НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТЫҢ ҚҰПИЯСЫ - ӘКІМ МЕН ХАЛЫҚ БІР-БІРІНЕ ҚАРАМАЙДЫ, ОЛАР ПРОБЛЕМАЛАРҒА БІРГЕ ҚАРАЙДЫ, БІРГЕ ШЕШІМІН ІЗДЕЙДІ, БІРГЕ ШЕШЕДІ!

НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТЫҢ ҚҰПИЯСЫ - ӘКІМ МЕН ХАЛЫҚ БІР-БІРІНЕ ҚАРАМАЙДЫ, ОЛАР ПРОБЛЕМАЛАРҒА БІРГЕ ҚАРАЙДЫ, БІРГЕ ШЕШІМІН ІЗДЕЙДІ, БІРГЕ ШЕШЕДІ!

Жыл басынан бері Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков қала тұрғындарымен түрлі деңгейде 96 рет кездесу өткізді.
НӘТИЖЕСІНДЕ:
Бекзат мөлтек ауданы, Теміржол вокзалы аумағында жаяу жүргіншілерге арналған 2 көпірдің құрылысы басталды;
Атап өтсек, олар:
Бекзат мөлтек ауданы, Теміржол вокзалы аумағына орнатылатын жаяу жүргіншілер көпірі (ПК5+45, 3106 км).
Бекзат мөлтек ауданы, Түрік ауылының аумағына орнатылатын жаяу жүргіншілер көпірі (ПК2+50, 3103 км).
Түркістанда құрылыстың қарқынды жүріп жатқанын үлкен жолдардың бірінен кейін бірі қазып тастаған көрінісінен аңғаруға болады. Әрине, күнделікті сол жолмен өтіп жатқан жолаушыға да, көлік жүргізушісіне де бұл оңай соғып жатпағаны анық. Кедір-бұдыр тар жол, шаңы аспанға көтерілген көше, бұртиған жолаушы. Десе де жарқын болашаққа, құрылысы бітіп, халқы игілігін көріп жатқан көшелерге сеніммен қарасаң, ескі қала аумағы саналатын көптеген көшелердің алдағы уақытта керегесі кеңейіп, көсегесі көгергелі жатқанын айтуға толық негіз бар. Өйткені тынымсыз жұмыс күндіз-түні жүріп жатыр.
Өзіміз бала кезде «жолдың асты» (көпірдің арғы беті болғаннан солай десе керек) атап кеткен, бүгінде Бекзат мөлтек ауданына қарай өтетін жалғыз көпірді көруді, үстімен ары-бері жүріп өтуді қызық көретінбіз. Ал жоғарыдан төмен қарағандағы жүйіткіген пойыздардың жүрісі одан сайын таңдандыратын. «Елу жылда ел жаңа». Балалық шақтың қызықты көріністерінің бірі — сол көпір бүгінде әбден ескірді. Әрі халықтың пайдалануы үшін де қауіпті.
Сол себепті 2023 жылы Түркістан қаласы әкімдігінің тарапынан қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру және қолайлы орта қалыптастыру мақсатында, 2 дана жаяу жүргіншілер көпірін салу жоспарланған болатын.
Түркістан қаласы әкімдігінің Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесінің мәліметіне сәйкес, Түркістан қаласында құрылысын жүргізу жоспарланған 2 дана жаяу жүргіншілер көпірлері Бекзат тұрғын алқабында орналасқан. Құрылысы жоспарланған жаяу жүргіншілер көпірі Бекзат тұрғын алқабының тұрғындарын Шауғар және Сауран секторы бағытына жалғайтын, теміржол бойынан тұрғындардың үздіксіз және қауіпсіз жүріп өтуін қамтамасыз ететін нысан болып табылады.
Ағымдағы жылдың наурыз айында құрылыс жұмыстары бастау алды. Қазіргі таңда халықтың игілігіне салынып жатқан көпірдің иентіректерін және бағаналарын орнату жұмыстары іске асырылуда. Нысан 2024 жылға өтпелі болып табылады. Аталған нысан толығымен аяқталғаннан кейін, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалынып, қауіпсіздік деңгейі артатын болады.
Айта кетейік, Бекзат мөлтек ауданы, Теміржол вокзалы аумағына орнатылатын жаяу жүргіншілер көпірін іске асыру мерзімі – 2023-2024 жылдар аралығы. Жоба құны– 542 млн. тг.; 2023 жылға бөлінген қаржы – 369,8 млн. тг. Ал тапсырыс беруші: Түркістан қаласы әкімдігінің «ЖК және АЖ бөлімі» ММ-і; Мердігер: «АлемТрансЖол» ЖШС; Авторлық қадағалаушы: «МПК Проект» ЖШС; Техникалық қадағалаушы: «ТК и З» ЖШС болып табылады.
Және екінші көпірді, яғни Бекзат мөлтек ауданы, Түрік ауылының аумағына орнатылатын жаяу жүргіншілер көпірін іске асыру мерзімі – 2023-2024 жылдар аралығы. Жоба құны– 348,1 млн. тг.; 2023 жылға бөлінген қаржы – 302,5 млн. тг.; Тапсырыс беруші: Түркістан қаласы әкімдігінің «ЖК және АЖ бөлімі» ММ-і; Мердігер: «АлемТрансЖол» ЖШС; Авторлық қадағалаушы: «МПК Проект» ЖШС; Техникалық қадағалаушы: «ТК и З» ЖШС.
«Жол азабын жүрген біледі». Амандық болса, осынау көпір құрылысының салынып жатқанын естіген халық оның тезірек бітіп, алдағы жылы пайдалануға берілетінін тағатсыздана күтіп жүр.
Мәдениет үйінің құрылысы басталды;
Қала аумағында 2023 жылы ауқымды 73 мәдени іс-шаралар өткізілді. Оның ішінде, «Түрленген, гүлденген Түркістан» атты ақындар айтысы, Түркістан облысының құрылғанына бес жыл толуына байланысты салтанатты концерттік бағдарлама, қала күніне орай, «Түркістан-бақ мекенім» мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді. Сонымен қатар, қалада мәдениет үйі болмау есебінен 2022 жылы жалпы сомасы 1,7 млрд.теңгені құрайтын 500 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталды.
500 орындықты көрермен залы бар нысанның жан-жағын абаттандыру да назардан тыс қалмаған. 9287 шаршы метр жеріне көгал егілген.
Одан бөлек, М.Тұрсынов көшесіндегі стадионды реконструкциялау жұмысы қолға алынған. Нәтижесінде стадион 2050 көрерменге арналған орынмен, автотұрақпен, сапалы алаңмен қамтылмақ.
Мәдени-рухани орталық аумағынан қолөнершілер кешенінің құрылысы басталды;
“Отырар” мөлтек ауданындағы көпқабатты 36 үйге табиғи газ жүйесі тартылды;
Айта кететін болсақ, биыл Түркістан қаласында 37 нысанның құрылысы жүргізіліп, бүгінгі таңда 5 нысан қабылдаудан өтті. Қалған 32 құрылыс нысанының бірқатары жыл соңына қарай аяқталса, кейбір құрылыс объектілері келесі жылы пайдалануға берілмек.
Атап айтқанда, жоба шеңберінде бес қабатты 20 тұрғын үй салынуда. Сонымен бірге, мәдениет үйінің құрылысы, орталық стадионды қайта жаңғырту және Түркістан қалалық Полиция басқармасының ғимаратын күрделу жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұған қоса, 32 гектар аумаққа инфрақұрылым тарту, көпқабатты үйлердің инженерлік инфрақұрылымдарын салу мен газдандыру, кәріз жүйелері мен индустриалды аймақ көлемін ұлғайту шаралары қолға алынған.
Осы жұмыстардың қатарында абаттандыру мәселелері де қарастырылған. Соның ішінде, «Белсенді» демалыс саябағы, айналма жол бойында желілік саябақ құрылысы жүргізілсе, «Прасат» саябағын жаңғырту мен әкімшілік іскерлік орталығындағы мешіт аумағын абаттандыру жұмыстары қарастырылған.
45,5 шқ құрайтын 38 көшеге асфальт төселді;
55,2 шақырымды құрайтын 64 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол салынды;
89,6 шақырымды құрайтын 94 көшеге тас төселді;
2022 жылғы Түркістан қаласында жүргізілген жолдың құрылыс және орташа жөндеу жұмыстары нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 316,1 шақырымға жетіп 37,4 % құраған болатын.
2023 жылдың 9 айдың қорытындысымен 845 шақырым құрайтын жолдың 399,2 (47,2%) асфальт жол, 445,8 (52,8%) шақырым құрайтын жолдары бар.
2021 жылы жалпы құны 19,2 млрд.теңгені құрайтын 4 нысанның құрылысы басталған болатын. Олар, Ә.Жангелдин көшесі, І.Қожабаев көшесі, Қазыбек би – О.Жарылқапов аралығындағы жол және Қалаби көшесі. Құрылыс жұмыстары барысында жүріс бөлігі 4 жолақты жолға кеңейтіліп, жарықтандыру жүйесі, аяқжол, веложол, суағар науа, көпір құрылысын салу жұмыстары жүргізіледі. Халықпен кездесу барысында Бекзат мөлтек ауданында темір жол үстінен жаяу жүргіншілер көпірін салуды сұраған болатын. Осыған байланысты, ағымдағы жылы 2 жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы басталуда.
184 көшеге жарықшам орнатылды;
Қаладағы көшелерді жарық­тан­дыру мақсатында өткен жылы 147,8 ша­қырым құрайтын 155 көше нақты жарықтандырылды. Сонымен бірге, былтыр қалада 175 шақырымды құрайтын 185 көшесіне тас төселген болатын. Биыл бұл жұмыстар 94 көшеде жалғасады деп жоспарланған. Қазіргі таңда 21 шақырымды құрайтын 24 көшеге жүргізіліп үлгерді. Атап айтқанда, Яссы, Шауғар, Бірлік, Отырар секторларындағы — 5 көшеге, Сауран секторындағы Н.Бекежанов, М.Өтемісұлы көшелеріне, Бекзат секторындағы А.Үсенов, А. Дибаев көшелеріне тас төселді. Сондай- ақ, 4,7 шақырымды 5 көшеде тас төсеу үшін жол негізі дайындалуда.
Айта кетейік былтыр, Түркістан қаласында 269,201 шақырым құрайтын 211 көшеге жарықтандыру жүйесін жүргізу жоспарланған болатын. Ал қазіргі таңда 241,6 шақырымды құрайтын — 174 көшесі жарықтандырылды.
Секторлар бойынша айтар болсақ, Сауран мөлтек ауданының – 17 (21,8 шқ) көшесі, Яссы секторының – 54 (70,8 шқ) көшесі, Отырар секторының – 37 (33,78 шқ) көшесі жарықтандырылса, Шауғардың – 17 (19,5 шқ), Бірлік секторының – 24 (25,67 шқ) көшесі, Бекзат мөлтек ауданындағы — 38 (70,08 шқ) көшеге жарықшамдар орнатылды. Ендігі кезекте 27,606 шақырымға созылған 46 көшені жарықтандыру жұмысы жалғасады. Осыдан бөлек, биыл қосымша 273 көшеде жарықтандыру жүйесін жүргізу жоспарлануда. Аталған нысандар құрылысы толығымен іске асқан жағдайда, қала аумағындағы жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелер үлесі 82%-ды құрайтын болады.
Облыс әкіміне Қазыбек би О.Жарылғапов көшелері аралығындағы жолдың құрылысы таныстырылды. 2,5 шақырымға созылатын жол 4 жолақты. Құрылысты іске асыру мерзімі – 2023 жылдың соңы. Жоба құны – 1718,2 млн. теңге. Сонымен бірге өңір басшысы Ә. Жангелдин көшесін реконструкциялау жұмыстарын көрді. Жолдың ұзындығы – 3,8 шақырым. Санаты – жалпықалалық 4 жолақты магистралды жол. Аталған жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті қаржыны бөлу, үйлер мен жер телімдерін мемлекеттік қажеттілікке алу барысындағы мәселелер талқыланып, тиісті ұсыныстар берілді. Дархан Сатыбалды жолдарды сапалы жүргізуге қолдау көрсетілетінін, көшелердің жан-жағын абаттандыру жұмыстарын да назарда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар биыл қалада тағы 34 шақырымды құрайтын 23 көшеге асфальт жол салу мәселесі көтерілген болатын. Нақтырақ айтсақ киелі шаһардың Ақниет, Бәйшешек көшелеріне, сондай-ақ, Ақниет — Ертөстік көшелері аралығындағы жолға, Т. Дүйсебаев, Ерқосай батыр, Барақ сұлтан, Ақтайлақ, Жиделібайсын көшелеріне асфальт салынды. Ал биыл 2023 жылы тас төсеу жұмыстары 89,6 шақырым құрайтын 94 көшеге жүргізіледі. Соңғы көрсеткіштер бойынша жыл басынан бері 56 шақырымды 65 көшеге тас төселді. Аталған жұмыстар халық көп шоғырланған алты сектордың алғы тізіміндегі көшелерге жүргізілді. Оған қоса шауғар секторындағы 31 көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілді.
Жаңа 64 аялдама орнатылды;
78 жаңа автобус алынып, жаңадан №16 бағыт ашылды, №7, 31, 5, 5а, 8, 4а бағыттарының қоғамдық көлігі жаңартылды;
24 ойын алаңшасы салынды;
Су жиналатын орындарға 40 дренаж орнатылды;
43 трансформатор жаңартылды, 54 трансформатор жаңадан қойылды, қажеттілігіне қарай тағы 30 трансформатор орнату көзделген;
Ауыз сумен қамту көрсеткіші 98,9 пайызға жетті;
2023 жылы 4 нысанның құрылысын аяқтау көзделуде (Мақтазауыт, 1-2 м/а, Яссы ж/е Шауғар, Жаңадан қоныстанған аумақтар, Яссы Шауғар – 10 178 абонент). Жоба құны 5 323,8 млн.теңге.
Нәтижесінде, жыл қорытындысымен қалалықтарды сапалы ауыз сумен қамту деңгейін 99,5 пайызға жеткізу көзделуде.
Қалада орталықтандырылған кәріз жүйесімен 32,2% немесе 12297 абонент қамтылған. Түркістан қаласында сарқынды су желісі — 127,25 км, оның ішінде – магистральдық – 39 км, көшедегілер желісі – 40 км, ішкі орамдағы және ішкі ауладағы желілер – 48,2 км құрайды. Түркістан қаласында — 27 КНС және сарқынды су тазалау ғимараты жұмыс істейді. Оның қуаттылығы 20000 м³/тәул. Қалада – 38220 абоненттің 12 297 ішінде 17 КНС пен КОС 2014 жылы іске қосылған. Сарқынды су тазалау абоненті сарқынды су желісіне қосылған – 32,2 % құрайды. Оның ғимараты тәулігіне 4,5 — 5 мың куб кәріз суын тазартуда.
Сарқынды су тазалау ғимаратында биотазалау ғимаратын толық жұмыс атқару үшін тәулігіне кемінде 10 мың куб кәріз суы келуі қажет. 10 мың куб су тазалау ғимаратына кәріз суының келмеу себебі қала аумағы кварталішілік абоненттік желімен қамтамасыз етілмеген. Жүргізілген сарқынды су желілерінің басым бөлігі магистралдық құбырлар. Осыған орай, қала көлемін сарқынды су жүйесімен және абоненттік қосылымдармен қамтамасыз ету мақсатында жалпы 14 жобаны іске асыру көзделген.
Қазіргі таңда, 7 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 3 нысан 2023 жылы пайдалануға тапсырылады. Ал 5 нысан республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылып, 2 нысанның жобалау сметалық құжаттамалары әзірленуде. Аталған жобалар толықтай іске асырылған жағдайда қала аумағы 95%, ал 2023 жылдың соңына дейін 36,3% сарқынды су желісімен қамтамасыз етілетін болады.
Кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 32 ,2 пайызға жетті;
Газ жүйесімен қамту көрсеткіші 98 пайызды құрады;

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен...