Төлеби ауданы, Көксәйек елді мекенінде спорт кешені салынуда. Құны – 836 млн. теңгені құрайтын спорт кешенінің аяқталу мерзімі 2024 жыл. Мердігер мекеме – «Корпорация Алем Құрылыс» ЖШС.
Бұдан басқа «Жайлы мектеп» жобасы аясында аудан аумағында Көксәйек елді мекенінде 600 орындықты, Қосағаш елді мекенінде 300 орындықты, Киелітас елді мекенінде 900 орындықты білім ошақтары бой көтеруде.
Облыстық бюджет есебінен Тағайна елді мекеніндегі 200 орындық орта мектебінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Көксәйек және Қосағаш, Тағайна елді мекендеріндегі мектеп құрылысымен танысқан аудан әкімі бұл нысанның сапасы мен қолданылып жатқан құрылыс материалдарына баса назар аудару қажеттігін жүктеді.
Көксәйек елді мекеніндегі білім ошағының құрылысын мердігер мекеме «Жаңа Арна Құрылыс» жүргізсе, тапсырыс беруші «Samruk Kazyna Construction» АҚ. Ғимараттың жалпы ауданы 8921.9 кв.м, жалпы ауданы 2.04 га жер. Мектепте заманауи талаптарға сай жедел саты (лифт) және пәндік сыныптар қарастырылған.
Қосағаш елді мекеніндегі мектеп құрылысына жауапты «Дос и К» ЖШС. Құрылыс жобаға сәйкес 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Жер көлемі 1.97 га.
Аудан әкімі Төлеген Телғараев аудандағы құрылысы жүріп жатқан нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыс сапасын бақылады. Төлеген Телғараев аудан аумағындағы құрылысы жүріп жатқан нысандар өз уақытында ел игілігіне берілуі тиістігін айтып, жауапты тұлғаларға әрбір жобаға мұқият болуды тапсырды.
Еске саларлық, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілген болатын.
Тұжырымдама 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар мен мектеп оқушыларына сапалы білім беру үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Атап айтқанда, үш ауысыммен оқытатын және апатты мектептерді жою арқылы жайлы және қауіпсіз білім беру ортасын құру жөнінде шаралар қабылданады. Мәселені шешу үшін 1,5 млн жаңа оқушы орны ашылмақ. Мектептер қауіпсіздік жүйелерімен толық жабдықталады. 2026 жылға қарай ауылдарда, шағын қалаларда және аудан орталықтарында 5 мың мектеп жөндеуден өтеді.
Сондай-ақ, балалардың шығармашылық, интеллектуалдық және физикалық қасиеттерін қалыптастыру мен оқушылардың демалысын ұтымды ұйымдастыру үшін қажетті деңгейде көңіл бөлінеді.
Тұжырымдаманы орындау аясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде қазақстандық жастардың колледждерде сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін білім алуына баса назар аударылды.
Балалардың ерте дамуы баланың өміріндегі ең маңызды кезең болып табылады, өйткені ол әр балаға берекелі өмірге өз құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Балалық шақты дамыту мәселелері әлемнің барлық елдерінде мемлекеттік саясаттың басымдығы болып табылады.
Қазақстан үшін балалық шақ мәселелері ең өзекті болып табылады, өйткені балалар саны халықтың 33,9% құрайды (2022 жылы). Өз кезегінде, балалардың тиісті дамуын қамтамасыз ету мемлекет үшін де экономикалық тұрғыдан тиімді: балалардың дамуына салынған әрбір доллар болашақта экономикаға 13 доллар мөлшерінде пайда әкелуі мүмкін.
Балаларды дамытудың бастапқы кезеңі мектепке дейінгі білім беру болып табылады. Дәл осы кезеңде бала физикалық және интеллектуалдық даму тұрғысынан маңызды қасиеттерге ие болады. Сондай-ақ, осы кезеңде интеллектуалдық қабілеттер, психика, есте сақтау және өзін-өзі бағалау дамиды. Сондықтан балалардың болашақ өсуіне, оқуына және жетілуіне негіз қалау үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету өте маңызды.
Бүгінгі таңда елде 10 871 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істейді. Соңғы онжылдық бойы мемлекеттік және жеке меншіктегі мектепке дейінгі ұйымдардың кері арақатынасы байқалды. 2016 жылдан бастап 2021 жылға дейін мемлекеттік меншіктегі мектепке дейінгі ұйымдардың 7 074-тен 5 898-ге дейін 16,3%-ке жоспарлы түрде төмендеуі байқалады. Бұл көп жағдайда білім беру саласында бизнесті тартуға, МЖС-ні белсенді дамытуға, осы саладағы заңнаманы жетілдіруге байланысты болды.
Әкімшілік деректерге сәйкес 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту - 99%. Алайда, егер 0-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен жалпы қамтуды қарасақ (мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептердің мектеп алды сыныптарындағы жасына қарамастан балалар санының 0-6 жас аралығындағы халықтың жалпы санына қатынасы), онда 2021 жылдың қорытындысы бойынша ол 52,8% құрайды. Басқа сөзбен айтқанда, 0 мен 6 жас аралығындағы балалар санының қалған бөлігі мектепке дейінгі ұйымдарға бармайды.
0-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтудың төмендігі, біріншіден, «Білім туралы» Заңға сәйкес, балаларды 1-сыныпқа қабылдағанға дейін мектепке дейінгі тәрбиелеу сондай-ақ отбасында да жүзеге асырылуы мүмкін, тек 5-6 жастағы балаларды мектеп алды даярлық міндетті. Екіншіден, бұл аз қамтылған отбасылардағы ата-аналар тамақтану және жол ақысы сияқты байланысты шығындарды төлей алмайтындығына байланысты болуы мүмкін. Сондықтан балалардың едәуір санын мектепке дейінгі мекемелерге қабылдау мүмкін емес және олар кезек тізімінде жоқ.
Елдегі балаларды қамтуды қамтамасыз етуде «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы іске асырылуда, оның шеңберінде балаларды 2 жастан 6 жасқа дейін және 3 жастан 6 жасқа дейін тиісінше 95% және 100% деңгейіне дейін сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көрсеткіштері көзделген.
Бірақ осы бағыттағы жүйелі жұмысқа қарамастан, елде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы орындарға қажеттілік сақталуда. Мәселен, 2021 жылы мектепке дейінгі мекемелерде орын алуға кезекте 283 637 бала тұрды, бұл мектепке дейінгі білім берумен қамтылмаған балалардың 47%-інен 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 11% құрайды. Бұдан басқа, Қазақстанда соңғы 21 жылда бала туу талдауы 2000 жылдан 2021 жылға дейін бала туудың жоспарлы өсуі байқалатынан көрсетеді, бұл мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығы бойынша жағдайды қиындатады.
Қазақстанда мемлекет ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға өзін-өзі жетілдіру, білім берудің барлық деңгейлерінде өмір бойы оқуды жалғастыру, олардың қабілеттерін еркін дамыту, білім беру жүйесі ұсынған шектерде білім алу нысанын таңдау құқығын беруді қоса алғанда, олардың жеке даму ерекшеліктерін ескере отырып, жағдай жасайды.
2021 жылы ел Президентімен инклюзивті білім беруге қатысты кейбір заңнамалық актілерге түзетулер енгізілді. Енді ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытатын білім беру ұйымдары білім беру бағдарламаларын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке даму ерекшеліктері мен әлеуетті мүмкіндіктеріне сәйкес бейімдеуі тиіс.
Сонымен қатар, қыркүйек айында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Жоғары ғылыми-техникалық комиссия отырысында ғылымды дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған басым бағыттарын айқындау мәселесі қаралған болатын.
Отырысты ашқан Үкімет басшысы күні кеше ғана Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы 2023 жылға арналған Жаһандық инновациялық индексті жарияланғанын атап өтті. Ол ғылымға, білім беру жүйесіне және инфрақұрылымға қатысты 80-ге жуық көрсеткішті қамтиды.
«Қазақстан Үндістан мен Ираннан кейін Орталық және Оңтүстік Азия аймағы бойынша үздік 3 инновациялық экономиканың қатарына енді. Цифрлық даму, Ғылым және жоғары білім министрліктері еліміздің халықаралық аренадағы позицияларын жақсарту үшін ғалымдарға қажетті жағдай жасау және инфрақұрылымды дамыту жұмыстарын жалғастыруы керек», — деді Әлихан Смайылов.