыс басқармасы тарапынан жүргізіліп, қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің теңгеріміне алынды. Осы ретте айта кеткен жөн, ауқымды іске жұмылдырылған жергілікті және өзге өңірлерден келген 13 мердігер мекеме тұрғын үйлердің сапасына басты назар аударған. Бұл жөнінде облыс орталығындағы құрылыс алаңдарын аралап, мердігерлермен кездескен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс барысын қадағалап, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктей келе «Облыс орталығында салынып жатқан барлық тұрғын үйлер көркем келбетімен ерекшеленген, ең бастысы өте сапалы болуы тиіс. Құрылысқа жауаптылар өз жұмыстарына жанашырлықпен қарау керек. Тапсыру мерзімі белгіленген кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Құрылыстың сапасына басты назар аударып, көпқабатты тұрғын үйлердің сейсмоқауіпсіздігінің сақталуына қатаң бақылау жүргізіп, құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес аяқталуы тиіс. Талапты орындамағандарға шара қолданылады» деген болатын. Сондай-ақ облыс әкімі қала тұр­ғындарымен кездесуінде Түркістан қала­сының тұрғын үй қорынан 2023 жылы 720 пәтер беру көзделгенін, оның ішінде көпбалалы 500 отбасына пәтер беру жоспарланып отырғанын жеткізді.
Бұл орайда, облыстық құрылыс басқармасы тарапынан салынып жатқан үйлерге тоқталсақ, 2021 жылдан бастап көпқабатты 4298 пәтерлі 68 тұрғын үйдің 264,1 мың ш.м. (барлығы ипотекалық пәтерлер) құрылысы жүргізіліп, соның ішінде 2022 жылға 6 блок 240 пәтер пайдалануға берілді және барлығы ипотекамен сатылды. Ал қалған үйлердің құрылысы аяқталып, ағымдағы жылы халық игілігіне беріледі деп күтілуде.
Жаңадан салынатын үйлер бойынша Әкімшілік-іскерлік орталықта 5 қабатты 800 пәтерлі 20 тұрғын үйдің құрылысына жоба әзірленді және осы бойынша сараптама қорытындысын алды. Қазіргі таңда құрылысына қаржы бөлініп, мердігерді анықтау мақсатында ашық конкурс жарияланды. Жеңімпаздар анықталған соң құрылысы қыркүйек айында басталады деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, 7 қабатты 64 тұрғын үйге жаңадан жоба жасалып, сараптама қорытындысы алынды. Аталған үйлердің құрылысын салып аяқтауға қаржы бөлдіру бойынша бюджеттік өтінім берілді. Осы жылдың маусым айынан бастап қабылдау жүргізіліп, биыл мемлекеттік бюджет есебінен салынған пәтерлер пайдалануға берілсе, салынып жатқан үйлердің басым бөлігі ипотекамен беріледі деп жоспарлануда. Сонымен бірге, құрылыс алаңдарында абаттандыру жұмыстары да қатар жүргізіліп жатыр.
Айта кететін, «Бақытты отбасы» бағыты бойынша жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен, бастапқы жарна 10 %-дан кем емес мөлшерде 20 жылға тұрғын үйді сатып алуға несие беру қарастырылған.
Бағдарламаға тұрғын үй кезегіне тіркелген «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылар, сонымен қатар 1 және 2 топ мүгедектігі бар азаматтар қатыса алады.
Еске саларлық, тұрғын үй кезегіне тіркелу үшін өтінімдер жіберу және тұрғын үй кезегін көруге қатысты мемлекеттік қызметтерді алуға тек «kezekte.kz» электрондық порталына ғана жүгіну қажеттігін хабарлады. Яғни аталған мемлекеттік қызметтер 2022 жылдан бастап kezekte.kz электрондық порталында жүзеге асырылуда. Ол үшін тұрғын үй кезегінде тұрған әр бір азамат өзінің ЭЦҚ (ЭЦП) қолтаңбасы болу қажет.
Кезекке тіркелу үшін Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67 бабының талаптарына сәйкес белгіленген санаттардың біріне енуі, отбасының тұрғылықты мекен-жайы соңғы 3 жыл көлемінде Шымкент қаласында болуы және иелігінде соңғы бес жыл көлемінде тұрғын үй тіркелмеуі шарт.
Кезекке тіркелу үшін келесі санаттардағы азаматтар өтініш білдіре алады:
1)Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
2)жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
3)«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
4)халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы;
5)мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер;
6)жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар.
Сонымен қатар, Түркістанда экологиялық газобетонды жылу блоктарын шығару өндірісі ашылып, нарыққа жол тартқанына көп болған жоқ. Нарықта зор сұранысқа ие, газоблок атауымен белгілі бұл құрылыс материалын шығаратын өндіріс орны – «Euro Blok Producktion» деп аталады.
Жалпы газоблок деген немістердің технологиясы. Өзінің қосылатын бірнеше қоспалары бар.
Соңғы кезде тұтынушылар бұл материалдың сапасын, басқа материалдарға қарағанда тиімділігін түсіне бастады. Есептеп қарағанда газоблок (күйген) кірпішке қарағанда 40 %-ке артық жылу ұстайды. Ал, шлакоблоктан қарағанда әлдеқайда тиімді. Шлакоблок қыста жылу ұстамайды, жазда ыстық тартады. Тұрғындар құрылыс материалдарынан үнемдегенімен, жылуға көп шығын кететінін түсінді. Бұған шлакаблоктай іші-сыртынан қалың сылақ жүргізудің, жылытушы материалдармен қаптаудың қажеті жоқ.
Тұрғын үй 2023 жылға 412,6 мың ш.м. немесе 5 966 пәтер пайдалануға беру жоспарланып, қаңтар-қыркүйек айларында пайдалануға берілген тұрғын үй саны 294,0 мың ш.м. құрап, яғни былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,5% өсті. Ал құрылыс жұмыстары 55,0 млрд.теңгені орындалып, өсім 2% құрады. Ағымдағы жылы бюджет есебінен 66 үйдің құрылысы жүргізілуде, оның 59 үй жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Ал, жеке инвестиция есебінен 46 үйдің құрылысы жүргізілуде. Одан бөлек, Түркістан қаласын одан әрі дамыту мақсатында жаңадан салынатын 800 пәтерлі 5 қабатты 20 тұрғын үйдің құрылысы облигация есебінен басталып, нәтижесінде халық игілігіне 220 мың теңгеден кредитке берілетін болады. Қазіргі таңда, Түркістан қаласының тұрғын үй кезегінде 16 197 азамат тұрғын үйге мұқтаж ретінде тіркеліп тұр. 2022 жылдың қорытындысымен 3 155 пәтерді құрайтын 49 үй пайдалануға берілді. Сонымен қатар, кезектегі азаматтарға тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 187 пәтерлерді сатып алуға 1,8 млрд.теңге қарастырылып, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы жүруде. Әлеуметтік сала Қала аумағында аз қамтамасыз етілген және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйелі түрде атқарылуда. Атап айтсақ, 2023 жылдың 9 ай қорытындысымен 3 047 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 5 525 балаға азық түлік және тұрмыстық химия жиынтықтары берілді . Ұлы отан соғыс ардагерлеріне, 416 соғыс ардагеріне теңестірілген, 369 тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік көмек көрсетілді. Сонымен қатар, зейнет жасындағы адамдардың салауатты өмір сүруі мен деңсаулығына оң жағдай жасау мақсатында 2022 жылы «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» ашылып, сол жылы 774 адамға қызмет көрсетсе, ағымдағы жылдың 9 айында 2 172 адамға қызмет көрсетілді. Одан бөлек, аз қамтылған отбасылардың өмір сүру сапасын жақсарту және аналарды қиын өмірлік жағдайлардан ынталандыру мақсатында ағымдағы жылы Жанұя «Қамқорлық» орталығы іске қосылып, 2 260 қызметтер мен 1 358 кеңестер ұсынылды. Бүгінде «ҚАДАМ» білім беру жобасы арқылы 98 азаматшалар білім алуда және 207 азаматша оқу курстарын аяқтады. Ал «НӘТИЖЕ» әлеуметтік жобасы арқылы 98 тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылып, 62 тұрғын өз кәсібін ашып, табысқа шықты. Сонымен қатар, «ҚОЛДАУ» қайырылымдылық жобасы арқылы 6 қайырылымдылық іс-шаралар ұйымдастырылып, 286 отбасыға және демеушілер тарапынан 53 отбасыға қолдау көрсетілді. Жұмыспен қамту Қаламыздың еңбек индикаторындағы негізгі міндет жұмыссыздық деңгейін төмендету. Бұл бағытта 2023 жылдың ІII-тоқсанында бір шама нәтижелі көрсеткіштерге қол жетті. Жүйелі жұмыстар нәтижесінде «Еңбек» бағыты бойынша 7 143 азамат жоспарланса, осы жылдың 9 ай қорытындысымен 6 501 азаматты белсенді шараларға тартылды. Атап айтсақ, 3 679 азамат тұрақты бос жұмыс орындарымен қамтылса, 201 азамат уақытша ұйымдастырылатын әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды. Сондай-ақ 535 жас түлек «Жастар практикасымен», 102 жас — алғашқы жұмыс орындарымен, 175 азамат – «Күміс жас» жобасы аясында жұмыспен қамтылса, 1 242 тұрғын ақылы қоғамдық жұмыс орындарына жолданды. Кәсіпкерлікті қолдау шаралары бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі. 150 тұрғынның бастапқы бизнес жоспарларына комиссия шешімімен қайтарымсыз грант қаражаттары берілді. 29 азамат мемлекет тарапынан өз кәсібін ашу үшін шағын несие иегері болды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен...