ШАХАРДЫҢ КЕЛБЕТI МЕН ЭКОНОМИКАСЫ ҚАРЫШТАП ДАМУДА

ШАХАРДЫҢ КЕЛБЕТI МЕН ЭКОНОМИКАСЫ ҚАРЫШТАП ДАМУДА

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков 9 айдың қорытындысы бойынша соңғы бес жылдағы қаланың келбеті адам танымастай өзгеріп, экономикасының қарыштап дамып жатқанына тоқталды.
— Таяуда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңес өткізіп, барлық деңгейдегі атқарушы органдарға жаңа міндеттер белгілегенін білесіздер. Бұл бойынша облыс әкімі Дархан Амангелдіұлы да арнайы мәжіліс өткізіп, тапсырмаларды жүзеге асыру жолдарын талқылап, тетіктерін нақтылады. Тапсырмалар барлық деңгейдегі атқарушы органдарға аса салмақты жауапкершілік жүктейді. Әсіресе, жергілікті табыс көзін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, инфрақұрылым жүйелері мен абаттандыру ісін жетілдіру мәселелері Мемлекет Басшысының тұрақты назарында тұр, — деді әкім.
Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, Түркістанда атқарылған жұмыстар мен кезегін күткен мәселелердің ең өзектісі қала халқының әлеуметтік тұрмыстық жағдайын көтеру болып табылады. Қаладағы кешенді жоспарлар Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 29 қыркүйектегі «Түркістанды түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі бас жоспардың тұжырымдамасын мақұлдау туралы» №762 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылып келеді.
Түркістанның жалпы аумағы соңғы үш жылда 19,6 мың гектардан 22,4 мың гектарға ұлғайып, халық саны 165,4 мың адамнан 225 мыңға адамға жетті.
Қала әкімі жыл басынан бері қала халқымен алты сектор бойынша 96 кездесу өткізген. Алғашқы басқосулар ауа райына байланысты жабық мекемелерде өткенімен, кейінгі кездесулер өзекті мәселелер бойынша ашық алаңда көше тұрғындарымен ұйымдастырылды.
Нәтижесінде 9 айда 925 мәселе көтеріліп, оның 873-і орындалды. Өзге мәселелер қаржы талап етуіне байланысты, қаланың даму жоспарына енгізіліп, жүйелі түрде атқарылатын болады. Бұл бойынша сектор тарапынан түсіндіру шаралары жүргізілуде. Қаңтар-қыркүйек айларында 158 азамат мәселелерімен әкімнің жеке қабылдауына келіп, өтініштерін жеткізді. Көтерілген сұрақтардың басым көпшілігі — тұрғын үйге қатысты. Әлеуметтік сала, инфрақұрылым, жол және қоғамдық көлік, жер саласына байланысты да сауалдар туындап, сараланды. Қабылдау қорытындысымен 196 тапсырма беріліп, орындалды.
«Мемлекет Басшысы өз сөзінде «Елімізде заң мен тәртіп қатаң сақталуы қажет. Заң үстемдігі болмаса, тұрақтылық та болмайды. Ал тұрақтылық жоқ жерде ешқандай даму да болмайды» деген-ді. Осы ретте, ең алдымен барлық талап-тілектің заңдылығы зерделенетінін атап өткенім жөн»,-дейді Нұрбол Әбдісаттарұлы.
Қазіргі таңда қала әкімдігі жанында «Халықтық кеңсе» мен «1310» Бірыңғай байланыс орталығы тұрғындардың өтініштерімен жұмыс істеуде. Сонымен қатар, қала аумағында 6 сектор құрылып, тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста өзекті мәселелерді шешуге өз үлестерін қосуда.
Түркістан қаласында Халықтық кеңсе 2020 жылдың 13 қаңтарынан бастап жұмыс істеуде. 2023 жылдың 9 айында жалпы қызмет алған адамдар саны – 52163 адамға жетіп отыр. Оның ішінде 6200 азаматқа мемлекеттік қызметтер бойынша кеңестер берілген. 38994 азамат «өзіне өзі қызмет алу бұрышына» келушілер болып табылады.
Бұған қоса қала әкімдігіне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайды. Тоғыз айдың қорытындысымен Е-өтініш ақпараттық жүйесіне 3 566 өтініш қабылданған. ИИС ЦОН арқылы — 3403 қызмет көрсетілген.
«1310» Бірыңғай байланыс орталығы шілде айынан бері тұрғындардан қоңырау қабылдауды бастады. Бүгінге дейін 4251 қоңырау түсіп, оның 98,4% шешімі табылды.
Қала басшысының баяндауынша, өзіндік кірістердің көлемі 2022 жылдың қорытындысымен 15,1 млрд.теңге болса, 2023 жылға 19,4 млрд.теңге болып нақтыланды немесе өсім 28,5% пайызды құрады.
Жалпы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қаланы сипаттайтын басты көрсеткіш жалпы өңірлік өнім көлемі 2022 жылдың қорытындысымен 319 млрд.теңгені құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 3,8% өсті.
Оның ішінде өнеркәсіп саласына 6,6 пайызға өсіп, 21,1 млрд.теңге көлемінде атқарылды. Ауылшаруашылық саласына 3,3 пайызға артты. 10,5 млрд.теңге құрады. Орындалған құрылыс жұмыстары 62,9 пайызға жетіп, 200,7 млрд. теңгеге жеткізілді. Тауар айналымы және қызметтерді өткізу көлеміне 27,2 пайызы яғни 86,7 млрд.теңге тиесілі.
2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айына 222,7 млрд.теңгеге жетіп, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 15%-ға артты. Оның ішінде өнеркәсіп саласына 8,5 пайыз 18,9 млрд.теңге жұмсалды. Ауылшаруашылық саласына 3 пайыз 6,8 млрд.теңге тиесілі. Орындалған құрылыс жұмыстары 51,7 пайыз 115,1 млрд. теңге құрады. Тауар айналымы және қызметтерді өткізу көлеміне 36,8 пайызы яғни 81,9 млрд.теңге тиесілі.
Үлкенді кішілі деңгейдегі әкімдердің қызметінің негізгі көрсеткішінің бірі өңірге инвестиция тартуымен өлшенеді.
2022 жылы қала аумағында 304,9 млрд.теңге инвестиция тартылған. Оның 168,6 млрд.теңгесі бюджет есебінен болса, жеке инвестиция есебінен 136,3 млрд.теңге тартылған. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 3,6% өсімді құрады.
2023 жылға инвестиция көлемі 348,9 млрд.теңгеге жеткізілмек. Оның ішінде бюджет есебінен 102,0 млрд.теңге болса, жеке инвестиция 246,9 млрд.теңге болып жоспарланды. Биылғы 9 айдың қорытындысымен 245,8 млрд.теңгеге орындалды. Оның ішінде бюджет есебінен 91,2 млрд.теңге болса, жеке инвестиция 154,6 млрд.теңгеге жеткізілмек.
Өңірдің экономикалық дамуын анықтайтын басты сала – өнеркәсіп саласында 2022 жылы 21,1 млрд.теңгеге өнім өндіріліп өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,7% өсті. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 13,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 6,0 %-ға жеткізілді. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру көлемi 6,0 млрд.теңгенi құрады, сумен жабдықтау 1,8 млрд. теңгенi құрап, 2 есеге артты.
Үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйек айында 18,8 млрд.теңгенiң өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 4,3 % құрады. Өнеркәсіптің басымды саласы өңдеу өнеркәсібінде 12,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 4,5 %-ға жеткізілді. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру көлемi 5,5 млрд.теңгенi құрап, өсім 25,6 пайызға, сумен жабдықтау 1,2 млрд. теңгенi құрап, 7,6% пайызға артты.
Қала аумағында туризм индустриясы кешенді дамып келеді. 2023 жылғы 9 айдың қорытындысымен Түркістан қаласына келуші зияратшылар мен туристердің саны 678,5 мың адамға жетті, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,1% өсті.
Сонымен қатар, 2023 жылы қаңтар-қыркүйек айларында шетелдік туристер саны 6,7 мың адамға жетті. Яғни былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24,1% өсті. Өткен жылдың тоғыз айында 5,4 мың адам болатын.
Ағымдағы жылы қаңтар-қыркүйек айларында орналастыру орындарының саны 58 бірлікті құрады.
2023 жылға 412,6 мың шаршы метр немесе 5 966 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның ішінде көпқабатты тұрғын үйлер – 228,4 мың шаршы метр болса, жеке тұрғын үйлер –184,2 мың шаршы метр болады. Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында пайдалануға берілген тұрғын үй саны 294,0 мың шаршы метрді құрап, яғни былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,5% өсті.
Ал құрылыс жұмыстары 55,0 млрд. теңгеге орындалып, өсім 2% құрады.
Ағымдағы жылы бюджет есебінен 66 үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның 59 үйін жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Ал, жеке инвестиция есебінен 46 үйдің құрылысы жүргізілуде.
Одан бөлек, Түркістан қаласын одан әрі дамыту мақсатында жаңадан салынатын 800 пәтерлі 5 қабатты 20 тұрғын үйдің 56,4 мың шаршы метр құрылысы облигация есебінен, несиелік тұрғын үй басталып, нәтижесінде халық игілігіне 220 мың теңгеден несиеге берілетін болады.
Қазіргі таңда, Түркістан қаласының тұрғын үй кезегінде 16197 азамат тұрғын үйге мұқтаж ретінде тіркеліп тұр.
Оның ішінде әлсіз топ өкілдері-6135, көп балалы отбасы-4662, бюджеттік қызметкер-5198, тұл жетім-200 және жалғыз баспанасы апатты деп танылғандар саны екеу болып отыр.
2022 жылдың қорытындысымен 3155 пәтерді құрайтын 49 үй пайдалануға берілді. Оның ішінде ипотекамен – 2683 пәтер, көп балалы отбасына – 544 пәтер, әлсіз топ – 244 пәтер берілді. Сонымен қатар, кезектегі азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 187 пәтерлерді сатып алуға 1,8 млрд.теңге қарастырылып, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы жүруде.
Қала аумағында аз қамтамасыз етілген және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйелі түрде атқарылуда. Атап айтсақ, 2023 жылдың 9 ай қорытындысымен 3047 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 5525 балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтықтары берілді. Екі Ұлы отан соғыс ардагерлеріне, 416 соғыс ардагеріне теңестірілген, 369 тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік көмек көрсетілді. 4583 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жүйелі түрде әлеуметтік көмек көрсетілуде.
Сонымен қатар, зейнет жасындағы адамдардың салауатты өмір сүруі мен денсаулығына оң жағдай жасау мақсатында 2022 жылы «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» ашылып, сол жылы 774 адамға қызмет көрсетсе, ағымдағы жылдың 9 айында 2172 адамға қызмет көрсетілді. Одан бөлек, аз қамтылған отбасылардың өмір сүру сапасын жақсарту және аналарды қиын өмірлік жағдайлардан ынталандыру мақсатында ағымдағы жылы жанұя «Қамқорлық» орталығы іске қосылып, 2260 қызметтер мен 1358 кеңестер ұсынылды. Бүгінде «ҚАДАМ» білім беру жобасы арқылы 98 азаматшалар білім алуда және 207 азаматша оқу курстарын аяқтады. Ал «НӘТИЖЕ» әлеуметтік жобасы арқылы 98 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылып, 62 тұрғын өз кәсібін ашып, табысқа шықты. Сонымен қатар, «ҚОЛДАУ» қайырымдылық жобасы арқылы 6 қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастырылып, 286 отбасыға және демеушілер тарапынан 53 отбасыға қолдау көрсетілді.
Қаламыздың еңбек индикаторындағы негізгі міндет жұмыссыздық деңгейін төмендету. Бұл бағытта 2023 жылдың ІII-тоқсанында біршама нәтижелі көрсеткіштерге қол жетті.
Жүйелі жұмыстар нәтижесінде «Еңбек» бағыты бойынша 7143 азамат жоспарланса, осы жылдың 9 ай қорытындысымен 6501 азамат белсенді шараларға тартылды. Атап айтсақ, 3679 азамат тұрақты бос жұмыс орындарымен қамтылса, 201 азамат уақытша ұйымдастырылатын әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды.
Сондай-ақ, 535 жас түлек «Жастар практикасымен», 102 жас — алғашқы жұмыс орындарымен, 175 азамат – «Күміс жас» жобасы аясында жұмыспен қамтылса, 1242 тұрғын ақылы қоғамдық жұмыс орындарына жолданды.
Кәсіпкерлікті қолдау шаралары бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі. 150 тұрғынның бастапқы бизнес жоспарларына комиссия шешімімен қайтарымсыз грант қаражаттары берілді. 29 азамат мемлекет тарапынан өз кәсібін ашу үшін шағын несие иегері болды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен...

Өңірлік саясатты жетілдіру және өңірлердің теңгерімді әлеуметтік және экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында вице-премьер Қанат Бозымбаевтың...