Аймаққа инвестиция тартып, жергілікті өнімдерді экспортқа шығаруды мақсат еткен іс-шарада жалпы саны 60-қа жуық тауар өндірушінің өнімдері қойылды. Атап айтқанда, киім, аяқ киім, ыдыстар, текстиль өнімдері, электр машиналары, күннен қорғайтын өнімдер, электр скутерлері және Түркістан облысы бойынша тамақ, жиһаз, химия, жеңіл өнеркәсіп өнімдері ұсынылды.
2018 жылдың 19 маусымында жаңадан Түркістан облысы құрылып, қалаға облыс орталығы статусы берілді. Жалпы, қазақ үшін Түркістан – қаладан да, облыс орталығынан да биік, асқақ әрі кең ұғым. Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай: «Тарихы бай, тағылымы терең Түркістанның еліміз үшін орны бөлек. Ол – бүкіл Орталық Азиядағы ең көне қалалардың бірі. Түркістан – қазақ елінің рухани жүрегі, қазақтың көптеген қабырғалы тұлғалары мәңгіге жай тапқан қасиетті қала. Осында жерленген 164 әйгілі тұлғаның 21-і ел басқарған хан-сұлтандар, 30-дан астамы қол бастаған батырлар, ауқымды сөз бастаған билер. Түркістан тарихы – күллі қазақтың тарихы».
Бүгінгі Түркістан мен тарихи Түркістанды салыстыру танымдық тұрғыдан маңызды. Дей тұрғанмен жаңа ұрпақтың міндеті – рухани шаһар болмысын сақтай отырып, жаңа заман алғышартына лайықты жарнамалай алу. Сонымен бірге тарихи шаһарларды жаңғыртудың өзіндік өркениетті концепциясы болды. Бүгінде сол жүйелі қозғалыстың арқасында идея жемісті болғанына шүбә келтірмеуге болады. Мұны көріп-білу үшін, әрине, бүгінгі облыс орталығын – тарихи қаланы тамашалаған дұрыс. Өзгерген, түрленген сыртқы келбеті бір бөлек, экономикалық, әлеуметтік, мәдени әлеуеті, халықаралық туризмнің болашағы үшін көп мүмкіндік туғызылып, батыл жобалар қолға алынған.
Осы жерде қаланың дамуы барысында экономикалық көрсеткіштерге көз жүгіртсек.
Түркістан қаласының 2019 жылғы жергілікті бюджеті 100 млн, 325 мың теңгені құраса, бұл көрсеткіш 2020 жылы 138 млн, 541 мыңға өскен. Ал 2021 жылы 128 млн, 626 мыңды құраса, 2022 жылы 131 млн 929 мың теңгеге қайта өскен. Ал биылғы жергілікті бюд-жет жоспары 106672571 теңге.
2021 жылы өнеркәсіп саласы бойынша өнім көлемі 14,8 млрд. теңге көрсеткішке ие болса, қазір 15,4 млрд. теңгеге жетті, яғни өткен жылғы көрсеткіштен 3,8% артқан. Сонымен қатар, «TURKESTAN» индустриалды аймағында 2016-2022 жылдар аралығында 8,6 млрд теңгені құрайтын 19 жоба іске қосылып, 857 жаңа жұмыс орны ашылды. Инфрақұрым бойынша да шаһарда оң өзгерістер бар. Қазіргі таңда қала аумағында 37 655 абонент таза ауызсумен қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін таза ауыз сумен қамту деңгейі 98,5%-ға жетпек. Ал сапалы электр қуатымен қамту көрсеткіші биыл 84,9%-дан 94,7%-ға артқан. Түркістан қаласын газдандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп, 39 937 абонент газбен жабдықтау желілеріне қосылған. Бүгінгі күні көгілдір отынды 38 060 абонент дербес шот ашып пайдалануда. Бос жер телімдерін қоса алғанда толық табиғи газды пайдаланушылар саны биыл 95%-ға жеткен. Жол саласында былтырғы жылдың қорытындысымен қалада жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 37,4%-дан 40,3%-ға артпақ. Қала ішінде жалпы 21 бағытта 220 қоғамдық көлік қатынайды. Аталған көліктердің 78-і сыйымдылығы жоғары болса, қалған 142-сі — шағын автобустар. 2021 жылдан бастап қала ішінде экологиялық стандарттарға сәйкес 78 жаңа автобус алынды, нәтижесінде қаладағы қоғамдық көліктердің 34% жаңарды.
Сол секілді әлеуметтік сала да оң көрсеткіштердің қатары мол. Мәселен Түркістан қаласы облыс орталығы болған кезеңнен бері халық саны 50 мың адамға өсіп, қазір 220 мыңнан асты. Сондай-ақ, тұрғын үй құрылыс жұмыстарының көлемі 5 жылдың ішінде 3 есе артып, 350,9 млрд. теңгені құрады. Негізгі көп пәтерлі үйлердің құрылысы Түркістан қаласында жүргізіліп жатыр. 2019 жылдан бастап 340 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді. Талай жалынды жас осында баспаналы болып, армандарына қол жеткізді.
Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы тұрғындарымен кездесуде Түркістанға тарихи және рухани елорда мәртебесін беру мәселесін көтерген болатын. Тарихы тереңде жатқан шаһардың жаңа дәуірі басталып, жыл өткен сайын көптеген нысан бой көтеріп жатыр.
Соңғы 5 жылда Түркістан қаласында жаңа әуежай салынды. Тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы жаңа әуежай өңірдегі туризмнің дамуына қуатты серпін берді. Сондай-ақ шаһарда мәдени және рухани орталықтар, спорт нысандары, теннис орталығы, әкімшілік-іскерлік орталығы жаңа ғимараттармен толықты. Осындай нысандардың қатарын таяуда өңірімізде тұңғыш рет бой көтерген мұз сарайы толықтырды. Жалпы 5 жылда 250-ден астам жаңа нысан ел игілігіне берілді.
Шаһарда құрылыстардың әкімшілік-іскерлік және рухани-мәдени орталық деп аталатын екі аймаққа бөлінді. Атаулы жоба бойынша аймақтарда 15 мәдени-әлеуметтік нысан салынды. Солардың ішінде «Әкімшілік-іскерлік орталықта» 8 нысан бар. Оларды атасақ: жабық бассейні бар спорт кешені, 7000 орындық стадион, Оқушылар сарайы, Департаменттер үйі, Басқармалар үйі, Конгресс холл, Цифрлық кеңсе, Аттракциондар сая-бағы. Келесі «Рухани-мәдени орталық-та» 7 нысан бар. Бұл қатарда Ясауи мұражайы, «Ұлы Дала» орталығы, Ғылыми-әмбебап кітапханасы, Драма театры, Тұңғыш Президент саябағы, Арбат болып саналады. Бұлардың барлығы өз уақытында пайдалануға берілді, қазіргі таңда халық игілігінде. Одан бөлек, әрқайсысы 120 бөлмеден тұратын жеке инвестор есебінен туристерге лайықты сервистік қызмет көрсететін «Rixos», «Нұр-Әлем», «Hampton by hilton» атты қонақ үй кешендері қала келешегінің көрінісі секілді. Оны көрген адам таңдай қақпай тұра алмасы тағы бар. Тағы бір ерекше құрылыс ретінде «Рухани-мәдени орталық» бағытына жататын «Керуен сарайын» айтпай кету мүмкін емес. Бұдан өзге, Қ.А.Ясауи кесенесінің буферлік аумағында абаттандыру жұмыстары. Сондай-ақ, аумағы 20 гектарды құрайтын Б.Саттарханов даңғылы бойындағы желілік саябақтың құрылысы аяқталған. Сонымен қатар, қаладан 16 шақырым қашықтықтағы Шаға елді мекенінен бой көтерген халықаралық әуежай. Бұл құрылысты түркиялық «YDA Group» компаниясы салған. Жер көлемі жалпы 900 гектар аумақты алып жатыр. Онда терминал, ұшу-қону жолағы және басқа да нысандар бар. Аталмыш әуежай халықаралық стандартқа сай және заманауи құрылыс технологиясымен салынған. Терминал жылына 3 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсете алады. Жолаушылар үшін қаладан әуежайға дейін жаңа автомобиль жолы салынған.
Қазіргі таңда, Түркістанның әлем елдерімен болатын байланысының арта түскендігін байқауға болады. Қарқынды құрылыс жүріп жатқан шаһарда 2022 жылдың екінші жарты жылдығында 70 нысан пайдалануға берілді. Нәтижесінде 6 300 отбасы баспанамен қамтамасыз етіліп, 3 604 жеке жер учаскелеріне инфрақұрылым жүйелері жүргізілді. Осы жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының аясында мемлекеттік бюджет есебінен 158 нысанның құрылысына 36,6 млрд. теңге бөлінген. Оның ішінде 40 арендалық тұрғын үй құрылысы, 30 инженерлік инфрақұрылым нысаны, 88 кредиттік тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр.
Айта кететін, жыл сайын жақсарып келе жатқан жолдар түркістандықтар үшін айырықша жетістік десек, оның сапасы да бөлек тақырып. Адамдардың мүмкіншілігі артып, жолдар ұзарған сайын оның халыққа тиімді жақтарын қарастыру да айтарлықтай оңай шаруа емес екені мәлім. Туристік орталыққа айналып, күллі түркі жұртының астанасы саналатын Түркістан шаһары тоғыз жолдың торабында орналасқандықтан, аталған жол мәселелерінің өзектілігі ешқашан жойылмайды. «Түркістан қаласындағы жолдардың жарамдылық мерзімі тек жолдың жауы саналатын жаңбыр мен ауыр жүк көліктеріне байланысты емес» дейді мамандар. Олардың айтуынша, жолдың материалы сапалы болса, бәрі керемет бола қалмайды.
2021 жылы өнеркәсіп саласы бойынша өнім көлемі 14,8 млрд.теңге көрсеткішке ие болса, қазір 15,4 млрд.теңгеге жетті, яғни өткен жылғы көрсеткіштен 3,8% артқан. Сонымен қатар, «TURKESTAN» индустриалды аймағында 2016-2022 жылдар аралығында 8,6 млрд теңгені құрайтын 19 жоба іске қосылып, 857 жаңа жұмыс орны ашылды. Инфрақұрым бойынша да шаһарда оң өзгерістер бар. Қазіргі таңда қала аумағында 37 655 абонент таза ауызсумен қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін таза ауызсумен қамту деңгейі 98,5%-ға жетпек. Ал сапалы электр қуатымен қамту көрсеткіші биыл 84,9%-дан 94,7%-ға артқан. Түркістан қаласын газдандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп, 39 937 абонент газбен жабдықтау желілеріне қосылған. Бүгінгі күні көгілдір отынды 38 060 абонент дербес шот ашып пайдалануда. Бос жер телімдерін қоса алғанда толық табиғи газды пайдаланушылар саны биыл 95%-ға жеткен. Жол саласында былтырғы жылдың қорытындысымен қалада жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 37,4%-дан 40,3%-ға артпақ. Қала ішінде жалпы 21 бағытта 220 қоғамдық көлік қатынайды. Аталған көліктердің 78-і сыйымдылығы жоғары болса, қалған 142-сі — шағын автобустар. 2021 жылдан бастап қала ішінде экологиялық стандарттарға сәйкес 78 жаңа автобус алынды, нәтижесінде қаладағы қоғамдық көліктердің 34% жаңарды.
Жалпы қала аумағында 38 419 үйдің табиғи газ бойынша құрылыс жұмыстары тәмәмдалған. Соның ішінде, 37 657, яғни, 98 % абонент көгілдір отынның рақатын сезініп, жақсылықтың куәсі болып отыр. Негізінен, шаһар төңірегінде 52 052 абонентті табиғи газ желісімен қамтамасыз етуге мүмкіндік бар көрінеді. 2022 жылдың өзінде 2 қабатты 57 тұрғын үйдің 55-іне газ толықтай беріліп, тұрғындардың ыстық ықыласына бөленген еді. Тек 2 тұрғын үйдің қабырғалары ағаштан жасалғандықтан газ жүргізу мүмкін емес деп танылған. Ағымдағы жылы да мұндай маңызды жұмыстар жалғасын тауып келеді. Сөзіміздің тұздығы ретінде «Отырар» мөлтек ауданындағы 5 қабатты 36 тұрғын үйді газдандыру жұмыстары жайында айтсақ болады. Аталған іс аяғына жеткен кезде 2160 жанұя табиғи көгілдір отынның мүмкіндігін пайдаланбақ. Жобаның бас жобалаушысы болып «МПК-Проект» ЖШС белгіленген. Мердігер жоба құнын 1 млрд. 241 миллион теңгеден астам қаржыға бағалаған.
Сонымен қатар 2023 жылдан бастап Түркістанды түркітілдес елдердің туристік астанасы етуге ұсыныс тасталды. Туристтер көп шоғырланатын мекеннің инфрақұрылымы жыл санап арта түсуде. Айталық көліктің кез-келген түрі Түркістанға бара алады. Түркістан облыс атағын алғанына биыл 5 жыл толып отыр. Бес жыл ішінде қалада көптеген тұрғын үйлер, саябақтар, туристік кешендер, ойын-сауық кешендері бой көтерді. Облыс орталығына айналғалы қалада көптеген байқаулар, іс-шаралар да өтіп кетелді. Әзербайжан елінде өткен түркітілдес елдердің туризмге қатысты кездесуінде 2023 жылы Түркістанды туристік астанаға айналдыру ұсынысы қаралған болатын. Былтыр түркітілдес елдердің туристік астанасы Баку қаласы еді. Осыған дейін вице-министр айтқан бірқатар ауқымды шаралар, мәдени, туристік, спорттық ойын-сауықтар қатары өткізіліп келеді. Былтыр елордада туристерге арналған су жаңа жоба «Neo Nomad 2022» акциясына қатысушы турист бір жылдың ішінде еліміздің 20 аймағына барып, арнайы қойылған жиектеменің (рамка) алдында суретке түсуі тиіс. Осылайша 20 фотосурет жинаған туристке «Заманауи көшпенді» мәртебесі беріліп, естелік сыйлық табыс етіледі.
Биыл жыл басынан бері Түркістанға келген туристер саны 130 503- ке жеткені анықталды. Жуырда облыс орталығында жаңа туристік маусымның ашылуы өтіп, өңірге келушілер қатары көбеюде. Түркістан қалалық «Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің»басшысы Талғат Алпысбайұлының мәлімдеуінше, оның 129 645-і ішкі туристтер болса, 858-і шет елдік қонақтар.
Айта кетсек, шаһарда туристерге қолайлы жағдай жасау үшін барлық мүмкіндік қарастырылған. 2023 жылдың І-ші тоқсан қорытындысы бойынша қаладағы орналастыру орындарының саны — 57 бірлікті құраған. Ал, демалыс нөмірлерінің саны – 1199 болса, төсек-орын саны – 2557 бірлікке көбейген. Сондай-ақ, жыл соңына дейін қалада 5 жұлдызды «Medina palace» қонақ үйі мен «Мұз айдыны» спорт кешені қолданысқа беріліп, туристерге арналған демалыс орны арта түсті.
Түркістанның туристік әлеуеті өте жоғары. «Биылғы жоспар бойынша Түркістан өңірінде 15 мәдениет нысанына жөндеу және 3 нысанына құрылыс жұмыстары көзделіп отыр. Сонымен қатар, сіздердің өңірлеріңізде «Гауһар Ана», «Отырар», «Сауран» визит-орталықтары биыл ашылып, туристерге қолайлы жағдай тудырады деп күтеміз. Ал 2023-2024 жылдары Түркістан облысында жалпы сомасы 41,7 млрд теңгеге туристік инвестициялық 18 жоба жоспарланған. Атап айтқанда, «Medina Palace» қонақүйі, «Отау» ойын-сауық орталығы, фитнес-клубы, теннис орталығы және «Turkistan Mall» орталықтары сияқты жобалар іске асырылуда. 2022 жылы 15 туристік нысан пайдалануға берілген. Бүгінде облыс аумағында 1 754 тарихи-мәдени ескерткіш орналасқан.